Тәтті жүзім ҚМЖ 1сынып Еңбекке баулу пәні

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:

«Тәтті жүзім». «Сладкий виноград»

«Sweet grapes»

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 29.04.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Танатаров Нуртас Тлепович

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

қатыспағандар:

Оқыту мақсаты:

1.2.1.3. Геометриялық фигураларды, көркемдік безендіру элементтерін пайдалана отырып, заттардың симметриялы орналасуын, кеңістіктегі қатынасын, өлшемін ескере отырып, берілген тақырып бойынша аппликациялар жасау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

домалақтау техникасын пайдалана отырып, қағазбен жұмыс істей алады;

қағаз бүктеудің қарапайым тәсілдерін пайдалана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

домалақтау техникасын пайдалана отырып, қағазбен мақсатты жұмыс істей алады;

қағаз бүктеудің қарапайым тәсілдерін ажырата және пайдалана алады.

Кейбір оқушылар:

домалақтау техникасын пайдалана отырып, қағазбен мақсатты жұмыс істей алады;

қағаз бүктеудің қарапайым тәсілдерін ажырата және пайдалана алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бөлшек элементтерінің симметриялы орналасуын ескере отырып, қағаз бүктеу тәсілдері туралы сұхбат жүргізе алады.

Негізгі сөздер мен фразалар:

Жүзім, жүзімнің сабағы, мейіз.

Көптілділік сәті: тәтті жүзім – сладкий виноград – sweet grapes.

Диалог/жазу үшін пайдалы лексика және терминология:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қағаз бүктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

  2. Майлық қандай материалдан жасалады? /қағаз, мата/мақта, льен/

  3. Майлық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Диалог/жазу үшін пайдалы сұрақтар:

  1. Жүзім өсетін шыбықтар қалай аталады?

  2. 2. Жүзімнің геометриялық нысаны қандай?

  3. Қолмен шеңбер салып көр.

Себебін айта аласыңдар ма …?

  1. Не себепті кептірілген жүзімді мейіз деп атайды?

  2. Жүзімнің адам ағзасына пайдасы қандай?


Алдыңғы білім

Табиғи материал, қағаз, ермексаз, пластик, фольга, қармақ бауының қасиеттері, конструктор жинау.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, ағылшын тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Ресурстар

Еңбекке баулу пәнінің оқулығы. Картон, майлық, желім, қайшы.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Амандасу.

10.25.-10.26мин

1 мин.

Оқушылармен амандасу. Балалардың көңіл-күйлерін сұрау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


Қызығушылықты ояту

10.26.- 10.30.мин

4 мин.




Психологиялық оң көңіл-күй қалыптастыру . Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өтіп едік.Оқушылар жауабын тыңдау.

Олай болса қазір «СИҚЫРЛЫ ҚАПШЫҚ» ойынын ойнаймыз.. Қапшық ішіне әртүрлі жеміс-жидектер салынады. Бір-бірден оқушыларды шақырып қолды қапшық ішіне салып, оның қандай жеміс немесе көкөніс екенін анықтау тапсырылады. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы оқушыларды анықтау.

Бұл қандай жеміс немесе көкөніс? Қайда өседі? Оның пішіні қандай? Ол қатты ма, әлде жұмсақ па? Оқушылар жеміс-жидектер мен көкөністерді анықтап қасиеттерін айтып береді.

Сиқырлы қапшықтан жүзімді шығару. Жүзімнің сабаққа қатысы бар ма екені оқушылардан сұралады.

Оқушылар жауаптары.


Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

10.30.-10.35.мин.

5 мин.






Сабақтың тақырыбы: «Тәтті жүзім» . Сабақтың мақсаты: Домалақтау және бүктеу техникасын пайдалана отырып қағазбен мақсатты жұмыс жасау. Жүзімніңүлгісін жасау.

Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Жүзімнің барлық бөлшектері – жемісі, жапырақтары, сабағы пайдалы.

Оқушыларға сұрақ қою:

Балалар жүзімнен не жасауға болады?

Жүзімнің түстері қандай болады?

Ал, кептірілген жүзім неге айналуы мүмкін?

Жүзімнің адам ағзасына қандай пайдасы болуы мүмкін?

Сен жүзімді қандай материалдан жасар едіңдер?


Иә, дұрыс айтасыңдар. Жүзімнен  [link] , мармелад жасайды, ал жүзімнің сүйегінен емдік май жасалады. Жүзімнің құрамында көптеген жеңіл сіңірілетін дәрумендер бар, мысалы, А.В1, В2 дәрумендері, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер ба.

Слайд көрсету. Слайдта жүзім түрлері бейнеленген. [pic]








Тірек білімді өзектендіру.

