Пәні: қазақ тілі (факультатив)
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Терме диктант
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың алған білімдерін қолдануға, дыбыстық талдауға үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
2) достыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
3) оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, талдау, сараптау, керектісін тауып алу машықтарын дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, талдау, сараптау.
Көрнекілігі: суреттер
Түрі:ойын сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құралдарын әзірлеп, назарын сабаққа аудару.
Кіріспе бөлім
[pic] Орманда бір топ қоян қуаласып ойнап жүрді. Оның біреуі қоңыр еді. Ол қуаласпақ ойынына қатыспады. Енді қояндар жидек теруге шықты. Қиқар қоянның жүрісі баяу. Ол басқа қояндардан кейін қалды. Әуелі орман ағаштары сиректеу еді.Кейін жиіледі.Ақыры қиқар қоян адасып қалды.
-Балалар не адасып қалды?
1.ҚОЯН сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2 [pic] . Қоңыр қоянның алдынан ақылды үкі шықты.Ол өзінің тапсырмаларын орындаса, қоянға жол табуға көмектесетінін айтты. Ол үшін үкінің айтқан сөздеріне дыбыстық талдау жасау керек екен. Бірақ қоян әлі кішкентай еді. Ол әлі мектепке бармаған. Біз қоянға көмектесейікші.
Үкінің айтқан сөздері:
Жалау демалыс киік тиін орман сазан сиыр
Сабақ жаңғақ әңгіме оқу мысық қырық жүйрік
Негізгі бөлім
Қоянға көмектесуді одан әрі жалғастырып, тапсырмаларды орындау.
Терме диктант
1. Әріп санынан, дыбыс саны көп сөздерді теріп жаз.
Қоян, қоңыр, шіл, аю, таулы, жібек, тоқымашы, аяз, мая, қобыз, торғай, достар, шаян, таяқ, қаһарман, хат, құрмет, мереке, көпір, Бақтияр, қою, монтер, уақыт, мезгіл, тайыз, жақын, шыдам, қиқар, сыйлық,азаю, хайуан.
Сергіту сәті. «Сұр қоян»
2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
Ана, бата, бота, көжек, тірлік, гүл, ыдыс, Отан, итүлкі, көбелек, орта, қою, еңбек, береке, киік, жаяу, жауқазын, қиық, қию, топ, қорап, шөп.
3. «Артығын тап». Сөз құрамына қарап, артығын теріп жаз.
1) таяқ, қоян, жаяу, сыйлық, сая.
2) кітап, қалам, қасық, тай, жарық.
3) қарлығаш, құмырсқа, сандуғаш, аялдама,автобус.
ІV. Қорытындылау
- Міне, балалар, сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындағасын қоңыр қоян өз достарына аман есен жетіп, сендерге рақметін айтып, риза болды..
Пәні: қазақ тілі (факультатив)
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: «Әдемі сөздер әлемі»
Сабақтың мақсаты:
-Әдемі сөздер туралы ұғым қалыптастыру.
-Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
-Баланы ұйымшылдыққа ,адамгершілікке ,ер жүрек,батыр болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілік: суреттер
Түрі: танымдық
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе бөлім
«Буыннан сөз шығар» ойыны
нек жи
ян те
рек өр
һаз қо
Негізгі бөлім
Мақалдарды оқып, түсіндіремін, ішіндегі балаларға ұнаған сөздерді жазғызамын.
Әдептілік, ар-ұят –
Адамдықтың белгісі.
Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке.
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
[pic]
«Ізетті бала» өлеңін оқып, «әдемі сөздерді» тапқызу
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек.
Алға қарай өтіңіз!
Ізетіңмен ұнадың! –
Деп, ағай да Ерланды
Жақсы көріп, нұрланды.
(Ә.Табылдиев)
Сөздік сынақсөз
Рақмет, сәлем, армысыз, қалайсың, кешіріңіз, әдептілік, ұят, төрге шығыңыз, сау болыңыз, рұқсат, көмек, мейрімді, жақсы, әдепті, достық.
ІҮ. Қорытындылау
Пәні: қазақ тілі (факультатив)
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
-Окушыларға Дауыссыз дыбыстарды меңгерту
-Баланын сөздік қорын молайту, өздігінен сөйлем құруға дағдыландырып, тіл байлығын, сөздік корын дамыту;
-Кітап сүйіп оқуға, кітапқұмарлықка тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік,
Көрнекілігі: суреттер ,
Типі: аралас сабак
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу
Тік жардай түсі,
Шұбатылған, тұмсығы күшті.
Таситын жүкті,
Бұл қандай мықты? (Піл)
«Піл» өлеңін көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
[pic]
«Тапқышбектің тапсырмасы»
«Піл» өлеңіндегі әрбір әріпке сөз айту.
Үлгі: Бұрын- балға, ұршық, радио, ыдыс, нан т.б
Шығармашылық диктант
Са...қан, ша..ла, шал..., та..., о...ақ, ш...лқан, то...ай, қу...ршақ, с...біз, қо...ырау.
«Дауыссызды дауыста» ойны
Мұғалім бір сөз айтады, оқушы сол сөздердегі тек дауыссыз дыбысты анықтайды.
Сағат, домбыра, ыдыс, жолбарыс, жусан, Ұлан, құлын, аңшы, шебер, береке, білім, кілт, кит, жұлдыз.
