Тақырыбы: «Толағай» отбасылық-спорттық сайыс.
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу,мектеп пен отбасының бірлігін нығайта түсу.Ептілікке,батылдыққа шымыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: спорт залы,ұрандар жазылған парақтар,сайысқа қажетті құралдар.
Барысы.
І.Сайыстың ашылу салтанаты.
Би: «Көбелектер»
Мектебіміздің директоры Муратова Ұлмекен Сағынқызына құттықтау сөз береміз.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер,ата-аналар,балалар, бүгінгі мектепалды даярлық сыныптарының арасында оздырылып отырған «Толағай» отбасылық-спорттық сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Алдымен сайысқа қатысатын отбасыларды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:Жарыстарда озатын,
Бәрінен алда болатын,
Болашаққа бүгіннің
Спортқа қол созатын «Сұңқар» тобын
Ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Кімдер күшті, кім алып,
Күш сынасып бағалық.
Доп тебісіп жүгіріп,
Қарсыласты жығатын «Барыс» тобын
Ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Құлпырған дала гүліндей,
Жүретін ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жете бергін сүрінбей-деп «Тұлпар» тобын
Ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Кімдер күшті,кім алып,
Әділқазы көріңіз.
Қара қылды қақ жарар,
Әділ баға беріңіз-дей отырып әділқазы алқасын сайлап алайық.
2-жүргізуші: Әр отбасы өздерін таныстырып өтсін.
1-жүргізуші: Рақмет,енді бүкіл сайыскерлер бірге «Қара жорға» биін билеп денемізді шынықтырайық!
2-жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1.Кім жылдам.
2.Қосаяқ
3.Допты себетке салу.
4.Құрсаудан құрсауға секіру.
5.Бәйге жарысы.
6.Кенгуру
7.Арқан тартыс.
1-жүргізуші: Шат күлеміз жайраңдап,
Біз ойнаймыз асыр сап.
Туған жерде сайраңдап,
Еркін өсер жас ұрпақ-деп кезекті 1-бөлімге берейік.
1-бөлім «Кім жылдам»
Шарты: Отбасы мүшелері түгел қатысады.Кедергілер арасымен жүгіріп,кері қайту керек.
2-жүргізуші: 1-бөлім «Қосаяқ»
Шарты: бұл сайысқа тек ата-аналар қатысады,кезектесіп қапты аяққа киіп секіріп барып, кері қайту керек.
1-жүргізуші: 3-бөлім «Допты себетке салу» атты бөлімге кезекті береміз.
Шарты: Ата-ана және баласы қатысады.Кезектесіп үшеуі допты лақтырады,себетке дәл тиген доп қана саналады.
2-жүргізуші: Ей,жігіттер
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата-салтын құрметтеп.
Ақтай білсін ата-баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп-деп келесі 4-бөлім «Құрсаудан құрсауға секіру» атты бөлімге береміз.
Шарты: Ата-ана және баласы қатысады.Бірінші әкесі құрсаудан құрсауға бір шетінен екінші шетіне дейін жетеді,келесі кезекті анасына береді,содан соң баласы орындайды.
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түспей,жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай-деп келесі кезекті бастаймыз.
5-бөлім «Бәйге жарысы» атты бөлімге береміз.
Шарты: Әр топқа бір-бір ат беріледі.Топ мүшелері атқа мініп секіріп,кезектесіп атты бір-біріне береді.
2-жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,
Әзірге маңдайдағы құндызымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын.
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз-дей келе сайысымыздың 6-бөлімін бастаймыз. «Кенгуру»
Шарты: Сайысқа топ мүшелері түгел қатысады.Белгі бойынша допты екі аяқтың арасына қысып белгіге дейін барып,кейін қайту.
1-жүргізуші: Ойынымыздың соңғы 7-бөлімі «Арқан тартыс» атты бөлімге кезек берейік!
Шарты: Ортаға екі топтың мүшелері шығады. Арқанның екі шетінен ұстап тартады.Жеңген топ келесі топпен арқан тартысады.
2-жүргізуші: Жарқын,шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластықпен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-жүргізуші: Енді сайысымыздың қорытындысын жариялау мақсатында әділ қазы алқасына сөз береміз.
Би: «Шөжелерім»