Презентация Менің Отаным Қазақстан 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



1 «ә» сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «
Менің Отаным-Қазақстан»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер

Тәрбие сағатының барысы:

1 қыркүйек күні біздің мемлекетте үлкен мереке-Білім күні,Бейбітшілік күні. Бұл күн сендерге де ерекше, қйткені сендер бүгін оқушы атандыңдар. Балалар, мен сендерді бүгінгі меререкелерімен құттықтаймын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. «Оқу - инемен құдық қазғандай». Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік - биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!

Сонымен ,балалар, сендер 1 «Ә» сынып оқушыларысыңдар.Біздің сынып ең ақылды,ең білімді,ең тәртіпті болады деп ойлаймын.Ал сендер де солай ойлайсыңдар ма?

Ұйымдастыру кезеңі: 1.

Алғаш сабағымызды бастамай тұрып, бір - бірімізбен танысып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрып «Достық шеңберін» құрайық. Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.Мен сендердің алғашқы мұғалімдеріңмін.Менің аты-жөнім Омарова Дарига Сулейменовна. Мен сендерді оқуға ,жазуға үйретемін.(Әр бала өз атын атайды). Балалар,сендер естеріңе сақтап алыңдар.Жақсы танысып алдық,енді орнымызға жалғасайық.

Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. «Отан» деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
-Дұрыс ,балалар, Отан деген ол ата-анаң, туған жерің,отбасың.

Ал,балалар, тақтаға қараңдаршы.Күннің көзі өз шуақтарын шашалмай тұр.Сендер күннің көзінің сұрақтарына жауап беріп,шуақтарын шашуға көмектесіп жіберіңдерші.
- 1 сұрақ Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-2 сұрақ ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
- 3 сұрақ Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- 4 сұрақ Біздің президентіміз кім? /Н. Ә. Назарбаев портреті/
- 5 сұрақ ҚР рәміздеріне не жатады? /ту,елтаңба,әнұран/
- 6 сұрақ Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?

ҚР халқы бір - бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда тұрамыз.

Ия,балалар, біз Қазақстанда барлық ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Бізде соғыс жоқ.Қазақстанда адамдар өте мейірімді,қонақжай.Балалар,және биыл ҚР Конституцисын 20 жыл толып отыр. Коституция деген ол Ата заң. Сендер мектепте тегін оқисыңдар осының бәрі Конституцияда жазылған.
- Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.


Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі.
- Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?


Ойын: Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа - райы құбылыстарын айтамын.
Дұрыс болса - қол шапалақтаймыз!
Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз!
• Жазда жиі жаңбыр жауады.+
• Қыста алма піседі.-
• Көктемде жеміс - жидек жинаймыз.-
• Қыста боран соғады.+
• Күзде суық жел соғады.+
• Жазда қарлы, аязды күндер жиі болады.-
• Қыстыгүні гүл жинаймыз. –
• Көктемде ағаштар бүршік атады+


«Шашылған әріптер» ойыны

-Балалар, мында «Отан», «бала»,»мектеп» сөздерінің әріптері шашылып қалыпты.Сол әріптерді орнына қою керек.

Құрметті оқушылар! Сендерді тағы білім күнімен құттықтаймын! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.