Бұлбұлдың әні" Мәдіхат Төрежанов
Сабақтың тақырыбы: «Бұлбұлдың әні» М.Төрежанов
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құстары туралы түсініктерін тереңдету.
ә) тәрбиелік: табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу
б) дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дамытушылық, сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, өмірмен байланыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, портрет, интерактивті тақта, эмблема,
Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.
1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу - құралдарының әзірлігін тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қане барлығымыз оқу - құралдарымызды дайындап алайық. Бүгінгі сабақта түгелміз бе?
Олай болса, қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы. Яғни, бұл сабақ жай сабақ емес. Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше болмақ.
2. Қызығушылығын ояту.
Жаңбыр дыбысы, күннің күркіреуін таспадан тыңдату және бейне материалды қарау.
- Балалар, бұл қай кезде болады?
- Бейне жазбадан нені көрдік?
- Жаңбыр.
- Олай болса, қане, кім үй тапсырмасын айтады, үйге қандай тапсырма берілді?
а) Жаңбыр өлеңін жатқа айту және эссе жазу.(Балалардан үй тапсырмасын сұрау), эссені оқыту.
ә) Үй тапсырмасын бекіту.
- Балалар жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер? (Нөсер жаңбыр, ақ жауын, соқыр жаңбыр.
- Дүниетану пәнінен белгілі, аспанды қандай бұлт торлағанда жаңбыр жауады? (Будақ бұлт және қабат бұлт)
- Жаңбырдың бізге қандай пайдасы бар екен?
ІІІ. Ой қозғау
- Жаңбыр жауып басылғанда табиғатта қандай құбылыс болады?
- Кемпірқосақты көргендерің бар ма?
- Неше түстен құралған?
- Аспанда нелердің дауысы естіледі? (Жәндіктер мен құстардың)
- Қандай құстарды білесіңдер?
(қаз, торғай, әтеш, сауысқан, бозторғай, қарға, бұлбұл)
- Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
(дала құстары, үй құстары т. б.)
- Құстар қалай дыбыстайды?
(қаз қаңқылдайды, торғай шиқылдайды, әтеш шақырады, қарға қарқылдайды, бозторғай шырылдайды, бұлбұл сайрайды)
ІV. Қызығушылығын ояту. Бұлбұл үнін тыңдау бейнебаянымен
Балалар, олай болса бәріміз тақтаға қарай отырып, мына дыбысты тыңдап көрейік.
- қандай құстың үні ерекше естіледі?
- демек, мынау қандай құстың суреті екен?
Бұлбұл - әнші құс. Оның екі түрі болады.
дала бұлбұлы
тоғай бұлбұлы
[pic]
Бұлбұлдар – сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар.Олар Сырдария, Шу, Ертіс жане Жайық өзендерінің бойында жане Көкшетау өңірлеріне ұялайды. Дене тұрқы 160-190 мм,қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара- сұр,қоңыр –сұр, бауыры ақшыл болады.Бұлбұл – жыл құсы.
Ал, сендер қазақтың қандай бұлбұл әншілерін білесіңдер ме?
- Қазақтың бұлбұл әншілері - Күләш Бәйсейітова және Бибігүл Төлегенова.
[pic]
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
[pic] Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
[pic]
- Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» атты әңгімесі. Барлығымыз мына портретке мән берейік. ( Тақтада Мәдіхат Төрежановтың өмірбаяны мен портреті ілінген)
1921 ж. Ақмола(бұрынғы Целиноград) Аққол ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген, жазушы. 1986 жылдан КСРО жазушылар одағының мүшесі. Оның «Қолғабыс», «Кішкентай бағбан». «Еңбегіне қарай»атты шығармалары бар.
1. Мәтінді оқушылар тізбектеп оқу.
2. Мәтіннің мағынасын ашу.
3. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау.
- Мәдіхат пен Әбдеш қайда келе жатты?
- Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ма?
- Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен?
- Көңілденген бұлбұл не істеді?
4. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
3. Мәтінді бөліктерге бөлу.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы.. Бұлбұлдың тамылжыта сайрауы.)
VІ. Топтастыру. Бұлбұл қандай құс екенін сипаттау.
Х. Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс.
Үй құстары. Дала құстары. (Эссе жазу) Бес жолды өлең құратып оқыту
Зат есім. Бұлбұл
Сын есім. Әнші, әдемі,нәзік.
Етістік. Сайрайды ,қонады, ұшады.
Сөйлем.Бұлбұл- орманның әнші құсы.
Синоним.Құс.
ХІ. Сабақты қорытындылау.
INSERT кестесі
Не білемін? Нені білдім? Білгім келеді?
ХІІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінік айту. Бұлбұл құсы туралы мәлімет жинау
р [pic]