Математика ашық сабақ 9 санын қосу және азайту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


9 санын қосу және азайту

[pic] Мухамедиева Марал Мырзағалиқызы

Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Жансүгіров ауылы Есмұрат Сиқымов

атындағы орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санға 9– ды қосу кестесін еске түсіре отырып, есептер шығару.

Дамытушылық: Сабақ барысында логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Есептер шығару арқылы сауатты жазуға, тез есептеуге, шапшаң қимылдауға және математикалық амалдарды дұрыс оқуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер, жылжымалы тақта.

Әдісі: сұрақ – жауап арқылы түсіндіру, өздік жұмыстарын орындату.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу – құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару. Оқушылар бір – біріне сәттілік тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: № 6 – тапсырма.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: «Сапарға шыққан достар»

1 – тапсырма:

9 + 9 18 – 9 9 + 8 17 – 9 9 + 7 16 – 9

2 – тапсырма: «Мысыққа көмектесейік»

(9 + 2) – 2 = 9 18 – (7 + 2) = 9 9 + ( 18 + 9) = 9

ІҮ. Қайталау :

1 – тапсырма: Қарлығаш құсы қонақта

Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi.   (Қарлығаш)

Теңдеулерді шеш:

І – қатар: ІІ – қатар: ІІІ – қатар:

х + 9 = 18 18 – х = 9 х – 9 = 9

2 – тапсырма: Тырна құсы қонақта

Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей.    (Тырна)

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

9 саны мен а – ның қосындысы а = 80; 9

а мен 9 сандарының айырмасы а = 89, 18.

Ү. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

3 – тапсырма: Қарға құсы қонақта

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға)

Есепті салыстыр. Оларды шағыр.

А) Электр желісін жөндеушілер 18 м сым әкелген еді. Алдымен олар 7 м, сонан соң тағы сонша метр сым қиып алды. Неше метр сым қалды?

Ә) Электр желісін жөндеушілер 18 м сым әкелген еді. Олар 7 метр сымды қиып алды. Неше метр сым қалды?

ҮІ. Жаңа материалды бекіту:

4 – тапсырма: Жапалақ құсы қонақта

Шұнтиып қос құлағы,

Түнде көрер қырағы.   (Жапалақ)

Өрнектерді салыстыр:

4 + 7 * 13 – 6 6 + 7 * 8 + 8

5 + 6 * 14 – 8 15 – 9 * 11 – 7

18 – 9 * 14 – 5 12 – 6 * 8 + 4

ҮІІ. Үйге тапсырма: 85 – бет, № 4 – тапсырма: Есепті салыстыр. Оларды шағыр.

ҮІІІ.Бағалау.