«Сөйлем мүшелері»
Сабақтың мақсаты:
Сөйлем мүшелері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды өздеріне сөйлем ішіндегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін , сөздік қорын, ақыл-ойын дамыту. Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, тірек-сызба
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, тірек-сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, ән-күй
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ- жауап арқылы
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
— Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақты шешу.
СӨЙЛЕМ
1.Еліміздің дамуы кіммен байланысты.
2.Адамға не қажет
3.Үйге қандай жарық сәуле қажет
4.Адамды адам қылған не?
5.Бес жағымды қасиеттің бірі
6.Сұйық зат құятын ыдыс
7.Дәнді дақыл
8.Шырынды жеміс
«Сөйлем мүшелері»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлем мүшелері толық мағыналы сөздер болады:
Мысалы:
Марал (кім?) әңгімені (нені?) оқыды (не істеді?).
Сөйлем мүшелері (сөйлем құрауға қатысқан сөздер)
тұрлаулы мүше тұрлаусыз мүше
сөйлем құрауға өздігінен сөйлем құрай алмайтын,
негіз болады тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады
2. Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сауысқан
Сөйлемдегі әрбір сөзге сұрақ қой.
Әрбір сөйлем неше сөзден құралған?
Сауысқанның тіршілігін байқаған кезің болды ма?
3. Тақтамен жұмыс
2 -жаттығу.
Суреттер бойынша екі сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыр. Әр сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой. Бүркіт,түйеқұс, қарға.
Құрастырылған сөйлемдегі сөздердің санын арттырып жаз. Әр сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой. Сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болды?
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
-Жақсы, балалар, отырыңдар.
4.Дәптермен жұмыс
Барлығымыз дәптерлерімізді ашамыз. Күн ретін жазамыз
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Әр сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне сұрақ қой.
Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар?
Сабақты бекіту
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Үйге тапсырма
4-жаттығу
Қорытынды
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Балалар бүгін сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар!