Күні: | Мектебі: №219 Ы. Алтынсарин |
Мұғалімі | Кембаева Ләззат |
Сыныбы | 2 «Е» |
Пәні | Бейнелеу өнері |
Сабақтың тақырыбы: | Дизайнер-суретші деген кім? |
Сілтеме: | Оқулық, 98-99 бет |
Жалпы мақсаттары: | Танымдық:Дизайн түсінігімен таныстыру. Суретші еңбегінің әртүрлілігі мен дизайнның біздің өміріміздегі алатын орны жайында түсінік бету. Эмоциялық:Психологиялық жағымды ортада жұмыс жасауға ықпал ету. Қиалдай білуді дамыту. Әлеуметтік:Әлеуметтік өзара әрекеттестікте оқыту арқылы барлық оқушылардың оқыту оқу үдерісіне қатысуына жағдай жасау. |
Оқу нәтижесінде: | Заттар мен денелердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу арқылы түрлі идеялар ұсынады. Өз қиалындағы жұмыстарын жасайды. |
Тапсырма көздері,әдіс тәсілдер:
| «Атом-молекула»ойыны, «Ойлан тап!»ойыны, талдау-баяндау әдісі,топтық жұмыс,жұптық жұмыс. |
Негізгі идея: | Сыни ойлау,өзіндік сана сезім, өзіндік таным қабілеттері артады. Сабаққа белсенділікпен қатысады, диалогқа түседі.Түрлі жұмыстарын ұсынады. |
Сабақтың көрнекілігі: | Түрлі заттар,суреттер, оқулық, бояулар. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
|
Мотивациялық кезең 4 минут | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Атом-Молекула» ойынын ойнату арқылы топтарға бөлу. | Оқушыларды топтарға топтастыру.2-4 дегенде сонша адамнан, соңында әр топтан 5адамнан топтасады. |
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут | «Қазақ ою өрнектері,» тақырыбында орындаған текемет пен кілемдерін бағалау, тексеру.Үздік жұмыстарды атап салыстыру, бағалау | Үйден орындап келген жұмыстарын көрсету. |
Жаңа сабақ 24 минут | «Ойлан да тап, тез жауап қат!» ойыны(СтО-ұтқырлық) Мұғалім бірнеше заттарды әкеліп көрсетеді . Топтардың толық әрі нақты жауап берген оқушыларына жетондар беріп отырады.(жетондар арқылы бағалау) Ашық сұрақтар -Осы аталған заттарды кім жасады деп ойлайсыңдар? -Мұндай бұйымдар не үшін керек? Осындай сұрақтар арқылы сабақтың мазмұны ашылады. Баяндау. «Әдемі,ыңғайлы әрі пайдалы бұйымдарды ойлап тауып,оларды жасауға көмектесетін суретші-Дизайнер деп аталады.»(дәптерге жаздыру) Дизайнер суретшінің жұмысындағы басты қағидалар-беріктік,қолайлылық және әдемілік.Дизайнер –суретші заттардың пішінін ойластырады,әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздестіреді. Дизайнерге талғам мен көрегендік аса қажет. Заттар мен бұйымдарды көрсетіп ерекшеліктеріне тоқтала отырып түсіндіру. Қол жаттықтыру жұмыстары. Бірнеше сызық түрлерін сызып көру, қолдарын сурет салуға жаттықтыру. Жұптық жұмыс Сарамандық тапсырма:түрлі заттар мен бұйымдар жасап шығару. Дизайнер болу үшін негізгі шарттар: Беріктік Қолайлылық Әдемілік Осы қағидаларды ескере отырып өз жұмыстарын жасайды.
| Оқушылар сол заттардың не зат және неге керек екенін атап айтып шығады.
Топтар жетонды көптеп жинауға талпынады.
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Дәптерлеріне жазып алу.
.
Әрбір оқушы жеке өзіндік жұмыс жасайды бірнеше сызық түрлерін сызып көрсетеді.
Жұптаса отырып жаңаша идеяларын ұсынады |
|
|
|
Бекіту тапсырмалары. Қорытынды. 7 минут | «Автор орындығы» ойыны. Топтардан оқушылар шығып сабақ мазмұны бойынша қысқаша түсініктеме береді.
| Сабақ мазмұнын қысқаша баяндау. |
Бағалау 3 минут | Бағалау түрлерін қолдану, түсіндіру. ОүБ-2(топта бағалау) «Екі жұлдыз бір ұсыныс» | Топ жұмыстарының ерекшеліктерін атап шығу. Топтарға жұлдыз немесе ұсыныстарын беру. |
Кейінгі тапсырмалар 1 минут
| Үйге берілген тапсырмаларды түсіндіру. Өз ойларынан бірнеше бұйымдар жасау. | Өз ойыңнан бірнеше бұйым жасап суретін салып келу. |