І. Сыныппен сәлемдесу Сынып оқушыларын 3 топқа отырғызу: 1.«Каспий» банкі 2. «Халық» банкі 3. «Еуразия» банкі ІІ. Психологиялық сәт. - Аман болып бәріміз, Атсын күліп таңымыз! Оқып, біліп өсейік, Сұлу болып жанымыз. Сәлеметсіздер ме апайлар! Сәлеметсіңдер ме балалар!
Бүгін алғыр, білімділер, Бар өнерін ортаға салады. Қай топ тапқыр болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. «Математикалық диктант» І-топ: 1.Қосудың компаненттерін ата 2.Ең үлкен біртаңбалы сан 3.Бір аптада неше күн бар 4.4 санынын көршілерін ата 5.1-ші қосылғыш 5, 2-ші қосылғыш 3, қосындынын мәнін тап.
ІІ-топ: 1. Азайтудың компаненттерін ата 2. Ең кішкентай екітаңбалы сан 3. Бір айда неше күн бар 4. 6 мен 8-дің ортасындағы санды ата 5. 1-ші қосылғыш 2, қосындынын мәні 4, 2-ші қосылғышты тап .
ІІІ-топ: 1. Азайтудың нәтижесі 2. Ең кіші біртаңбалы сан 3. Төртбұрышта неше төбе бар? 4. Азайғыш 7, азайтқыш 2, айырманын мәнін тап. 5. 1-дің көршілерін ата.
| Мұғаліммен сәлемдесу Оқушылар топқа бөлініп, өз орындарына отырады
Өз көңіл-күйлерін білдіреді. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар бірігіп ойша математикалық шығарады.
|