сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып. оқу құралы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мектеп туралы түсінік беру, сыныппен таныстыру, Жаңа оқу жылында қажетті оқу құралдарды айтып өту.
Көрнекілік:Суреттер. Оқу құралдары
Қолданылған әдіс- тәсіл: Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың типі: Дәстүрлі, аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды білім күнімен құттықтау.
ІІ. Оқулықтағы бірінші сурет бойынша сұрақ- жауап.
Балалар қайда жүр?
Неше ұл бала, неше қыз бала?
Қыз бала не істеп жатыр, ал ұл бала ше?
Тақтаның алдында нелер тұр?
Қыз баланың қолында не бар?
Ұл бала не көтеріп бара жатыр?
Екінші сурет бойынша
Мыны суретте нелерді көріп отырмыз?
Тақта бізге не үшін қажет?
Парта, бор, орындық нелер үшін қажет?
Қыз бала ненің алдында отыр?
Үшінші сурет бойынша
Төртінші сурет бойынша әңгімелері тыңдалады
Оқушылардың әңгімелері тыңдалады.
ІІІ. Сабақты қорыту.