Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика».
Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын,көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, есеп жазылған қағаз.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу: 1-топ – «Тапқырлар», 2-топ – « Жүйріктер», 3-топ – « Ұшқырлар».
2.Негізгі бөлім: Кезеңдерімен таныстырамын:
1 – кезең: « Ойнайық та, ойлайық».
2 – кезең: «Кім жүйрік?»
3 – кезең: « Тапқыр болсаң шешіп көр».
4 – кезең: « Жүзден жүйрік».
5 – кезең: « Құрастыра біл».
6 – кезең: « Марапаттау».
7 – кезең: « Қорытындылау».
1 – кезең: « Ойнайық та, ойлайық» (әзіл есептер).
« Топ үйрек», « Май шам», « Аулада». Үш әзіл есеп жазылған қағаз үш топқа беріледі. Жүргізуші есеп мазмұнымен таныстырады.
1-топ: « Тапқырлар» тобына:
« Топ үйрек».
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеу қалады? ( 1-еу, өйткені қалғаны ұшып кетеді.)
2-топ: « Жүйріктер» тобына:
« Май шам».
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның төртеуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?
3-топ: « Ұшқырлар» тобына:
« Аулада».
Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? ( 2 қой, 3 тауық.Өйткені: 4+4+2+2+2=14 аяқ, 5 бас.)
2 – кезең: « Кім жүйрік?» (логикалық есептер).
1-топ: 1кг. Темір мен 1кг. мақтаның қайсысы ауыр? ( Бірдей.)
2-топ: Дорбадағы 10 асықты он бала бір-бірден алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? ( Бір бала асықты дорбада қалдырды.)
3-топ: 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3 – кезең: « Тапқыр болсаң шешіп көр».( Жұмбақ есеп. Топтар арасындағы сұрақ – жауап әдісі арқылы жүргізіледі.)
1-топ: 3 кісі шахмат ойнаған. Олар барлығы 3 ойын өткізсе, әр кісі неше рет ойнаған? ( Әр кісі 2 рет ойнаған.)
2-топ: Қосарлап жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді? ( 12 км жол жүрді.)
3-топ: Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? ( 8 баласы бар.)
4 – кезең: « Жүзден жүйрік». ( шапшаң ойлау.)
1-топ: Тазда 3 тал шаш болса, тақырбаста қанша шаш болады? ( Тақырбаста шаш болмайды.)
2-топ: Қандай орман тұрғыны өзінің ағаштарына саңырауқұлақтар іліп қояды? (Тиін.)
3-топ: Жалмауыз кемпірде 1-2 тіс болса, жаңа туған балада қанша тіс болады? (Жаңа туған балада тіс болмайды.)
5 – кезең: « Құрастыра біл».
Әр топқа қима қағаздар беріп, бірнеше геометриялық фигуралар құрастыруларын талап етемін. Жаңа геометриялық фигураларды бірінші болып құрастырған топ жоғары ұпайға ие болады.
Бұл ойынның ерекшелігі: сол оқушы қағазды құрастырған кезде алда қандай фигура құрастыруға болатынын ойланады.
6 – кезең: « Марапаттау».
Ұпай санын есептеп, көп ұпай жинаған топты жұлдызшамен
7 – кезең: « Қорытындылау».
Оқушылардан жарыстың тартымды,қызықты, алған әсерлерін сұрап, қорытындылаймын.