Тақырбы:Математика пәнінен өткен тақырыптарды қайталау.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Тлепова Маржан

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту тәсілін пысықтау және алған білімдерін әрі қарай жалғастыру мақсатында мысалдар орындату

Дамытушылық бағыты: оқушыны ұқыпты тыңдауға, нақты жауап беруге, шығармашылық жұмыс істеуге, тез шешім қабылдай білуге және өзіндік ой пікірін қорғай білуге, білімдерін өз бетінше қолдана білуге үйрету, ойлау қабілетін, белсенділігін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: математикалық мәдинеттілікке тәрбиелеу, бірін – бірі тыңдай білуге, ұстамдылыққа, аңғарымпаз болуға, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өзінің ойын еркін баяндауға, адамгершілік қасиеттерін өз бойына қалыптастыру, тәрбиелеу.

Типі: пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер, карточкалар, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Ақ көңілді жүрекпен,

Ақ ниетті тілекпен.

Амандасып алайық,

Қонақтарға ізетпен.

II.Өткен тақырыпты пысықтау.Ауызша оқыту, тексеру.

Карточкамен жұмыс: тік төртбұрыштың, үшбұрыштың,төртбұрыштың, шаршының периметрін табу.



-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына тапсырманы орындап сөзді анықтайық.





Қ А Й Т А Л А У

10 5 8 4 2 6 3 5



- Әріптерді сызбадағы мәнге сәйкес тұсқа орналастыру. -7 және 3 санының қосындысын тап? Қ -9 бен 4 айырмасын тап? А -6 мен 2 қосындысын тап? Й

-9 дан 9-ды азайтып 4-ті қосқанда неше болады ? Т

-5-ті 3-ке кемітіңдер А

-3 + А 9 теңдеуді шешуін тап ? Л

-7- А 4 теңдеудің шешуін тап ? А

-Әлия 8 кітап алды .Ол сіңлісіне 3 кітап сыйлады .Әлияда неше кітап қалды ?У

III.Жаңа сабақ . Қайталау.

Мақсат қою кезеңі.Осы кезеңге дейін алған білімдерін жалғастыру.

Қайталауға берілген материалмен жұмыс

Ондықтарды өсу ,кему ретімен айту.

-Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтпекші. Ол ойынымыз деп аталады.Балалар математикадан алған білімімізді тиянақтап,«Баспалдақ» арқылы жоғары көтеріліп «Білім шыңына» жетуіміз керек.Онда берілген тапсырмаларды шапшаң орындап,білім шыңына ұмтылайық.

Білім шыңы

IVОқулықпен жұмыс

1-баспалдақ.«Білгенге маржан». Бұнда берілген есептің шартын өздері оқып,тірек сөздерді жазып,шешуін табады.

1. Сатылғаны-?,48 кг алма

және 40 кг алмұрт Болғаны -100 кг

Қалғаны-?

2. Сатылғаны-? алма,

және 40 кг алмұрт Болғаны -100 кг

Қалғаны-10 кг

Сергіту сәті.

Бір , екі ,үш,

Жинап алып күш .

Ынтымақпен бірлесіп

Бітіреміз іс .

2- баспалдақ.«Кім шапшаң?»

3 .(48+26) – 38 * (84-16 ) + 19

(77+13) - 46 * 18 + (80-27)

100  (256+14) * 100-(63+27)

(100-53) +12 * (100-67)+45

3- баспалдақ. «Кім жылдам?»

4. 2 сағ 45 мин + 2 сағ 15 мин* 3сағ 50 мин +1 сағ 10 мин

5 сағ 33мин – 1 сағ 37 мин * 4 сағ 45 мин – 1 сағ 45 мин

4- баспалдақ . «Тез есепте». Теңдеулерді шеш.

х+ 32  85 74 –х  33 х – 28  56

5- баспалдақ. «Ойнайық та тереңірек ойлайық ».

7. 8 + 7 15 2 + 3  5 115 – 82  73 115 – 73  82

9 + 6  15 1 + 1  2 152 – 91  61 152- 61  91

7 + 8  15 4 + 3  7 157 – 74  83 157 – 83  74

6 – баспалдақ .«Ойлан, тап».

Жасыл түсті қоршаудағы тапсырманы ауызша орындату.

7- баспалдақ . «Кел ойнайық!». «Сөз құрастыр».



V Қорытынды: Біз« Білім шыңына» да келіп жеттік жыл сайын , әр шыңды бағындыра білейік . Сол себептен алған білімізді саралап , әрқашан білім шығынан көріне беріңіздер,- деп сабақты аяқтау.

VI .Бағалау.

VII. Үйге тапсырма.