Тақырыбы: «Тапқыр достар» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, қазақ тілі, өнер, халық педагогикасы- (мақал-мәтел).
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.
Виолетта: Саламатсыздарда құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушылар. Біз бүгін Қазақ тілі мерекеліп атпалығымызға орай Тапқыр достар атты сайысымызды бастаймыз.
Палина: Сайысқа 3 «Ж» және 3 «Г» класс қатысып өзара сайысқа түседі. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
Виолетта: І тур «Сөз өнері» деп аталады.
(Сайысқа қатысушы оқушылар қазақтың белгілі ақындарының «Тіл туралы» жазған өлеңдерін жатқа орындайды. Ұпай саны 5-10 көлемінде)
Палина: 1- топ «Тұлпар» тобынан – «Тіл құдіреті» атты өлеңі.
2- топ «Домбыра» тобынан – «Қазақ тілі» атты өлеңі , авторы- С.Торайғыров
Виолетта: II тур «Өнерлі бала өрге жүзеді» деп аталады.
(Сайысқа қатысушы оқушылар арасынан өнерлі оқушылар өз өнерін көрсетеді.Ұпай саны 10-15 көлемінде.)
Палина:
топ «Тұлпар» тобынан – Нұртасова Жанелдің орындауында «Мереке» әні.
топ «Домбыра» тобынан – Шабала Люба және Некифорова Иннаның орындауында «Ақ көгершін» әні .
Виолетта: III – тур. «Мақал-мәтел» сайысы.
(Тіл және Отан туралы мақалдар жарысы.) Екі топтың қайсысы қанша мақал білетін көрейік. Әр мақалдың ұпай саны- 5.
Палина:
1- топ «Тұлпар» тобынан – неше мақал айтылады?
2-топ «Домбыра» тобынан – неше мақал айтылады?
Виолетта: IV – тур. «Бәйге» деп аталады.
( бұл кезең бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақтың жауабы 5 ұпайға тең)
Палина:
топ «Тұлпар» тобына –
Жіктік жалғауының III- жағы
Аптада неше күн бар?
Кім ? не? Қай септіктің сұрағы?
Қандай сөзіне мысал келтіріңіз?
«Дәптер» сөзін тәуелдеңіз?
топ «Домбыра» тобына –
Көптік жалғауын атаңыз?
Бір айда неше апта бар?
Кімнің? Ненің? Сұрақтары қай септіктің жалғауы?
Қандай сөзіне мысал келтіріңіз?
«Кітап» сөзін тәуелдеудеңіз?
Виолетта: V – тур. «Ойлан -тап» кезеңі.
(берілген сөз бойыша бірнеше сөздер құрастыру, әр 2 ұпайға тең).
Палина:
1- топ «Тұлпар» тобына – «Қошақандарым»
2- топ «Домбыра» тобына – «Балапандарым»
Виолетта: VI – тур. «Жүйрік ой» кезеңі.
( Берілген сурет бойынша шағын әңгіме жазу. Әңгіме жазылуына қарай 10-15 ұпай беріледі.)
Палина:
1- топ «Тұлпар» тобына – «Қыс мезгілі» суреті.
2- топ «Домбыра» тобына- «Көктем мезгілі» суреті.
Виолетта: Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды. Ұпай санын есептеу үшін әділ қазыларға уақыт береміз. Ал сайысқа қатысушылар Ән ұранымызды шырқаймыз.
Палина: Ендігі сөз кезеңі әділқазы алқаларына беріледі.
Осымен сайысымыз аяқталды келесі сайыстарда кездескенше сау болыңыздар.
№53 орта мектебі
«Тапқыр достар» атты білімділер интеллектуалдық сайыс.
[pic]
Класс : 3 «Г» және «Ж»
Өткізген: Жарылғасынова Г.С
2015-2016 оқу жылы