Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Дүниетану
Күні: 08.04.2016ж
Сыныбы: 4 «А» сынып Мұғалім: Н.Базарбаева
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш туралы түсінік.
Сабақ мақсаты:
Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, Күн жүйесі туралы ұғым қалыптастыру, алғашқы ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту.
Негізгі идеялар:
Берілген тапсырмалардың идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру, ойын көркем, сыни тұрғыдан өрнектей білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, Күн жүйесі туралы түсінік қалыптасады, тұңғыш ғарышкерлер туралы білімі кеңейеді.
Сабақ барысы:
Уақыты
Мұғалім іс - әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі құралдар
І.Кіріспе
ІІ.Топқа бөлу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Негізгі бөлім
V.Қoрытынды
VI. Сабақтың рефлексиясы
3 мин
2 мин
3мин
10мин
10мин
1 мин
2 мин
10 мин
2 мин
2 мин
Психологиялық дайындық
Ғарыш әлеміне байланысты Жер, Күн, Ай, жұлдыз, суретін таратып сыныпты 4топқа бөлемін. Әр топтан бір көшбасшыны топ мүшелерімен бірге сайлап, бағалау парағын таратамын.
Ғарыш туралы бейнебаян көрсетіп, оқушылардың ғарыш туралы пікірлерін сұрау. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
1 – тапсырма.
Топтық жұмыс.
“Ғарыш - мен үшін жұмбақ әлем” Сурет галереясын ұйымдастырамын. Ғарышты қалай елестететінін флипчартқа салып, өз галереяларына тақырып таңдап, жұмыстарын қорғауды тапсырамын.
2 – тапсырма “Ой жүгірт”
Жұптық, топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс жүргіземін. 4 топқа оқулықтағы мәтінді бөліп беремін. Әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, топ мүшесі сол мәтін бойынша түсінік айтатынын тапсырамын.
Түртіп ал!
Дәптермен жұмыс. Интерактивті тақтада жаңа сабаққа байланысты тірек сөздер Ғарыш, Күн жүйесі, Ғаламшар, Галактика сөздерін жазуын тапсырамын.
3 – тапсырма. «Космос әлемінде»
Шығармашылық жұмыс.
Тапсырмалардың жауабын табады.Әр топта қанша оқушы жауап бергенін анықтау
Топтық бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылауым және топ көшбасшысының бағаларын салыстыра отырып қорытынды бағаларын қоямын.
Кері байланыс
1.Маған бәрі де түсінікті.
2.Мен есте сақтадым.
3.Менде сұрақтар пайда болды.
4.Түсінбедім
Өзін-өзі таныстыру шеңберін құрады. Шеңбер бойында тұрып оқушылар өзі туралы бір ауыз сөзбен айта кетеді.
Ғарыш әлеміне байланысты Жер, Күн, Ай, жұлдыз деп 4 топқа бөлінеді.
Топтағы рөлдерін анықтап алады. Топ көшбасшысы топ мүшелерінің белсенділігіне байланысты бағалау парағына топ мүшелерін критериалды бағалап отырады.
Әр топ бейнебаян бойынша өз ойларын білдіреді.
Жаңа сабақ тақырыбын айтады, сабақ тың мақсатымен танысады. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, жана сабақ тақырыбын жазады.
Әр топ өз ойларын флипчартқа түсіреді, тақырып таңдайды, таныстырылым дайындап жұмыстарын қорғайды.
Мәтінді жұпта оқиды, жаңа сөздердің мағынасын жұпта, топта талқылап ашады,
әр топтан топ мүшелері мәтін бойынша түсінігін айтады
Дәптерлеріне жаңа сабаққа байланысты тірек сөздер Ғарыш, Күн жүйесі, Ғаламшар, Галактика сөздерін жазады.
Әр топ тапсырмаларға жауап береді. Дарынды оқушылар өлең, шығарма жазып белсенділік танытады.
Топ көшбасшысы бағалау парағына топ мүшелеріне қойған бағаларын хабарлайды, бағаларын талдайды, топ мүшелері өз бағаларымен танысады.
Оқушылар тақтада ілініп тұрған суреттерге өздерінің бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбегендерін стикерлерге жазып жапсырады.
Бағалау парағы
Проектор
(бейнебаян)
Флипчарт
Маркер
Стикер
А4 парағы
Проектор
(слайд)
Флипчарт
Маркер
Стикер
Бағалау парағы
Смайликтер
Стикер