Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың орман–тоғай өсімдіктері мен
жануарлардың көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми
негізі бар түсініктерін қалыптастыру. Оларды қорғаудың
маңызын ұғындыру. Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі.
V.Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді тұтас оқу.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу
Картамен жұмыс. Оңт. Орал мен Алтай арасында шағын ормандар өседі.
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.
- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.
- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
- Тоғайда әсіресе не көп өседі?
VIІІ.Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу .