Наурыз-жыл басы (Даярлық топ)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пәннің аты:

Қоршаған орта

Уақыты:11.03.16

Кабинет

Мұғалім:

Сармолдаева М

Сабақтың атауы

Наурыз – жыл басы. /қайталау/

Мақсаты

1. Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру.

2.Көктем мезгіліндегі табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

3.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Сөздік жұмыс: салт-дәстүр, ырым, т.б.

көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері.

Жарқырап бүгін атты күн.

Шашып бізге шапағы.

Тілеймін сіздерге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге

жаттығу жасайды,бір-бірімен

сәлемдеседі:


Қызығушылығын ояту





[pic]

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі

Мағынаны тану





-Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады.

Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру.

Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу.

Наурыз тойы-береке,

Наурыз –тойы-жыр-аңыз.

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.

Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындатады:

а)Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр.

ә) Наурызда қандай ұлтық ойындар ойналады?

[pic]

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер

Өлең жолдарын қайталап,жаттығу жасайды.

Ой толғаныс




Сұрақ –жауап арқылы алған білімдеріне қортынды жасалады.

Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

Наурыз жыл басында табиғатта қандай өзгеріс болады?

Көктемнің алғашқы айында қандай мерекелер болады?

Үйге тапсырма

Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін жаттап келу.

Үйден тапсырманы орындайды.

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.


Кері байланыс

[pic] [pic]