-Балалар, сендер қазір «Ойлан, тап!» бағдарламасының 3-ші бөлімін тамашалайсыңдар. Бұл бөлімде оқулықпен жұмыс жасаймыз. Василий Сухомлинский 1918 жылы,28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген. Ол Палтава педагогикалық институтын 1936 жылы бітіріп, орта мектептерде мұғалім болған.Сухомлинский–педагог.Оның «Ұлыма хат», «Ата-аналар педагогикасы» т.б. шығармалары бар. Нағыз адам Аптап. Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады. Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп. шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті. -Бұл не қылған адам?- деп сұрады немересі атасынан. -Бұл адам емес, -деді атасы. Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты.Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті. -Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан. -Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы. Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып. арқанға байлады Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді. -Бұл қандай адам? - деп сұрады немересі. -Міне, бұл - нағыз адамның өзі, -деп жауап берді атасы. В.Сухомлинский Біздер бүгінгі сабақта «Нағыз адам» тақырыбында жазылған әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің авторы –В.Сухомлинский 1-топқа сұрақ -Не себептен атасы 1-ші келген кісіні «Бұл адам емес» деді? 2-топқа: -Атасы неліктен тағы да келесі адамды «Бұны да әлі адам деуге болмайды» деп жауап берді? 3-топқа: -Атасы құдық басына келген соңғы адамды неліктен «Нағыз адам» деп санады? (Оқушылардың пікірін, болжамын тыңдау) -Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті? -Екінші келген адам неліктен шелегін тастамай кетті? -Үшінші адам неліктен шелегін тастап кетті? Сергіту сәті «Буги-буги» биі арқылы сергіту 1-топ. Рөлмен сомдау 2-топ «Венн» сызбасы 3-топ «РАФТ» әдісі Р-роль-Бала А-аудитория-құдықтан су алған кісі Ф-форма-алғыс хат Т-тақырып- сіз нағыз адамсыз
|