Қазақтың мақалдары мен мәтелдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ мақал-мәтелдері

  1. [link]























Отан туралы. Халық туралы. Ағайын-туыс. Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық. Әкімгершілік, күшгілік.

Отан туралы

Отан — елдің анасы

Ел - ердің анасы



Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.



Отанды сүю — от басынан басталады.



Отан оттан да ыстық.



Ел іші — алтын бесік.

Пәлен жерде алтын бар,

Өз жеріңдей кайда бар.



Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.



Туған жердің жуасы да тәтті.

Әркімнің өз жері — жұмақ.



Ер елінде, гүл жерінде.



Өз елінде көртышқан да батыр.



Өз елінің иті де қадірлі.



Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Отан үшін күрес —

Ерге тиген үлес.



Кұртақандай торғай да,

Өз ұясын қорғайды.

Орағын өткір болса,

Қарың талмайды.

Отаның берік болса,

Жауың алмайды.



Отансыз адам —

Ормансыз бұлбұл.

Пәлен жерде алтын бар,

Іздеп барсам мыс та жоқ.



Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.



на русском

Үйде оңбаған,

Түзде де оңбайды.



Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.



Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды.



Ат айналып қазығын табар,

Ер айналып елін табар.



Адасқанның айыбы жоқ,

Қайтып үйірін тапқан соң.



Жат жердің қаршығасынан

Өз еліңнің қарғасы артық.



Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан бол.



Бақа көлінде патша,

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.



Туған жердің ауасы да шипа.

Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне.



Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ер жетім.

Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.



Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.













Халық туралы

Өзін өзі білген ер бақытты,

Өзін өзі билеген ел бақытты.

Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.

Айна айна емес, халық айна.

Халық қартаймайды,

Қара жер қартаймайды.

Халыққа қарсы жүру —

Ағысқа қарсы жүзу.

Көппен көрген ұлы той.

Халық қатесіз сыншы.

Халық — дана.

Берекені көктен тілеме

Бірлігі мол көптен тіле.

Көптің қолы көкке жетеді.

Көптен қулық артылмас.

Ел артындағы шаң жұтады,

Ел алдындағы май жұтады.

Елге дұшпан жерге сыймас,

Жерге дұшпан елге сыймас.

Жер шежіресі — ел шежіресі.

Халық қаһары қамал бұзар.



Көп тепкен жерден көл шығады.

Жол жолға жалғасады,

Ел елге жалғасады.

Тай тулап үйірінен шықпас.

Елін сатып асаған,

Екі күн-ақ жасаған.

Елден безген көмусіз қалар.

Жалғыз жүріп жол тапқанша,

Көппен бірге адас.

Халық сүймес,

Халық сүйген —

Суға батпас, отқа күймес.

Атыңнан айрылсаң да,

Ер-тоқымыңнан айрылма.

Қатыныңнан айрылсаң да,

Қазан-ошағыңнан айрылма.

Қазан-ошағыңнан айырылсаң да,

Халқыңнан айрылма.

Қасықпен көлді құрта алмайсың,

Қастықпен елді құрта алмайсың.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.





Қара жерді жамандама,

Қайтып сонда барарсың.

Қауым елді жамамдама,

Қарғысына қаларсың.

Көптен бақыт құтылмас.

Елде түлкі аштан өлмес.

Көп күлкісі күннен де жылы.

Елді сыйлағаның — өзінді сыйлағаның.

Елдің көзі елу.

Ел құлағы — елу.

Қатардан ассаң да,

Халықтан аспақ жоқ.

Кеңесті елде кек болмас.

Көпті сөккен көгермес.

Көп іздеген көмбе үстінен шығады.

Коптің қолы ұзын.

Көл толқыса — жар құлайды,

Көп толқыса хан құлайды.

Халық айтпайды,

Халық айтса, қалт айтпайды.

Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.

Аздың азаншысы болғанша,

Коптің қазаншысы бол.

Халық аузына қақпақ қойып болмас.

Құдайға жазсаң жаз, көпке жазба.

Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.

Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.

Көпке тентек — құдайға шет.

Көптен қоян құтылмас.

Көп түкірсе көл болады.

Ел аузына елек қойып болмас.

Көптік қайда болса,

Тоқтық сонда болады.

Көптің көзі көреген, қолы береген

Көп алғысы көгертер.

Көзсіз күнелтсең де,

Көпсіз күнелте алмайсың.



Ағайын-туыс

Сыйласуға жат жаксы.

Жыласуға өз жақсы.

Ағайын бір өліде,

Бір тіріде керек.

Күйеу жүз жылдық,

Құда мың жылдык.

Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды,

Жоқ болсаң, бере алмайды.

Жауда да бір үйің болсын.

Ағайын тату болса ат көп

Абысын тату болса ас көп.

Жаман да болса ағамыз,

Жақсыны қайдан табамыз.

Мал қонысын іздейді,

Ер туысын іздейді.

Жақынынды жат етсең,

Жатка күлкі боларсын.

Әпкенің үйі — кең жайлау.

Қасқыр да жолдасына қас қылмайды.



Бір көрген біліс

Екі көрген таныс.

Жаман туыстан жат артық.

Үйдің жылы-суығын

Қыс түскенде білерсің,

Кімнің алыс-жақынын

Іс түскенде білерсің.

Әулие де қасындағысын қолдайды.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ағайының бай болса, асағаның май болар.

Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.

Бір ауылда мың туысың болғанша,

Әр ауылда бір туысың болсын.



Бірлік, сыйластық, ынтымақтастық





Ел бірлігі — ел теңдігі.

Бірлік болмай тірлік болмас.

Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді.

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Бірлікті ел бұзылмас.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Бірлік, ынтымақ — байлық бақ.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Сырттан келген жаудан да

Іштен шыққан дау жаман.

Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем түсер.

Ауылдың иті ала болса да,

Бөрі келгенде бірігеді.

Саусақ бірікпей

Ине ілікпейді.

Тобынан айрылған қазды

Топталған қарға алады.



Кең киім тозбайды,

Кеңесші ел азбайды.

Біріккен жүз

Бытыраңқы мынды алады.

Ырыс алды — ынтымақ.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.



Кемедегінің жаны бір.

Теңге тиыннан.

Ынтымақ ұйымнан.

Байлық — байлық емес, бірлік — байлық.

Қол жұмылмай — жылынбайды.

Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас.

Ынтымақ болмай іс оңбас.

Топтанып ұшқан торғайға

Тұрымтай да бата алмас.

Үйдің басын қатын қосар,

Елдің басын батыр қосар.



Әкімгершілік, күштілік

Тасты тас қозғалтады.

Нар жолында жүк қалмас.

Ит жүйрігіп түлкі сүймес.

Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.

Екі қошқардың басы бір қазанға симас.

Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер.

Түйепі жел шайқаса, ешкіні көктен ізде.

Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар.

Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өлер.

Тышқанның тәңірі — мысық.

Кішкентай тастан, қауақтай бас жарылады.

Жүйрік ат — бірде ат, бірде қанат.

Аты семіздің — жолы тегіс.

Ергежейліге есектен биік колік жоқ.

Алмасты алмас кеседі.

Қолы ұзын сүйгенін алады,

Қолы қысқа тигенін алады.



Ит жеңгенін талайды.

Әлсіз әр уақытта айыпты.

Атты ақысын жаяуға жібермейді.

Түсіңе сенбе, күшіңе сен.

Теңіз кешкенге өзен сирағынан да келмейді.

Жұмсам — жұдырығымда,

Ашсам — алақанымда.

Күштінің қолы ұзын.

Қашса құтылатын, қуса жетеді.

Қасқыр қартайса да бір қойға күші келеді

Киіз кімдікі болса, білек соныкі.

Екі тұйғын жабылса, қаздың соры.

Түйе өлген жерде жүк қалар.

Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады.

Күш атасын танымайды.

Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді.

Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.



















Адам туралы. Ата-ана мен бала. Жастық, кәрілік. Үйлену, үй болу.

Адам туралы

Адам деген ардақты ат.



Адамдықтан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ.

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.

Еңбек — адамның көркі,

Адам заманның көркі.

Біреу, біреуге сүйеу.

Адамды алдау —

Арыңның алдында қылмыс,

Ағаны алдау —

Анаңның алдында қылмыс.

Талабы жоқ жас —

Қанаты жоқ құс.

Ормансыз жер — жалаңаш,

Армансыз ер — жалаңаш.

Ат аяғынан семірер,

Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,

Гүлдей нәзік.

Адам жүрген жермен адам жүреді,

Біреу білмегенді біреу біледі.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы — заман қайғысы.

Күйесіз қазан жоқ,

Қайғысыз адам жоқ.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,

Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жерде — соқпақ,

Мың адам жүрген жерде жол қалады



Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Адамына қарай сәлемі.

Адамның сырты алдамшы.

Адамға адам жат емес.

Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.

Адам болып туған соң,

Адам болып өлу лазым.

Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас.

Адам ұйымшыл,

Мал үйіршіл.



Бейтаныс кісі —

Бітеу жаңғақ.

