Әдебиеттік оқу . 4-сынып .
Тақырыбы: Бата.
Мақсаты:
а) білімділік:Бата туралы әңгімелеп бере отырып ,батаның түрлерін, батаның қасиетін ұғындыру.
ә) дамытушылық: ойлау,сөйлеу қабілетін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: еңбекқорлыққа,батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу,имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ой қозғау, топтастыру,өзін-өзі бағалау т.б.
Көрнекілігі: слайд,постер,суреттер, кестелер,бейнежазба
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту. 1 мин
Психологиялық ахуал. Тренинг (оқу-ң көңіл күйін тексеру)
*-жақсы (қолдарын көтеріп, шапалақтайды)
*- көңіл күйлері көтеріңкі (бір-бірін құшақтайды)
*- орташа (отыра қалады)
*- тамаша «қол алысады)
*- өте жақсы (бас бармағын көрсетеді)
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Ұранымыз: Жаңа ғасыр ұланымыз, жақсы оқу ұранымыз!
Алтын ережені еске түсіру
Оқу шаттығы: (оқулықтың кез - келген бетіндегі мәтінді 2 минуттық ызыңдап оқу.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1-2 мин
Бала көбелек туралы мультфильм сценарии құрастырып жазу немесе сурет топтамасын сал.
-Бала Көбелек бейнесі арқылы жазушы қандай ой айтпақ?
- «Өмір бойы аспанда қалықтап жүріп, жерге әсте түспес едім» деген сертінде тұра алды ма?
- Бала Көбелек нені аңғара алмады?
- Көбелекке қандай мақал айтар едіңдер?
ІІІ. Миға шабуыл. Жұмбақ 2 минут
Бесік Асық Тұсау кесу
Сәбиге сәнді үй
Әжеге ән мен күй. (Бесік)
Кез-келген жыл мезгілінде ойнауға болатын табиғи зат. (Асық)
Сәби қаз-қаз баса бастағанда жасалатын ғұрып. (Тұсау кесу)
Мол болсын деп тіленетін түс. (Ақ)
-«Бата»дегенді қалай түсінесіңдер?
Бата не үшін беріледі?
Батаны кімдер береді?
Бата туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.
Махмут Қашқаридың қанатты сөзіне назар аудару.
Бата түрлерімен бірге танысайық. Мұғалім түсіндірмесі: Бата. 5 минут
«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Батаның негізі үш түрі бар:
Ақ бата;
Теріс бата;
Серттесу (Баталасу);
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу.
Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып бата берген.
Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық асиеттің белгісі деп таниды.
Іштей оқып мәтіндерді әр топ.Әр топ 3 сұрақ дайындаймыз.
Бейнежазбадан «Қыз Жібек» фильмінен үзінді, теріс батаны,ақ батаны, көрсету. 2-3 минут
ІҮ. Жаңа сабақ:
Мәтінмен жұмыс. 5 минут
Мәнерлеп оқимын.
Түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Сөздік жұмысы.(Дәптерге жазу)
Шөптің басын сындырмау – түк істемей жату.
Пұл- табыс, ақша
Қауқар – күш,
Пенде - жан, адам
Өңі – түр-тұрпаты
Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою. (Дәптерге)
Сергіту жаттығуын жасату. 2 минут
Ү.Оқулықпен жұмыс.
Әр топ 1 бөлігін дауыстап оқу. 2 минут
3.Ой қозғау.
Кестемен жұмыс: 3 мин
Тапсырма: 6 минут
І топ ---Бата сөзіне ассосиация құру
ІІ топ--- Өз ойынан бата құрау
ІІІ топ-------көрініс көрсету.(дастархан басындағы бата)
Әр топты қалған 3топ бағалайды.
ҮІ. Сабақты бекіту. 3 минут
- Суға, отқа тасталған ақша мен үшінші рет отқа тасталмақшы болған ақшаның айырмашылығын бала қалай бағалады?
- Оқиға кейіпкерлерінің әрекеттеріне баға бер.
- Егер сен баланың әкесінің орнында болсаң, Мәселені қалай шешер едің?
ҮІІ. Кері байланыс (рефлексия) 1 минут
Ертегі – өлеңнің негізгі ойына сай мақал-мәтел жаз.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 1 минут
1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Өзіңе ұнаған бата жаттау.
ҮІІІ.Қорытындылау. 1 минут
Бата тыңдау.(бейнежазба)
IX. Бағалау. 5 минут