Өзін-өзі тану Білімге құштарлық 2сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп: Нұржау жалпы орта Мерзiм: 2.10.2015ж № 5 сабақ

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Жумагалиева Арайлым Алтаевна Сынып: 2 « а, ә » Оқушылар саны _______

Мақсаты: Балалардың «білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Оқуға құштарлығын арттыра отырып, білім алуға ынталарын дамыту;

Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа

I. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Дәйек сөз.

Оқу инемен құдық қазғандай

Халық мақалы


ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

[pic]

«Ойланайық, пікірлесейік» .Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.

  • Адамға білім не үшін қажет?

  • Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

  • Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

  • Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Білім неге жетелейді:

  1. Болашаққа жетедейді.

  2. Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі

  3. Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.

  4. Өмірді түсінуге көмектеседі.

Мамандық таңдауға көмектеседі.


[pic] Оқулықпен жұмыс

«Табанды бала»мәтінін мәнерлеп оқи отырып, аңыз әңгімедегі Әлімнің «мен оқуым керек» деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып, балалардың оқуға құштарлығын арттыру. .

[pic] 5. Жағдаяттарды талдау.

  • Бала алдына қандай мақсат қойды?

  • Ол өз мақсатына қалай жетті?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиетері көмектесті?

  • «Табандылық» дегенді қалай түсінесіңдер

[pic] Жаңа ақпарат

  • Балалар бүгінгі біздің өнеге сағатымыздың аты «Оқуға құштарлық» деп аталады.

  • Білім алу қызығушылық , еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

  • Білім адам игілігіне қызмет етеді

Сергіту сәті.

Мектеп – үлкен анашың,

Баураған барлық баласын.

Тәртіппен алсаң білімін,

Өмірден жол табасың.












IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

[pic] Тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?(Мақал- мәтелдер)

Олай болса мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы, мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.

  1. .............- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  1. .........- инемен құдық қазғандай.

  2. ............ білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Балалар, бүгін біз оқу , білімнің адам өміріндегі қажеттілігі , маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Оқуға құштарлық» деп аталады .Оқусыз білім жоқ дегендей оқуға құштарлық барлық баланың бойында табылуы қажет..

Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.

-Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырған жлдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазу.Орындап болған соң жариялау.

[pic] Назар аударыңыз:

Ал енді балалардың « Оқу , білім» туралы жаттаған өлеңдерін назар қойып тыңдайық.

1-оқушы,Оқимын, жақсы оқимын

Білемін білім пайдасын

Оқимын, білім тоқимын

Мен барар мектеп қайдасың?

2- оқушы: Ойынға қарыз емеспін,

Оқуға әбден кірісем.

Қабілетсіз емеспін,

Оқу ғой, оқу дұрысы ең!

3-оқушы: Мақтан етер мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу , білім , тәрбие

Ой санама еккенің.

4-оқушы:Отанның біз ұл- қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын !

5-оқушы: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын,

Оқушы болдық үлгілі,

Білімнің кілтін ашатын.





V. Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ » әнін айтайық:

Жарастықпен айнатып өмір көркін,

Гүл- бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мекиеп , кең сарай , түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын

Білім шыңын өрлейміз басып алға ,

Қиындық жоқ , бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда.


VI. Үй тапсырмасы.

«Таңғы қуаныш» сурет салып келу


VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)