«Сөз ойла, тез ойла» ойны
Бастапқы әрпі мен соңғы әрпі бірдей сөздер табу, дауыссыз дыбыстарды анықтау
4. Қорытындылау Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер құрастырайық.
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегі құрастыруға үйрету.
2. Қиялын дамыту.
3. Оқушыларды еңбексүйгішктікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрініс көрсету, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткенді қайталау.
Дидактикалық тапсырмалар бойынша дыбыстық, буындық сөздік талдауларды пысықтау.
3. Негізгі бөлім .
Ассоцияция «Ертегі»
Сюжетті сурет бойынша ертегі құрастыру.
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Берілген суреттердің ішінен 2 кейіпкерді қатыстырып ертегі құрастыру.
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
-
4. Қорытындылау
Пәні: қазақ тілі (факультатив)
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: «Буын» тақырыбына дидактикалық ойындар
Сабақтың мақсаты:
а)буын туралы білімдерін бекіту
б) Сөздік қорын дамыту,нақты жауап беруге дағдыландыру,өй-өрісін кеңейту.
ә) Ұқыптылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу,дұрыс тамақтануға,денсаулығын сақтауға баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.Негізгі бөлім
1. «Буындар әлемі» дидактикалық ойны
Сызба бойынша буындарды пайдаланып сөздер құрастыру.
2. «Сүт туралы не білесің?» дидактикалық ойны
Сүттен алынатын тағам түрлерін тауып, буынға бөлу
А й р а н І р і м ш і к Қ ұрт М а й
[pic] [pic] [pic] [pic]
3. Сергіту сәті «Үндемей тап» дидактикалық ойны
Мұғалім сөз айтады, оқушылар іштей буынға бөліп, буын санын саусақтарының көмегімен көрсетеді. Барлығы көрсетіп болған соң мұғалім көрсетеді, оқушылар дұрыстығын тексереді.
4. «Буынға бөл» ойны
Құс аттарын атап, сөздерді буынға бөлгізу
[pic]
5. Дәптермен жұмыс
Сөздік сынақсөз
Торсық, қоян, терезе, кебеже, сандық, жеміс, Алматы, қарлығаш, парта, әліппе, ана, таға, өсімдік, тамақ, айран, қарт, қаһарман, асхана, ферма, вокзал, Рая, Ақтау, Нұрсұлтан, кеме.
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы:Дауысты дыбыстарды үйренуге тапсырмалар
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға аңдар жайлы мағлұмат беру, дыбыстық талдау жасауға үйрету.
б) Сөздік қорын дамыту,нақты жауап беруге дағдыландыру.
ә) Ұқыптылыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі, Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.сұрақ-жауап
Көрнекілік: суреттер, слайд
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аударту.
2.Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
1.Оқушыларға суреттер бойынша атын атап дыбыстық ,буындық талдау жасау. Буынның дауысты дыбысқа байланыстылығына назар аударт.
[pic]
2. Дәптермен жұмыс
Ауада және бастыра сызу жұмыстарын алмастыра жазу.
Жазу дәптеріне жазу.
Сергіту сәті (Қол саусақтарына арналған жаттығулар)
3.Дәптердегі суретке сәйкес сызба жұмысын жүргіземін
түлкі тауық қасқыр
аю Аңдар арыстан
қой ешкі
жолбарыс қоян
4. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
[pic]
5. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасау:
Қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс, қабан, кірпі, тиін, борсық, қоян.
Шығармашылық тапсырма
[pic]
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: «Кім жылдам?» жарыс-сабақ
Сабақтың мақсаты:
Сөздердің құрамына талдау, өз бетінше жұмыс жасауға, жарыс білуге үйрету.
-Баланы дыбыстарды дұрыс ажыратуға, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру,ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.
-Адамгершілікке ,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекі
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер
Түрі: жарыс-сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу. Топта жұмыс жасау ережелерімен мұқият таныстыру.
2. Негізгі бөлім
І. «Тез ойлан, жауап бер» Суреттердегі сөздерді атап,буынға бөлу.
ІІ. Жұмбақ шешу, сөз құрамына талдау.
1)Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып,байлауға болады.(Шар)
2) Мұртымен туады.
Мұртын күнде жуады (мысық)
3) Төрт аяқты бір басты.
Жорғалайды жап-жақсы
Арқасында күймесі,
Күйме толы инесі (кірпі)
ІІІ. «Сызбамен жұмыс». Торкөздерге сандарды жаз.
- ІҮ. «Жоғалған буынды тап»
Ү. «Сөз ойла, тез ойла» ойны
У әрпіне аяқталатын 10 сөз жаз.
ҮІ. «Дымбілмеске көмектес».
Қате жазылған сөздерді тап:
Қаиын текіс және тауылы желде үседы. Каиннаң турлі жихаздар жасаладды. Онын маймен былгары онделеды Ол улы газдарты откизбиды. Каиын паидалы ағаш.
ҮІІ. «Қиыннан қиыстыр»
Орындары ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр:
Тамақтандырып болды олар үнемі тиінді тұратын.
Ұстайды жылқыны сырықпен ұзын.
Бойында сәулетті Ертістің салынған қалалар.
3. Қорытындылау