Қағазға тіл бітірген — қалам,

Жансызға жан бітірген — адам.

Адам қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

Адам аласы ішінде,

Мал аласы сыртында.

Адам көркі шүберек,

Ағаш көркі жапырақ.

Адам ойға тоймас,

Борі қойға тоймас.

Дүниеде тас қатты,

Тастан да бас қатты.

Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

Темір сырын отта танытады,

Адам сырын жоқта танытады.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.



Ата-ана мен бала

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Барды — балама, жоқты — санама.

Бесіксіз үйде береке жоқ.

Боранды күні бала құтырар,

Желді күні ит құтырар.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Ерке бала екі жылар.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Ағайынның алтын сарайынан

Ананың жыртық лашығы артық.

Балалы үй—базар,

Баласыз үй — мазар.

Қыз — қонақ.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Өгізге туған күн, бұзауға да туады.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Он бала бір әкеге жүк болмайды,

Бір әке он балаға жүк болады.

Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса.

Екі қатынның баласы — екі рулы елдей.

Жақсы әке жаман балаға қырық жылдық ризық.

Әке өліп бала қалса— «мұратына жеткені»,

Бала өліп әке қалса — арманы іште кеткені.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

Есер баладан ерке бала жаман.

Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей.

Әкесін сыйламаған кісіні, баласы сыйламайды.

Ұл туғанға — күн туар.

Ананың сүті — бал, баланың тілі бал.

Алты ұл туған ананы —

Ханым десе болады,

Кезек сыйласқан ағайынды —

Жаным десе болады.

Тайдың мінгені білінбес.

Баланың істегені білінбес.

Тауықты тойындыра алмайсың,

Қызды киіндіре алмайсың.

Жеті атасын білмеген — жетімдіктің белгісі.

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Пышақ берсең екі жылар.

Ата — байтерек, бала—жапырақ.

Ата — асқар тау,

Ана — баурындағы бұлақ,

Бала — жағасындағы құрақ.







Ата — балаға сыншы.

Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін.

Ұлдың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

Өспейтін бала, өнбейтін дауды даулайды.

Жеткіншектен айрылған, жер таянбай тұрмайды.



Жылауық болса да,

Баланың бары жақсы,

Бақырауық болса да,

Түйенің бары жақсы.

Бес саусақ бірдей емес.

Әкесіз жетім — жарты жетім,

Шешесіз жетім — анық жетім.

Дүниеде бал тәтті,

Бала балдан да тәтті.

Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес,

Кісі баласы кісендесең де тұрмас.

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

Еркенің көзі кеппес,

Жорғаның тері кеппес.

Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,

Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.

Итпен ойнасаң үрерсің,

Баламен ойнасаң күлерсің.

Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйініш.

Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бір бала дана болады.

Балам — балым, баланың баласы — жаным.

Асығу баланың ісі,

Аттандыру — ананың ісі.

Қызға берген білінбес.

Ананды Мекеге үш арқалап барсаң да,

Қарызынан кұтыла алмайсың.

Талапты бала— талпынған құстай.

Жорғадан туған жортақ бар,

Батырдан туған қоркақ бар.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.

Атасыз ұлдың аузы үлкен.

Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы — күйініш.

Күнсіз гүл өспес,

Күтусіз ұл өспес.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Ат болар тай саяққа үйір,

Адам болар бала қонаққа үйір.

Адам болатын бала алысқа карайды .

Баланы жұмсасаң, артынан өзің барарсың.

Атадан ұл калса, өзі қалғаны,

Қыз қалса, ізі калғаны.

Айдың ізін ай басар,

Аттың ізін тай басар.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.

Қарғайын десем — жалғызым,

Қарғамайын десем — жалмауызым.

Ердің анасы — елдің анасы.



Жастық, кәрілік

Ақыл жас ұланнан,

Жүйрік тай-құнаннан.

Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер.

Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.

Сексен — жермен-жексен.

Көп жасаған құрдасынан айрылады.

Жүре берсең, көре берерсің,

Көре берсең, көне берерсің.

Кәрі келсе асқа,

Жігіт келсе іске.

Шөп те басынан қурайды.

Ат қартайса ұрыншақ болады,

Ер қартайса, жаңылшақ болады.

Ат тұяғын тай басар.

Ат қартайса есекпен достасады,

Адам қартайса, төсекпен достасады.

Жігітінде жігіт болмаған

Өмір есесінен құр қалған.

Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.

Жастық — жалын, кәрілік — күл.

Көңіл қартаймас, көз қартаяды.

Жаман жігіт жасында шал.

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.



Кәрілік — дауасыз дерт.

