Тақырыбы: Ондықтарды қайталау
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Балалардың алған білімдерін тиянақтай отырып, кеңейту, ойлау, ауызша есептеу, дағдыларын дамыту,сурет бойынша есеп құрастыру, ауызша есептеуді меңгерту.
ә) тәрбиелігі: Шапшаңдыққа баулу, оқушылардың бойында елжандық, еңбексүйгіштік, ұйымшылдыққа, адамгершілікке пен адалдыққа, шапшаңдыққа, қайрымдылыққа үйрету, бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.
б)дамытушылық: оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Проблемалық, көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабағымызды бастамас бұрын, орнымыздан тұрып психологиялық дайындықты айтып жіберейік.
Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға
- Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей қәне бәріміз бір – бірімізге алақанымызды беріп, жан – жылуымызды сыйлайық.
Бүгінгі күн ерекше
Сізге бізден тілек көп қарап
Сондай жақсы көңіл – күймен
Басталады бұл сабақ
- Жақсы балалар олай болатын болса, өткен тақырыпта матеаматикадан қандай тақырыптармен танысып болдық.
- Олай бола жаңа сабақты бастамас бұрын, «Жасырын сөзді тап» деген мынадай тапсырма беремін.
50+80
4+3
5+3
7+3
20+10
30+20
50+20
70+20
Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ондықтарды қайталау»
Балалар кеше мен балыққы барып едім, қармағыма шыны ілікті
Балалар қараңдаршы, шынының ішінде қағаз бар екен. Ашып оқимызба
Сәлем достар. Менің есімім Рабинзон Крузо. Мен аралдарды аралауға кемемен саяхатқа шыққан болатынмын. Кеме теңізде апатқа ұшырап ,жалғыз өзім белгісіз аралға шығып қалым. Мені аралдан алып кетуге көмеке келіңіздерші. Алдарыңыздан көптеген қиындықтар елуі мүмкін, сол қиындықтардан бірлесе отырып шығыңыздар.
Балалар Робинзонға көмектесеміз бе?
Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма?
Ал, немен саяхаттауға болады?
-Бүгін немен саяхатқа шығатынымызды мен әзірге айтпаймын.
Үстелдің үстіндегі қима қағаздағы есептерді шығарып, көлік құрастырайық.
-Қандай сурет шықты?
Сонымен, немен саяхатқа шығамыз?
Кемемен.
Ал көлікке мінуге рұқсат етілетін қандай құжат болуы керек?
Билет.
Әрине. Ендеше қазір мен билетімізді қандай болады тақтадан көрсетемін, жақсылап қарап алыңдар.
[pic]
Ал енді балалар кемемізге жайғасып, сабағымыды бастайық. Одан бұрын дәптерлерімізді ашып күннің жадын жазайық.
Ал енді балалар күннің жадын жазып болсақ теңізге аттанайық. Балалар мынау ненің дауысы
Теңіз дауылы
Алдымызда қиындық кездесіп тұр, бұл теңіз дауылынан аман шығу үшін бізге мынадай тапсырма орындау керек екен.
Математикалық диктант
20+30
50+40
60-20
7+3
6+4
10-8
3+4
6+2
80+20
60+40
Бір - бірімізді тексерейік.
Мыныу ненің дыбысы екен.
Торғай
Дұрыс айтасыңдар, сендердің білімдеріңнің арқаларыңда теңіз дауылынан аман қалып әсем табиғаттың дыбысымен сапарымызды ары қарай жалғастырайық.
Балалар біздің алдымызда теңіз қарақшылары шықты. Олардың қоршауынан шығу үшін бізге тапсыма рындау керек екен. Кітабымыздағы №1 есеп
Атасы 80 жаста, ал немересі одан 40 жас кіші. Немересі неше жаста?
Атасы – 80 ж
Немересі - ? ж, 40жас кіші
Ш: 80-40 =20
Ж: Немересі 20 жаста
Балалар, біз теңіз қарақшыларынан құтылдық. Сапарымызды одан әрмен қарай жалғастырайық.
Балалар шаршадық па?
Ендеше бойымызды жазып алайық.
Сергіту сәті
Орынымызға отырып саяхатымызды одан әрмен қарай жалғастырайық.
Балалар біздің кедергіге тап болдық, су айдахары бізге өзінің тапсырмасын орындамасақ әрмен қарай өткізбеймін дейді.
Тапсырмасын орындаймыз ба?
Ендеше №3 есепті қарайық
9+1 5=5 8>5 3+6 4=4 7˂9
9-а 4+a 9-1 8-5 a+7 a-3
Жазуларды топта. Түсіндір. Әр топқа тиісті мысалдар келтір.
Жарайсыңдар балалар, біз білімдеріміздің арқасында саяхатымызды одан әрмен қарай жалғастыра аламыз.
Балалар, біз кедергіге тап болдық. Сегізаяқтың тапсырмасы бар екен. Сегізаяқ сендердің бірліктеріңді тексергісі келеді екен. Ендеше жұптық тапсырма орындап жіберейік. Яғни «Жұппен жұмыс»
Қазір әрқайсыларыңыздың жұптарыңыздың орталарыңызда тапсырмалар берілген. Мен қолымдағы текшені лақтырамын. Ендеше түскен санды, бос шаршыға жазып жұппен есеп шығарамыз. Түсінікті ме?
Ендеше орындайық.
70+ = 8 - =
60 - = 3+ =
40+ = 30+ =
10 - = 80 - =
5+ = 90 - =
4+ = 50+ =
- Жарайсыңдар балалар, сендердің бірліктеріңнің арқасында сегізаяқтан аман есен құтылдық.
- Балалар алдымызда кедергі кездесеп тұр. Акула да өзінің тапсырмаларын ала келіпті. Оқулығымыздағы №4 есеп
Теңдеулерді шеш
10-а=8 4+а=7 а-3=5 а+2=8
-Жарайсыңдар балалар теңдеуді жақсы шешеді екенсіңдер. Акуладан аман – есен құтылып саяхатымызды одан әрмен қарай жалғастырайық.
- Балалар, біздің алдымызда касатка кездесті. Ол біздің білімімізді тексергісі келеді екен. Оқулықтағы №5 есепті орындайық
- Қысқаша жазуы бойынша есептер құрастыр және шығар.
Көк доп – 6
Қызыл доп – 2
Барлығы - ? доп
Ш: 6+2
Ж: Барлығы 8 доп
Жарайсыңдар балалар, білімді екенбіз. Балалар бұл кім?
Яғни, біз Робинзон Крузога аман – есен жеттік. Енді, Робинзон Крузоны алып елімізге қайтайық.
Сабақты бекіту
Ол үшін, жеке білімдерімізді тексеріп, семантикалық картаны орындайық.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар бүгін біз қандай тақырыпты өттік?
Қандай кедергілер кездесті?
Балалар, сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады – деп балалардан жауап алу арқылы, оқушылар өздері қалаған жерлерге жабыстырады.
Бағалау
Оқушылар алдындағы стикерлерді санап
Үйге тапсырма
№2