Пән: Өзін - өзі тану
Сынып: 2 «А»
Күні: 25.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала
Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: Білімділік: Кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, дәптер, оқулық7
1. Шаттық шеңбері. Шаттық шеңберінде мұғалім оқушлармен амандасып, төмендегі А. Бейсембайдың өлең жолдарымен сабақты бастауды ұсынады:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
2. Үй тапсырмасын тексеру. Р. Әбілқадырованың «Кешірім» әңгімесін мазмұндау, сахналап көрсету.
- Балалар өз қателіктерін түсінді ме?
- Балалардың жасаған әрекеттері туралы не айта аласыңдар? Балалар дұрыс жасамады,....
-Атай балалардың қылығын кешірді ме?
-Жақсы ,олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақ, қане кім айтады?
-Кешірім жайында
-Кешірімді болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
-Мейірімді, қайырымды, ақкөңіл болу керек.
-Досыңды ренжіткен кезде өзің алғаш қадам жасап кешірім сұраған кездерің болды ма?
- Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Кешірім – ізгіліктің белгісі.» Халық даналығы.
3. Жаңа ақпарат. Оқулыққа қарайық
-Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа ақпараты:
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
-Дәптерімізді ашып бүгігі күнді жазып дәйексөзді көшіріп алайық.
«Кешірім – ізгіліктің белгісі.» Халық даналығы.
Оқулықта жағдаяттар берілген екен, сахналап көрсетіп, талдайық.
4.Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау.
-Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті.
-Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады.Арсен болса қашып кетті.
-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.
-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.
Балалар кімнен қалай кешірім сұрауға болады? ( Әр оқушының ойын тыңдап көру)
-Сергіту сәті:
Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)
Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)
Құстай қанат қағамыз. (қолдарын жайып, қанат қағады.)
-Мәтінмен жұмыс: Автобуста. Ә.Шынбатыров
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам көп. Бірі мінсе,бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен апам екеуіміз кірдік
- Мұнда отырыңыз,-деп менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
- Рақмет, балалар! – деді анам отырып жатып.
-Апа, ,рақметті не үшін айттыңыз?
- Кішіпейілдігі үшін.Сен де солардай бол! Үлкенді сыйла .Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады.
Сәлден кейін базарға жеттік.
-Балалар, мәтінді тізбектеп оқып жіберейікші. ( балаларға оқыту)
-Әңгімеден қандай ой түйгендеріңді білу үшін , ойын –жаттығу орындайық. Ол үшін
«Күннің көзін бұлттан арылту» керек.
(Алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннің макетін дайындау. бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.)
— Апасы мен баласы қайда келе жатты?
— Автобустың ішінде нендей жағдай болды?
— Анасы балаларға не үшін рақмет айтты?
— Анасы баласына қандай бол деді? ( үлкенді сыйла, кішіпейіл, қайырымды бол деді)
— Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?Өз ойларын тыңдау
-Жарайсыңдар!
- Назар аударыңдар.
Оқулықта Алпамыс пен Махаббат кеңесіне назар аударайық. — Кешірімді болу деген не?
-Қане кім оқиды?
— Кешірім жасау — татуласуға бірінші қадам жасау;
— Кешірім жасау — кішіпейіл болу;
— Кешірім жасау — қателікті мойындау;
— Кешірім жасау — өзара түсінісу;
— Кешірім жасау — ренішті ұмыта білу.
Тапсырма:
«Досым көп болсын десең ...» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар. ( бірнеше балаға оқыту)
сөзі : С Молдасанұлы , әні : Ф Жолдасова
Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған
Кел достарым , әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атмекен, қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батамен көркейсін,
Ұлы Отаным , тілегім сол менің де.
Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуымен де қорытындылауға болады.
Страница 1 из 6
Мектеп №142 орта мектеп Мерзiмі:__03.12.2015ж. №_____
Тақырып Кешірімді бала – кішіпейіл бала
Құндылық дұрыс әрекет Қасиеттер :кішіпейілділік, мейірімділік,
адамгершілік
Мұғалiм Сутенова Индира Нысанғалиқызы Сыныбы: 2 Оқушылар саны:15
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кешірімді болу,
кішіпейілділік ұғымы жайлы түсінік беріп,дұрыс әрекет
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Кішіпейілділік, кешірімділік ұғымы жайлы түсінік беру
- Оқушылырдың бойында кішіпейілділік, кешірімді болу
дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу .
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео
жазбалар)
Дәптер,оқулық,
аңыз,бұлт,күн
бейнесіндегі қағаздар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру
2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз
Ескерту:
Страница 2 из 6
нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі
ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің
денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі
нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы
бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге оқулықтағы 43-44 беттегі Р. Әбілқадырованың
«Кешірім » әңгімесін оқып келу берілген.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Көше сыпыратын атайдың ауруханаға түсуінің себебі
неде?
2. Тұрсын неге мазасызданды?
3. Қарт балаларға қандай кішіпейілділік танытты?
4. Кешірімді болу қасиеті сендердің бойларыңда бар ма?
Страница 3 из 6
5. Досыңды ренжіткен кезде өзің алғаш қадам жасап
кешірім сұраған кезің болды ма ?
6.Кешіре білу үшін адамның бойында қандай қасиеттер
болу керек деп ойлайсыңдар?
1. 4. Дәйексөз
«Кешірім – ізгіліктің белгісі».
Халық даналығы
Бірінші ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту.
Дәйексөздің мағынасын ашу.
Дәптерге жазып алу.
5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
«Көк ту және достар» мультфилмі.
Жебе киностудиясы шығарған.
Мультфилм желісі бойынша сұрақтар:
- Мағжанның Димаға жасаған әрекеті дұрыс па?
-Ол өз қателігін мойындады ма?
-Атасы Мағжанға қандай ақыл айтты?
- Кешірімді болу дұрыс әрекет пе?
- Өздерің достарыңды ренжіткен кезде кешірім
сұрайсыңдар ма?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. « Бұлттан шыққан күн »
Тақтаға күн тәріздес және бұлт түріндегі қиылған түсті
қағаздар жапсырылады .Бұлт пішіндегі қағаздарға сұрақ
жасырылады . Сұрақтар :
- Досыңды ренжіткен кезде қандай сезімде боласың?
- Өз қателігіңді түсініп, одан кешірім сұраған кезде өзіңді
қалай сезінесің ?
Страница 4 из 6
- Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер
- Кешірім сұраудың достықты сақтап қалған кезі болады
ма ?
- Кішіпейіл адамның қандай қасиеттер болады ?
- Өздеріңнің кешірім сұраған кезің жайлы айтып беріңдер
Балалар бұлттарды алып , ондағы сұрақтарға жауап беріп
болған соң, бұлт астынан жарқырап күн шығады .
(Жарайсыңдар, балалар! Барлығымыз да осылай әрдайым
сабыр сақтап, айналадағы жақындарымызды жақсы күйге
бөлесек біздің жан-дүниеміз де осы күндей жадырап жүреді )
Дәптермен жұмыс :
Жағдаяттарды талдау, сахналап көрсету.
- Оқушы мұғалімді қағып кеткені.
- Оқушының сабаққа кешігіп келуі.
7.Топпен ән айту.
«Бала тілегі »
сөзі : С Молдасанұлы
әні : Ф Жолдасова
Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған
Кел достарым , әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атмекен, қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мүңаймасын ешбір бала елімде.
Страница 5 из 6
Ата берген батаменен көркейсін, 2рет
Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
8.Үй тапсырмасы
Келесі «Келісім түбі- жарастық» тақырыбындағы дәптермен
жұмыстағы №1 тапсырма . (орындалу барысы түсіндіріледі)
9. Соңғы тыныштық сәтi Жағымды күйге келу
-Балалар, енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар
мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне
апарып орналастырайық. Әрбір атқарған істеріңде,
достарыңмен , жақындарыңмен жасаған қарым -
қатынастарыңда кешірімді, кішіпейіл болып, айналаларыңа
нұр шашып, өз орталарыңа жақсылық жасап жүрген
қуанышты сәттеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер ....
- Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап,өміріміз
тыныштыққа толы болсын! Рахмет! Көздеріңді аша
қойыңдар
Страница 6 из 6
Страница 5 из 6
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Адамдарға кешіріммен қарайтын
Жан жылуы жылылық боп тарайтын
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын
Кешірімді баламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құстай қанат қағамыз.
1.Бақыт тілеймін.
2. Сабағыңды жақсы оқы
3.Үлкенді сыйла
4.Достарың көп болсын
5.Достарыңа көмектес
6.Мейірімді бол
7.Тәртіпті бол
8.Аспанымыз ашық болсын
9.Қайырымды бол
10.Кішіпейіл бол
11.Үлгілі бала бол
12.Ата –анаңды сыйла
13.Кешірімді бол
14.Күніміз жарық болсын
15. Кішіге көмектес
16.Әдепті бол
17.Ақылды бол