.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
«Таным».
«Қатынас».
«Әлеуметтік орта».
«Шығармашылық».
Мақсаты:Жыл мезгілінің ерекшелігі туралы балалардың түсінігін кеңейту,жа-
ңа сөздерді меңгертіп,алған білімдерін тиянақтау.Ертегі арқылы сөздік қорын молайту.Балалардың сөйлеу әрекетін,есте сактау қабілетін дамыту.Тілге деген сүйіспеншілігін арттырып,оны құрметтеуге үйрету.Табиғатты сүюге,қорғау тәрбиелеу.Көмек беру,мейірімділік,жақсылық жасаусияқты қасиеттерді баланың бойына дарыту.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивация-
лық қозғаушы.
П.Ж
«Шаттық шеңбері».
Балалармен шеңберге тұрып,
шаттық шеңберін ұйымдастырады.
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз.
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар.
Қайырлы таң қонақтар.
Ұйымдасты-
ру кезеңі.
Т.с.
Т.с.
А.Ж.
-Балалар,қазір жылдың қай
мезгілі?
-Дұрыс айтасыңдар,қазір
қыс мезгілі.
-Қыста қандай мереке болады?
-Сендерге жаңа жыл мерекесіне кім келді?
-Сендер Аяз Атаның қайда тұратынын білесіңдер ме?
-Дұрыс,Аяз Ата өте алыста,
солтүстікте, «Мұз патшалы-
ғында» тұрады.Ал сендер сол «Мұз патшалығына» барғыларың келе ме?
-Ендеше,бәріміз Аяз Атаның Отаны-«Мұз патшылығына» саяхатқа аттанайық.
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Жаңа жыл мерекесі болды.
-Жаңа жыл мерекесіне бізге Аяз Ата,Ақша қар келді.
-Алыста тұрады.
-Мұзда тұрады.
-Қары көп жерде тұрады.
-Иә,барғымыз келеді.
Балалар қуана-қуана келіседі.
-Жарайды.
А.Ж.
Т.м.
Т.м.
Т.м.
Т.м.
Тм..
Т.м.
Т.с.
Т.с.
Қысқы орман көрінісі.
Балалар жолда құраулы бұтақтарға кез болады.
-Балалар,жолдың бәрін қы-
раулы бұтақтар басып тастапты,қанекей,ашып кө-
релік.
Балалардың қолы бұтақтарға
тигені сол екен.
-Ой,балалар,қараңдаршы,
бұл қыраулы бұтақ жай бұтақ емес,ерекше бұтақ секілді.
Бұтақ:
-Егерде сендер менің сұрақ-
тарыма жауап бермесеңдер,
мен орнымнан қозғалмай-
мын.Сендер бұтақтарды жерден көтеріп,қыс мезгілі-
нің ерекшеліктері туралы айтуларың керек,-дейді.
Бұтақ:
-Бәрекелді,қандай білімді балаларсыңдар?!Білімдінің
жолы арқашан ашық болу керек.мен сендерге сәт сапар
тілеймін.Сау болыңдар.
Тәрбиеші:
-Балалар,жаңа сөзді бірге қайталайықшы.Жаңа сөз-
«Қыраулы бұтақ-ветки в инее-branch-line in hoar-frost
Балалар ары қарай жүреді.
Бір уақытта алдарынан үйілген қар кездеседі.
Тәрбиеші:
-Ой, балалар,мынаған қараңдаршы,біздің жолымы-
мызды көп қар басып тас-
тапты.Қар түйіршіктері жи-
налып,төмпе қар түзеді екен.
-Ендеше,балалар,жаңа сөзді бірге қайталайықшы.Жаңа сөз-«Қар түйіршігі-снежок-snow ball».
Сол кезде үйілген қарға тіл бітеді:
-Мен жәй қар емеспін,си-
қырлы қармын.Менің әр түйіршігімде заттар жасы-рынған, егер де сендер сол заттардың атауларын дұрыс айтсаңдар,мен сендерге жол беремін.
-Балалар,бұл жай қар емес,
сиқырланған қар екен.Қане, ашып көрелік
-Бәрекелді ,балалар,тапсыр-
мамды дұрыс орындадың-дар.Өте тапқыр,талантты бала екенсіңдер.Талаптары-
ңа нұр жаусын.Жолдарың
болсын.
Сапарды әрі қарай жалғас-тырады.Бір уақытта «Омбы қарға» тап болады.Балалар
«Омбы қардан» қалай өтерін білмей тұрып қалады.
Тәрбиеші:
-Балалар,бұл жолды да көп қар басып тастапты.Мына омбы қардан қалай өтеміз.
Міне, балалар,мынадай тау
болып үйілген қарды «Омбы
қар» деп атайды.Бірге қайта-
лайықшы «Омбы қар-огромный сугроб-much snow».
Сол кезде «Сиқырлы қарлар» адамша сөйлей жөнеледі.
-Егер де сендер мақал-мәтел айтып бермесеңдер,мен орнымнан қозғалмаймын.
Омбы қар:
- Бәрекелді,сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар.Білімді,пара-
сатты балалар екенсіңдер.
Жолдарың болсын.
«Омбы қар» ашылады.
Балалар сапарларын әрі қарай жалғастырады.Келе жатырса алдарынан қоян шығады.
Тәрбиеші:
-Сәлеметсің бе,қоян,сен неге
жылап отырсың?
Қоян:-Сәлеметсіңдер ме,балалар.
Мен бір жыл бойы балалар-мен болдым.Балалар мені-
мен қоштасарда әдемі безендірілген жасыл шырша
жанында әсем ән салып,би
билегенімді есіме алып отырмын.Ал мына шырша
сондай көңілсіз,әдемі ойын-
шықтары да жоқ.Қалай бе-
зендіруді де білмеймін.
Тәрбиеші:
-Балалар,қоянға көмектесе-
міз бе?
-:Ендеше бәріміз,
әдемі ойыншықтар жасайық.
Қоян қуанып:
-Рахмет,балалар,сендер ме-
нің көңілімді көтеріп таста-
дыңдар.Мен достарымды
шақырып,жаңа жыл кешін
есімізге түсіріп,бір қуанып
қалатын болдық.Сендер қа-
йырымды,әдепті,әрі шебер
екенсіңдер.Әрқашан да осылай қиындық туғанда бір-біріңе көмектесіп тұрың-
дар.Мен сендерді достарым-мен шырша жанына көңілді
кешке шақырамын.
Тәрбиеші:
-Қоян,рахмет,біздер Аяз-Атаның Отаны- «Мұз пат-
шалығына» бара жатырмыз.
Қоян:-Жарайды,ендеше осы жолмен бұрылмай тіке алға қарай жүре берсеңдер Аяз Атаның патшалығын көре-сіңдер.Сау болыңдар.
БалаларАяз Атаның «Мұз
патшалығына» жақындай-
ды.
Осы мезетте қуанышты музыка ойнап,сиқырлы шамдар жарқырап «Мұз
патшалығынан» Аяз Ата шығады.
-Қош келдіңдер ,балалар.
Сендер қайдан келесіңдер?
Мұнда қалай жеттіңдер,
жолда қиын болған жоқ па?
Аяз ата:-Мен де сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүріңдер,менің патшалы-
ғымды көрсетейін. (Патша-
лықты аралайды).
-Мұнда ауа таза.Мен денсау-
лығымды жақсарту үшін мына мұзда күнде коньки-мен сырғанаймын.
Сендерді көргеніме қуанғаным сонша,өздерің-
мен қосылып,мына шырша-
ны айнала бір ән орында-
сақ қайтеді.
Бәрі қосылып,«Көрікті шыршамыз» әнін орын-дайды.
Тәрбиеші:-Аяз Ата,біздің елге қайтатын уақыт та таяп
қалды.Біздің балалар да сіз-
ді көргендеріне қуанышты.
Аяз Ата:
-Жарайды,балаларым,менің сендерге силығым бар.Мына
кішкентай суретімді ескерт-
кішке ұсынамын,ал мына
дорбада өздеріңе деген тәтті
дәмдерім.Сау болыңдар.
Үлкен азамат болыңдар.
Мен сендерге бір жылдан соң барамын.Жолдарың бол-
сын!!
Ұйымдастырған оқу іс-әрекеті аяқталды.
Балалар орманды тамаша-
лап келеді.
Балалар таңырқай қарайды.
-Қыста айнала аппақ қар.
-Күн суық болады.
-Кей жерлерде мұз болады.
-Адамдар жылы киімдерін
киеді.
-Қыста біз шанамен сырғанақ тебеміз.
-Коньки тебеміз.
-Аққала соғамыз.
-Сау болыңыз.
«Қыраулы бұтақ-ветки в инее-branch-line in hoar-frost».
Балалар ары қарай жүреді.
Бір уақытта алдарынан үйілген қар кездеседі.
-«Қар түйіршігі-снежок-snow ball».
Балалар қар түіршіктерін
ашады.
-Мынау-машина,түсі-көк.
өзі-қатты.
-Мынау-қуыршақ,жұмсақ.
-Мынау-доп,жұмсақ.Түсі-қызыл.
-Мынау-суретке түсіргіш.
Балаларбірге қайталайды.
«Омбы қар-огромный сугроб-much snow».
Балалар мақал-мәтел айтады.
-Сау болыңыз.
Балалар мұқият тыңдайды.
Қоянға аяушылық білдіреді.
Балалар:Иә,көмектесеміз.
Балалар жерден жаңғақ
теріп әкеліп,шыршаға іледі.
Кейбіреуі мұз,аңдардың
мүйізі, тұяғы секілді таби-
ғи заттардан шыршаны безендіреді.
-Сау болыңыз.
БалаларАяз Атаның «Мұз
патшалығына» жақындай-
ды.
Балалар:
-Сәлеметсіз бе, Аяз Ата,
Біз №35 «Шұғыла» бөбек-
жайының балаларымыз.
Біз сізді сағынып,амандаса
келдік.Жолдағы қиыншы-
лықтың бәрін жеңдік.
Балалар «Мұз патшалығы-
ғын» аралайды.
Бәрі таң-тамаша.
Бәрі қосылып,«Көрікті шыршамыз» әнін орын-дайды.
Балалар қолдарын бұлғап, Аяз Атамен қотасып тұрады.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Қиын жағдайда қол ұшын беру керектігін.
Игереді: -Қыс мезгілін,оның ерекшелігін.
-Ойыншықтарды ажыратады. Түсерді ажыратады.
-Жаңа сөздерді игереді.
Жасай біледі: -Мақал-мәтелдерді қолданады.
-Жақсылыққа қуанады.
-Көмек барысында жалпы ұжымдық танытады.
-Табиғат сұлулығын түсінеді.
-Саяхат жасауға ынта білдіреді.
Шартты белгілер:
П.ж-педагогикалық жинақтама
А.ж-ауқымды жұмыс
Т.м-танымдық материал
Т.с-танып білуге қатысты сұрақтар