Күні: 24.12.15
Сынып:1 «а»
Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы.
Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін- өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Так, так, так
Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2 - жүргізуші:
Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 сыныптан.
1 – жүргізуші:
Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
2-жүргізуші:Ендеше осы сыныпқа ең алғаш қалам ұстатып, әріптермен таныстырған алғашқы ұстазға сөз берейік.
Мұғалім:
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып,
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар. Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді бастайық.
Көрініс:Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»- деп.
Немере келеді жүгіріп.
Ата:
Балам, балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
1-жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
Құрметті көрермендер қарсы алыңыздар: 1 сынып оқушылары.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Құрметті қонақтар енді мен сіздерге біздің сынып туралы қысқа бейнефильм көрсетейін.
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Ән: хор «Әліппе»
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Би 1 сынып ұлдары: «Біз қазақпыз»
1-жүргізуші:Ендеше, барлығымыз әріптер әлеміне шығайық:
1-оқушы:
Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
1-оқушы:
А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Амина мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
2- оқушы:
Ақботаны білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
А әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз
3-оқушы:
Шырын деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
Ш әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
4- оқушы:
Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Ескендір келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
5-оқушы
С дегенің Сұлтан
Сұлтан деген мен болам.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
6-оқушы
Алихан деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
А әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
7-оқушы
А әрпі Ақботамын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
8-оқушы
О дегенің Оразбеков Нұрдәулет
Әріптерден қаламын ба мен де тек,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық деген тілек
9-оқушы
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
2-жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,Әліппеге рахмет.
1-оқушы
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 - ге
Мен де оқушы атандым
2-оқушы
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
4-оқушы
Әліппе, саған рахмет.
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе
5-оқушы
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
6-оқушы
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс
7-оқушы
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық
8-оқушы
Әліппені алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімім
9-оқушы
Іші толы әріпке
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім білімнің
Әжесі осы әліппе
Би: «Өзбек биі» Көкенова Шырын, Шотанова Ақбота
Әліппе: - Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене, өзін-өзі тану, ағылшын тілі.
Әліппе: Балалар, менімен бірге менің досым күнде келді ол сендердің білімдерің тексерейін деп келді. Дайынбызба?
Күн: 1-тапсырма. Ең алдымен балалар мына менің үстімдегі бұлттарды алып тастаңдаршы мен сендерді мүлде көре алмай тұрмын.Ол үшін бұлттарда тұрған тапсырмаларды орындауымыз керек. (сандарды таңдап, тапсырмаларды орындау)
2-тапсырма:
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Алихан
1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Елнұр.
6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам.
2-жүргізуші:
Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.
«Қолшатыр» қыздар биі.
Балалар, сендерге мен басқа сабақтардан да тапсырмалар әкелдім орныдауға дайынсыңдарма?
3-тапсырма: мына мезгілдерді ретімен орналастыр:Күз,жаз,қыс,көктем.
4-тапсырма:Маған кім ағылшын тілінде санап береді?
5-тапсырма: өзін-өзі тану пәнінен үйренген сергіту сәтін көрсету.
6-тапсырма: «Менің елім, менің жерім»
1.Біздің республикамыз?
2.Біздің астанамыз?
3.Біздің район?
4.Біздің ауыл?
Әліппе:- Ал достар, мен сендерге риза болдым, сендер көп нәрсеге үйреніпсіңдер, жарайсыңдар. Ендеше бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
1-жүргізуші: Достар,Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?
2-жүргізуші: Кәне ортаға салайық. Ана тілі – данамыз бөлімі:
1-оқушы: Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
2-оқушы: Ана тілі – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
3-оқушы: адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер
Тілімізді ширатар
Ана тілі – данамыз
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Ән: «Қош бол құтты әліппем»
4-оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Би: «Вальс»
Балалар, мен сендердің ең алғаш сендерге әріп үйреткен оқулықтарыңнан қалай оқу оқып үйренгендеріңді көрейін:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Талабына қарайық,
Жұмбақ шешіп көрейік.
1.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
2.Жаза-жаза арықтаған,
Жазудан ол жалықпаған.
3.Алты қырлы, алтын сырлы.
Керемет, сендер өте білімді екенсіңдер. Мен өте ризамын сендер сияқты оқушылар мені оқитынына ендеше, ары қарай да жақсы оқып білім шыңына шығыңдар.
5-оқушы
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
6-оқушы
Мұғалім ғазиз ұстазым,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды сізге бұл әнін.
Ән: «Ертегілер» Жолумбетова Амина
Мұғалім: Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата - ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш.
7-оқушы:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
8-оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Жүргізуші: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналарымыз, әкелеріміз бен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі би - шашуымыз сіздерге арналады.
Би: «Вальс»
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
«Әліппені аяқтап бітіру» туралы сертификат беру; ұстаздар,ата-аналардың құттықтау сөзі.
- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
- Қош сау болыңдар.