Торы құлын әдебиеттік оқу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мұғалімнің аты жөні

Башиева Ақбота

2 «Г» сынып

Сабақтың атауы

Торы құлын

Сілтеме

Ана тілі 2 сынып. С.Р.Рахметова,Б.Т.Қабатай,Интернет

Жалпы мақсат

Төрт түліктің бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру,соның ішінде құлын туралы мағұлмат беру.

Негізгі идеясы

Жылқы баласы «Торы құлын» туралы ұғым. Ұлттық тағамдардың құндылығы.

Оқыту нәтижесі

1.Оқушылар өзіндік ойларын жеткізуге білуге үйренеді.

2. Жылқы атауларына байланысты жаңа сөздермен танысып тіл байлықтары қалыптасады.

Тапсырмалар

1.Топқа бөліну

2.Қайта бағыттау сұрақтары

3.Ойлан,топтас,талқыла

4.Бағалау парағы

Әдістер: Ойлан,топтас,талқыла Диалог оқыту

Бес жол өлең

Саулнама

Ой қозғау

«Тәттілер қобдишасы» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

«Жылы лебіз» тренингі

Оқушылармен шеңберде тұрып амандасу.Бір-біріне сәттілік тілеу.

Оқушылар сабаққа дайындалады. Шеңберде тұрып бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2 мин

Сыныпты топқа бөлу

(түстер арқылы топқа бөлу)

Оқушылар 4 топқа бөлінеді

5мин

Өткен сабақты қортындылау

«Төрт түлік туралы жырлар.Қой»

1.Жырды жатқа айту (әр топтан жатқа сұрау)

2. «Тәттілер қобдишасы» әдісі

Оқушылар жырды жатқа айтады және қобдишадағы сұрақтарға жауап береді.

5 мин

Ой қозғау

Жұмбақ шешу

Бейнеролик көрсету арқылы оқушыларды жылқы малымен таныстыру.

Оқушылар интербелсенді тақтадан бейнетаспаны көру арқылы жылқы туралы кеңірек мағұлмат алады.

7 мин

Оқулықпен жұмыс

1.«Торы құлын» жырымен танысу



2.Оқушыларға тізбектей оқыту.

Оқушылар мәнерлеп түсініп оқиды.

10 мин

«Ойлан,топтас,талқыла»

І топ. Қымыздың

пайдасы туралы әңгімелейді

ІІ-топ Жылқы туралы өлең шығарады

ІІІ- топ Жылқы туралы шағын эссе жазады

ІV –топ Жылқының пайдасы туралы әңгімелейді

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды.





Әр топтың оқушылары бірігіп жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар бірігіп талқылап ой бөліседі.

2 мин

Сергіту сәті Оқушыларға «Қара жорға» биін көрсетіп, жасатады.


Оқушылар би әуеніне билеп бойларын сергітеді.

5 мин

Шығармашылық тапсырма

«5 жол өлең» әдісі.

Жылқы

Жүйрік,сұлу

Жүгіреді,шабады,тебеді

Жылқының баласы торы құлын.

Мал

Оқушылар жеке өз бетінше жұмыс жасайды.

3 мин

Жинақтау

Құлынның енесі қалай аталады?

а) Түйе ә) Бие б) Сиыр в) Қой

2.Қойдың төлі......

а)Бұзау ә) Құлын б)Лақ в) Қозы

3.Теріден не тігеді?

а) Етік ә) Алаша б) Көрпе в) Жүн

4.Көлік ретінде пайдаланылатын мал?

а) Қой ә) Бұзау б) Сиыр в) Жылқы

Әр топ оқушылары сұрақтың жауабын жазады.

2мин

Бағалау

Топтарға бірін-бірі бағалату.

Мұғалім бағалайды

Топтар «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалайды

1мин

Рефлексия

Оқушылармен кері байланыс орнату

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып алма ағашына жабыстырады.

Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп





Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырыбы:« Торы құлын»

Ана тілі 2г сынып



[pic] [pic]

Үшінші (базалық )деңгейлiк

курсы бойынша сертификатталган,

бастауыш сынып мұғалімі Башиева Акбота