Сақалға ақ түсті,

Көңілге дақ түсті.



Қарсы келсе кәрілік,

Қара нарды шөктірер.



Жаман киім жасты кәрідей етеді,

Кәріні перідей етеді.

Кейінгілерді көріп қартайғаныңды байқайсың.

Қатарынан қалған кәрі — жетім.

Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар.

Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні апа,

Текені жезде дейді.

Жас арқалағаннан тас арқалаған жеңіл.

Жас ағашқа сүйеніп, қу ағаш күн көрер.

Кәріге құрмет — балаға міндет.

Шалдың сөзі — бал.

Кәрі — кәрінің сөзі дәрі.

Жас келген сайын жан жақын келеді.

Ақылды кәрия — ағып жатқан дария.

Кәрі білгенді пері білмейді.

Бір аяғым жерде,

Бір аяғым көрде.

Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

Табақ асымен жарасты,

Кәрі жасымен жарасты.

Дәме бар да, дәрмен жоқ.



Үйлену, үй болу

Әйел — үйдің көркі,

Еркек — тнздің көркі.

Қатыны жоқ үй — жетім.

Үйірі басқаны ноқта қосады,

Атасы басқаны неке қосады.

Семья сәні — сыйластық,

Достық сәні — қимастық.

Жақсы қатын жарының жақсысын асырар,

Жаманын жасырар.

Екі жарты — бір бүтін.

Қыз күнінде бәрі жақсы,

Жаман қатын қайдан шығады.

Азапсыз махаббат — арзан махаббат.

Қатын алсаң отын ал,

Бір құшағын артық ал.

Жақсы әйел — ырыс,

Жаман әйел — ұрыс.

Әйел сырын әйелден сұра.

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса —

Күндіз екеу, түнде төртеу.

Екі қатын алыпсың,

Бір пәлеге қалыпсың.

Сиырды жақсы көрсеткен

Артындағы танасы,

Әйелді жақсы көрсеткен

Қасындағы баласы.

Ауылдасың жақсы болса,

Ағайының не керек.

Алған жарың жақсы болса,

Айтың, тойың не керек.

Алғаның жаман болса — қонағың кетеді,

Ұлың жаман болса — бақытың кетеді.

Әйел жерден шыққан жоқ,

О да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел оның анасы.

Ата-анадан жар жақын.

Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.

Ерге жаққан әйел, елге де жағады.

Аяғын көріп асын іш,

Анасын көріп қызын ал.

Ердің атын не аты шығарар, не жары шығарар.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

Қымызды кім ішпес,

Қызды кім айттырмас.

Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық.

Әркім сүйгенінің құлы.

Атың жебір болса, құдайдың бергені,

Қатының жебір болса, құдайдың ұрғаны.

Әркімдікі өзіне,

Ай көрінер көзіне.

Үйің жаман болса, күйің жаман.



Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.

Төркіні жақын келіннің төсегі жиналмас.

Келін жаман емес, келген жері жаман.

Ай мінбей атыңды мақтама,

Жыл тұрмай қатыныңды мақтама.

Орта жолда атың өлмесін.

Орта жаста қатының өлмесін.

Тандаған тазға жолығады.

Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық.

Жаман қатын байына

Жалғыз атын сойғызар,

Жақсы қатын жолдасын

Жоқтан құрап тойғызар.

Әйел жомарттық қылғанда, еркек сараңдық қылғаны өлім.

Кәрі қыз ер таңдамайды,

Өлген адам жер таңдамайды.



Екі қатын алғанның - құлағы тынбас,

Есекке мінгеннің - аяғы тынбас.

Әйелдің ақылы — көркінде,

Еркектің көркі — ақылында.

Білімді әйел басыңа қарайды,

Білімсіз әйел жасыңа қарайды.

Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.

Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.

Жақсы қатын жүн қарыз алады,

Жаман қатын су қарыз алады.

Салақ қатынның үйінен

Сабақты ине табылмас.

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.

Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.

Жалқау қатынның төсегі

Тал түске дейін жиналмас.

Гүл өссе жердің көркі,

Қыз өссе елдің көркі.

Отыз ұлың болғанша,

Осырақ шалың болсын.

Теңін тапса, тегін бер.

Ердің асылы күшінен білінеді,

Қатынның асылы ісінен білінеді.

Баланы жастан, әйелді бастан.

Көне етіктіге бармай жүр,

Көк етікті алмай жүр.

Өзің сүйгенді алғанша, өзіңді сүйгенді ал.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,

Бір әйел толтырады.

Ердің жақсысы елімен ойласады,

Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.

Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.

Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.