Менің ұстаздарым /2 кл/

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп: №10 ЖББОМ

Мерзімі: 15, 17, 19, 20 – 10. 2016 ж

Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»,

Тақырып: Менің ұстазым

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашыр болу, құрметтеу, сыйлау.

Сабақ: № 7

Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту, олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау. 

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру. 
2. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге насихаттау;
3. Оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу
;

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

[pic] І. Ұйымдастыру кезеңі [pic]

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

Жарқын жүзді ұстазым 
Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы
 
Әнін жазған:И.Нүсіпбаев
 
Келгенімде алдыңа,
 
Қызыл арай гүл алып,
 
Жақын тарттың жаныңа,
 
Шәкіртім деп қуанып.
 
Сипадың да басымнан,
 
«Әліппені» ұсындың.
 
Бақытымның осыдан
 
Басталғанын түсіндім.
 
Мейір толы көзіңде,
 
Кім бар сенен шыдамды.
 
Шалыс басқан кезімде,
 
Кешірерсің кінамды.
 
[pic] ІІ. Тыныштық сәті

"Ғажайып жер"

[pic] ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • 6-сабақ, 25- бет. Білім туралы коллаждарын жинап алу.

  • Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

  • Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер ?

Сабақ барысын талдау



[pic] ІV. Дәйек сөз

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Халық даналығы

  • Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

  • Барлығы қосылып 1 рет айтады.


[pic] V. Мұғалімнің сыйы

Өнерлі жігіт (аңыз) 
Әл-фараби бір күні базарға барса,бір жас жігіт тісімен шеге суырып,әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен.оны көрушілер риза болып,тиын-тебен тастап кетіп жатады.Әбунасыр одан:
 
-Күніне қанша табасың?-деп сұрайды.
 
-Екі дирхемге жетер-жетпес қана.
 
-Онда сен бұл өнеріңді таста.Маған ер,мен саған оқу үйретемін,күніне төрт дирхем беремін,-деп оны ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:
 
-Мына диуана,дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып,әрі оған төрт дирхе төлегені енесі?-деп күліпті.
 
Кейін сол бала ғалым болыпты деген сөз бар.
 
*Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?
 
*Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?
 
*Білім адамға не үшін қажет?
 р?




[pic] VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)

1.Суретке қарап ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер. 
2. «Менің ұстазым» тақырыбына әңгіме құрастыр.
 
V. Жаңа ақпарат
 
Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп,адамгершілік нұрын төгеді.Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін үйретеді.адамдардың айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады,өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.
 
Тапсырма ( төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер)
 
*Мұғалім- білім беруші.
 
*Мұғалім-көмекші.
 
*Мұғалім –қамқоршы.
 
*Мұғалім-ақылшы.
 
*Мұғалім-сенімді дос.
 
VІ. Бақша ағаштары Ы.Алтынсарин (үнтаспадан тыңдату)
 
*Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде?
 
* Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
 
*Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
 


[pic] VІІ. Топпен ән айту. "Бақытты балалық шақ"

Сөзін жазған: Ж.Тұрбеков

Әні:Ә.Еспаев


[pic] VІІІ. Үйге тапсырма [pic]

  • 8-сабақ, "Ұстазға сыйлық" өз қолдарыңызбен құттықтау хат жасау.


[pic] Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!



[pic] Соңғы тыныштық сәті

  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!














































Мектеп: №10 ЖББОМ

Мерзімі: 22, 24, 26, 27 - 10. 2016 ж

Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»,

Тақырып: Менің ұстазым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, ұстаздарды бағалау, оқуға қызығушылық.

Сабақ: № 8

Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты оқушылардың сыйластыққа, еңбекке, білімге құштарлығын арттыра отырып дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

* Білімнің, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

* Оқушылардың ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

*Оқушылардың мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

[pic] І. Ұйымдастыру кезеңі [pic]

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі


[pic] ІІ. Тыныштық сәті

"Нұрға бөлену"

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

[pic] ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • "Ұстазға сыйлық" өз қолдарыңызбен құттықтау хат тарын жинап бағалау.

Сабақ барысын талдау



[pic] ІV. Дәйек сөз

«Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады»


Абай Құнанбаев

Оқушылардың өз ұстаздарына деген сыйластық қарым – қатынасын дамыту мақсатында дәйексөздің мәнін ашып, оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру.

  • Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

  • Барлығы қосылып 1 рет айтады.


[pic] V. Мұғалімнің сыйы

Ұстаз бен шәкірт

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.

Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.

Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:

Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.

Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.

Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:

Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.

Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.

  • Ұстазы шәкіртінің бойынан қандай шабытын байқады?

  • Бұлбұлдың бойынана қандай сенімділікті байқадыңдар?

  • Ата-ана мен ұстаздың арасындағы әңгіме не жайлы?

  • Ұстаз Бұлбұлдың іс-әрекетінен дер кезіңде кемшілігін коруінің себебі неде?

  • Ұстаздың қатал талабына шыдау керек пе?Неліктен?

  • Бұлбұл бойындағы жаман қасиеттерден қалай арылды?

  • Бұлбұлдың орнында болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңдер?


Талдау барысында оқушының бойындағы шабытын шығару үшін ұстаздың шеберлігі, көрегендігі және дер кезінде оқушылардың құндылықтарының дамытуға назарын аудару.


Енді, ұстаздың бойындағы қасиеттерін анықтау үшін «Үзілмейтін түйін» сергіту – жаттығуын жасау. Жаттығу шарты бойынша «Ұстаз» сөзінде қанша әріп болса, сол әріптердің алғашқы дыбысына сын есімді келтіре отыра түйін жасау. Мысалы: бірінші әріп «Ұ» - ұлағат т.с.с





[pic] VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)


Тапсырма: «Менің-ұстазым» тақырыбына шағын шығарма жазу.



[pic] VІІ. Топпен ән айту. Ұстазым, менің ұстазым





Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.


Қайырмасы:

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!




[pic] VІІІ. Үйге тапсырма [pic]

  • Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары» Дәптерден №7 сабақ


[pic] Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!



[pic] Соңғы тыныштық сәті

  • Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық. Сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет. Көздеріңді ашуға болады.

  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!