Есет батыр атындағы мектеп бақша
Ашық сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Қар жауып тұр.
Құрманбай Толыбаев.
[pic]
Өткізген: Есетова А.С.
Сыныбы: 3 «А»
2014 ж
Күні:24.12.2014. Пәні:әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қар жауып тұр. Құрманбай Толыбаев.
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұны арқылы табиғат пен адам өмірінің байланысын сезінуге жол салу.
1.Білімділігі:қар, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейте отырып, талдауға, сипаттауға, әңгімелеуге жаттықтыру.
2.Дамытушылығы: оқушыларды бір – бірімен тіл табысуға, бір-бірінің ойымен санасуға үйрету.
3.Тәрбиелігі: табиғаттың төрт мезгілінің өзінше ерекше құбылыстарының кереметін бақылау арқылы оны бағалай білуін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, таныстыру. т.б.
Сабақтың көрнекілігі:қыс көріністері, қар түрлерінің суреттері, автор портреті, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қарап шығу.
-Балалар, бүгінгі сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында, бір-бірімізге алғыс, тілек, ризалық сөздер айтудан бастайық.
слайд.
Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ.
-Тақтадағы ребустың шешуін тауып көрелік:
2- слайд.
[pic]
«Қар жауып тұр»
Ребустың шешуін хормен айтқызу. Оқулықты ашып, дәптерімізге
1.
бүгінгі күнді жазамыз.
Желтоқсанның жиырма төрті.
Қар жауып тұр.
Құрманбай Толыбаев.
1926 жылы 14 сәуірде Алматы облысында туған. Құлжа қаласында ұйғыр мектебін бітіріп, сонда қазақ мектебінде мұғалім болады. 1948 жылдан бастап Құлжа, Үрімші қалаларында қазақ тілінде шығып тұратын газет – журналдарда жұмыс істеген. 1955 жылдың тамыз айында атамекеніне оралып Алматыда баспаханада, баспада корректорлық қызмет істеген. Шығармалары: «Достық дауысы», «Жырға сапар», «Жас дәурен», «Бел-белестер», «Жыл-он екі ай», «Алтын сандық». 2004 жылы өмірден озды.
Үлпек қар қар көшкіні
[pic]
Кір қар қар жауды
Ұлпа қар қар түйіршіктері
Жапалақ қар
Қар жауғаннан кейінгі көріністерді тамашалайық.5-слайд.
[pic] [pic] [pic]
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей отырып оқу.
IV. Дәптермен жұмыс:
V. Сөздік жұмысы: 6-слайд.
Тошала – төбесін шатырша етіп жапқан азық-түлік сақтайтын шағын үй.
2.
Сергіту сәті. 7- слайд.
Боран соғар оң ...,
Боран соғар сол ....
Қар лақтырып ...,
Су өтеді.... .
VI. Шығармашылық жұмыс:
Өлең жолдарындағы сұраққа жауап беру арқылы өлең құрастыру.
Қар жауады қалай?
Кімдер жүр шапалақтап?
Балалар не киеді?
Не беттен сүйеді?
Жазған өлеңдерін оқушыларға дауыстап, мәнерлеп оқыту.
VIІ. «Қар лақтыру» ойынын ойнаймыз.
[pic] 9- слайд
Тақтадағы суретке қарадық. Суретке тақырып қойдық. Енді осы суретке қарап мәтін құрастырамыз.
Мына қолымдағы қарды өзім бастап лақтырамын. Сендер әрі қарай жалғастырасыңдар.
VIІІ. Ойтолғаныс.
Алақанат қар – бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Жапалақ қар – ірі түйіршікті қар жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар – ери жауған қар.
Күпсек қар – қалың жауған ұлпа қар.
3.
Көбік қар – жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген
жұмсақ қар.
Қасат қар – ұзақ жатқан қалың қар.
Күртік қар – беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қиыршық қар – жентектелген түйіршік қар.
Қырбық қар – жұқа жауған қар.
Омбы қар – ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар – алғаш жауған жұмсақ қалың қар.
Сүрі қар – ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нағыз қар.
Сіреу қар – ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу болатын қатты, қалың қар.
Үрме қар – жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
ІХ. Сабақты қорытындылау:
Ақ қардай. Ақша қардай таза.
Аппақ қардай ақ күлкі. Қардай аппақ сауал.
Қардай қалың. Қарша борау. Қарша жаудыру.
Х. Оқушылардың жауабын бағалау:
ХІ. Үйге тапсырма:
120, 121, бет. Мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
Сау болыңыздар.
4.