1.Білім беру саласы : Қатынас
2.Бөлімдері: Сауат ашу жазу негіздері.
3.Оқу іс-әрікетінің тақырыбы: В дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін кеңейту.
В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,
В дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік
Қорын молайтып,сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып
Сөйлеуге үйрету.Балалардың ойлау қабілетін,қиялын,
Зейінін дамыту.(Буын,сөз құрау,жұмбақ шешу,жаңылтпаш
Айту).Балаларды таза ,әдемі жазуға қолдарын жаттық-
Тыруға дағдыландыру.
Көрнекілігі:кеспе әріптер,суреттер,тірек-сызба.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2.Психологиялық әрекеті:
Амансың ба,Алтын күн.
Амансың ба,Жер ана.
Амансың ба,Көк аспан,
Амансың ба,достарым!
Балалар орындарынан тұрып.
Қуанамын,күлемін,
Жылы менің жүрегім.
Достарыма үнемі,
Риза болып жүремін.(шаттық өлеңін айтады).
1.-Біз өткен әріптерді қайталайық.(тақтадан әріптерді көрсетемін,әрбір оқушы жеке-жеке жауап береді).
2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Дауысты қандай текшемен белгіленеді?
4.Дауыссыз.
Өте жақсы.
Жаңа сабақ.
Өлең оқу.Ш.Ахметовтың «Бұл қай болады?» Жұмбақ өлеңін оқумен бастайды.Жұмбақтың шешуі: (Көктем мезгілі).
Көктемде қандай гүлдер өседі?
Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?
Анамыз гүлді қайда салады?
Вазаға.
Ваза сөзінде таныс емес қай дыбыс?
В дыбысы _-дауыссыз дыбыс.
2.Жұмбақ шешу .
Бір атым бар-
Құлын болып тумаған.
Құлан болып өспеген.(жауабы: велосипед).
Велосипед (суреті) –қай дыбыстан басталады?
В дыбысы дауысты дыбыс па,әлде дауыссыз дыбыс па?
Дауыссыз дыбыс.
Велосипед –сөзінде неше буын бар?
Дәптермен жұмыс.
Вагон,ваза,талдау аквариум-сөздеріне дыбыстық талдау жасау,ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады.
3. Дәптермен жұмыс –балаларға сөздерді,буындарды құратып оқытады.Барлығы хормен қайталап оқиды.(оқиды).
Жазу жұмысы: В әрпін ауада жазып көрсетеді ,осыдан соң балаларға жаздырады.Дәптердегі үлгі бойынша в дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
В дыбысын қатыстырып,сөйлем ойластырады.
Вагон Велосипед
Волга [pic] Вена
Бұл сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау.
Өтірік өлең оқиды,өлең ішінен в дыбысы бар сөздерді тауып айтады .
Сергіту сәті;
Жел соғады бетіме,
Ағаштар да тербеле.
Жел тына қалады.
Ағаштар биік болып өседі.
3.Тауықтың тапсырмасы орындайық,қол көтерген бала жауап береді.(Тапсырма –жұмбақ шешу).
Қызыл түсті,
Мөлдір сулы.
Сырты түсті,
Тасты,құмды,
Жасыл түсті балықтар,
Әйнек үйде қалықтар.
1.Жұмбақты шешсең,ол жұмыртқасын береді,кім алады екен.(аквариум)
2.Аквариум сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Яғни су екен.Су туралы кім мақал-мәтелдер біледі?
1.Су-анасы бұлақ.
2.Судың да сұрауы бар.(өте жақсы).
Балалар ,дұрыс айтасыңдар,сусыз күніміз жоқ,сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар,дұрыс пайдаланыңдар.
Сонымен біз қай әріппен таныстық?
Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
Бағалау.(Жұлдызша тарату –қонаққа келген тауықтың сыйы).
Тіл ұстарту жаттығуы.
1.Өс-өс -өс,
Құстар бізге дос.
2.Үз үз үз,
Суда еркін жүз.
Доп лақтыру.»Сөз құра,көп құра» -дидактикалық ойыны арқылы пысықтайды.Мысалы:А-алма,Д-доп,Қ-қияр,С-сағат,Б-бақа,Ш-шана,В-вагон ойынымен аяқтау.Осымен сабағымыз аяқталды.