Сабақтың тақырыбы: С.Сейфулин «Наурыз»
Сабақтың мақсаты: 1. С.Сейфуллиннің өмірі туралы мағлұмат беру, өлең мазмұны арқылы кең байтақ туған жеріміздегі көктем маусымы әртүрлі аймақта қалай басталатыны туралы мағлұмат алу.
2. Оқушының өзіндік пікірлерін айта білуге қабілеттерін біліп, ой –өрісін дамытуға ықпал ету.
3. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, мәнерлеп оқуға тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.
Қолданылған әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Қолданылған материалдар: 1. интерактивті тақта
2. үнтаспа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Өз тіліңдей тіл қайда еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар
Туған тілім күрмеліп әлсіресе
Ыстық қаным суынып сиқым қашар
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. М.Дулатов – кім?
2. «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.
3. Галереяға саяхат. (суреттер көрсету)
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әр айдың өзінің ерекшелігі бар.Наурыз айымен бірге
жер бетіне не келеді? (көктем, жылылық , т.б(сұрақ-жауап)
2.. Сендер зерттеуші ғалымдарсыңдар!
О.Қ. С.Қ. Б.Қ. Ш.Қ. (әр бала өз ойымен көктемді сипаттауға дайындалады)
3. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы С.Сейфулин
атамыздың «Наурыз» өлеңін өтеміз(қысқаша шолу).
4.Мұғалімнің оқып беруі .
5. Мазмұнына тоқталу.
6.Оқушылардың кезектесіп оқуы.
7. Түртіп алу стратегиясы сөз тіркестерін сызып алу.
8.Дәптермен жұмыс:
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылысын жаз!
Жаз- құшақтайды, беттен сүйеді.
Су – ағады, былдырлайды.
Құстар – сұңқылдайды, келеді.
Мал – жадырайды , төлдейді.
9.Наурыз өлеңін с.к талдау.
Авторы – С.Сейфуллин
Тақырыбы - Наурыз
Жанры - поэзия
Идеясы – ұлттық дүние , көктемнің келуі.
Шумағы - 5
10. – қазақша жыл санау өлеңін еске түсіру.( сергіту жаттығулары)
11. Бүгінгі тақырып бойынша қорытындылау.
І.(Наурыз) эссе жазу
12. «Біз болашақ ақынбыз» – поэзия минуты
- келгенде,
- гулдерге,
- біреуін,
- анама,
- қыздарға .
ІV. Қорытындылау сұрақтары:
1.Туған жердің табиғатын қалай куту керек?
2. Қазір адамдар нені көбірек ойлайды?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.