10.35.-10.37. мин.

2 мин.

Балалар енді біз жүзім сөзін үш тілде айтып көрейікші. Үш тілде жазылған сөздер тақтада ілулі тұрады. Мен өзім дауыстап айтамын, оқушылар менімен бірге қайталайды. Енді қатар - қатар бойынша жүзім атауын үш тілде қайталап айтып көрейік.

1 қатар қазақша «Тәтті жүзім»

2 қатар орысша «Сладкий виноград»

3 қатар ағылшынша «Sweet grapes», «Суит грейпс»

Тәжірибелік бөлім.

10.37.- 10.42.мин.

5 мин.














Ортаға стол үстіне жүзім және мейіз қойылады. Оқушыларды ортаға шақырамын. Жүзімді қолға алып, көріп, қасиеттерін атаймыз.

Көру: жүзімнің түсі, өлшемі, тығыздығы бар ма?

Ұстап көру: жүзімнің беті қандай? Балалардың жауаптары.

Жүзім кепкен кезде болатын өзгерістермен салыстыр. Балалардың жауаптары.

Кепкен жүзімді умаждалған қағазбен немесе майлықпен салыстыруға болады ма? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Оқушылар жауаптары.

Жүзімнің қасиеттері туралы қорытынды жасаймыз:

1. Жүзімнің түсі, нысаны, өлшемі, тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін.

2. Иісі болады, иістендіруге болады.

3. Жүзімнің беті тегіс.

4. Кептірілген кезде қасиеттерін өзгертеді.

[pic] [pic]







Қауіпсіздік

ережесі

10.42.-10.43мин.

1 мин.

Қайшымен және желіммен жұмыс істеген кезде қандай ережелерді сақтау керек?

Балалардың жауаптары.


Практикалық бөлім.

10.43.-10.58. мин.

15мин.

  • Балалар жүзімді қандай материалдан жасауға болады?

  • Қағаздан жүзім үлгісін жасауға болады ма?

Қазір біз домалақтау және бүктеу техникасын пайдалана отырып, майлықтардан жүзім жасаймыз.

Домалақтау – умаждалған қағазды саусақпен өзекшенің айналасына шиыршықтап домалатып негізге жапсырамыз. Ресурстарды үнемдеп және ұтымды пайдалануымыз керек.

Ол үшін:

1. Күлгін көк түсті және жасыл түсті майлықтарды ал.

2. Майлықтарды текшелерге бөл.

3. Күлгін көк түсті текшелерді умажда.

4. Жасыл түсті текшелерді суретте көрсетілгендей бүкте.

5. Домалақтар мен жапырақты негізге жапсыр.

Практикалық жұмысты орындаған кезде оқушылар өз білімі мен бақылау нәтижелеріне сүйенеді, орындаған жұмысын безендірудің қарапайым тәсілдерін қолданады, шығармашылық таңдау жасай бастайды.

[pic]











Оқушылардың жұмысын презентациялау.

10.58.-11.05.мин.

7мин.

Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныптастары алдына шығып, қалай жасағаны туралы түсіндіріп береді. Ол үшін «Балмұздақ таяқшалары» әдісін пайдаланамын. Ыдыстан қатарлары бойынша үш оқушының аты жазылған таяқшаны суырып алға шығарамын. Олар өздерінің жұмыстарына таныстырылым жасайды.


Рефлексия

11.05.-11.08. мин.

3 мин.

Балалар сонымен біз бүгін қандай тақырыпқа жұмыс жасадық?

Сендерге жүзім жасаған ұнады ма?

Сабақта жүзім жасау қиын болды ма, әлде жапырақ жасаған қиын болды ма?


Бағаларды түсіндіру.

11.08.-11.10.мин

2 мин.

«Смайл» әдісі. Оқушылардың әрқайсысында смайл (бет-әлпеті байсалды, күлімдеген, көңілсіз) бар, смайлдарды сабақ қорытындысы бойынша қаншалықты меңгергенін білу үшін қолданамын.

Күлімдеген – барлығы түсінікті, қызықты. Байсалды – көбірек білгім келеді.

Көңілсіз – барлығын түсінбедім. Қорытынды бағалау. Оқушыларға сабаққа жақсы қатысқандары үшін рахмет айту

Сабақтың соңы.

Жұмыс орнын жинау.

Қосымша ақпарат


Дифференциациялау – қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғарырақ оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарладыңыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент).

Мұғалімнің рефлексиясы.

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Осы бөлімді сабақты рефлексиялау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағанда берілген сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.












Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?(оқытуға және үйренуге қатысты)



Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?