Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды.Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр.Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.
ХХI ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары,парасатты адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді,ұлтжанды тұлға қалыптастыру.Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтің бағыттаумен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын мақсатты сынауға емес,шыңдалған ойлауға үйрету.
Біз іс- тәжірбиеміздің барысында пайдаланған бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады.
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Ойлану», «Жұптаталқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген атаулы әдістер жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені үйрену енжарлықтарын көрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашылады,тазарады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады.Мысалы үшін 4 «ә» сыныбында ана тілі пәні бойынша қазақтың дарын ақыны,көрнекті қайраткері-А.Байтұрсыновтың Крыловтан аударған аудармасы «Аққу,шортан һәм шаян» мысалын өткелі отырғанымызды хабарлаймын.
Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:
-Аққу,шортан,шаян туралы не білесіндер?
Аққу- киелі құс,шортан- балық,шаян – жәндік екенін алдымен өздері ойын дәптерге жазады,жұпта талқылайды,осылайша ойы ашылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі «Мағынаны тану».Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Аққу,шортан һәм шаян» мысалымен танысу барысында,
V-«білемін»;
--«білмеймін»;
+-«мен үшін жаңа ақпарат»;
?-«мені таң қалдырды».
Белгілерін қоя отырып мысал-өлеңді оқу тапсырылады. INSERT-оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету ,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс.Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі.Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру- аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі..Үйленушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыс құрауға дағдыландырады.
Тақырып бойынша «Ой толңаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру,оны түсіндіру,баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді,маңызды әрекет болып табылады.Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізді.Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап,өзгерістер енгізеді,яғни нағыз білім шыңына көтеріледі,үлкен әлемге енеді.Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді,өзіне өзгеше сенім,тәрбиелік,даналыққа бастау алады.Толғауды тиімді етуге лайықталған: «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»,т.б.осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады.Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын,ой түйістіруін қамтамасыз етеді.Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Мен өз сабағымда «Ой толғаныс»сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдаландым.Яғни аққу, шортан,шаян істеріне байланысты.
Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым.Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына:
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазады.
Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар «бұл үшеуінің аққу,шортан, шаянның бірліксіз тірлік жасағанын,сол қатты әсер еткенін жазады»
Бөліктің сол жағына:Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады(нені еске түсіреді,себеп-салдары қандай.).
Олар бұл тапсырма бойынша «Бәрі бірге бірлесіп тірлік жасау керек еді»дейді. «Бірлік түбі – береке»мақалдарын еске түсіреді.
Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырылады.Жұмыс аяқталған кезде,мен қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып жауаптарын алдым.Мысалы:
1.Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
2.Автор оқырманды қалай қызықтырды?
3.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?түрінде.
Бұл әдіс те алдынғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді.Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сөз астарын,құдіретін түсінуге машықтанады.
Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындатуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып,толғануға,ойын ашып айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету.
Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп,одан кейін қадағаланады.
Бұл бағдарламаны оқып,үйреніп,оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім.Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап,құрметтеуіне үйретті.Қуанышпен айта кететініміз, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы.Жай уақытта олар өздерің бұндай көрсетуге бара қоймас еді.Сабақтың ерекше,жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп,ойларын ашық жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отырды.