Оқушыларды топқа бөлемін. Тыныс алумүшелері мен қаңқа бөліктері атаулары жазылған қағаздарды таңдап топқа бөлінеді. Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
а. Сабақтың тақырыбын ас қорыту мүшелері бейнеленген суреттер беру арқылы тапқызамын. -Балалар енді біз бүгін одан әрі адам ағзасы туралы білімімізді толықтырамыз. Жаңа сабақ бастамас бұрын өткенге шолу жасайық Үй тапсырмасын тексеру Сигналды карточкалар арқылы бағалайды. Сұрақтар: Тыныс алу мүшелерін ата. Адам қандай ауамен тыныс алады? Тыныс алу гигиенасы.
Топтарға тапсырма 1-топ, тыныс жолы ретімен орналастыр. Кеңірдек Өкпе Мұрын қуысы Кеңірдекше
2-топ, тыныс алғанда Оттегінің бірінші өкпеге баруы Көкірек көтеріледі Оттегі қанға араласады Өкпе ұлғаяды Оттегі қан тамырларына араласып денеге тарайды
Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы (тақырып тақтаға жазылады) Балалар біз алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттарды тағамнан алатынын білдік. Енді қан оларды қандай күйде, қалай алатынын талқылайық (сұрақ-жауап, ой қозғау). [pic] Топтарға тапсырма берілген сурет бойынша астың денеге таралу жолын ретімен жазғызамын. Өтілетін жаңа материал болғандықтан қалай жазды солай қабылдаймын. Ауыз Өңеш Жұтқыншақ Асқазан Ішек Бауыр Ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы, Қорытылған сұйық ерімтал күйде Ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді. Ол қани тамырларымен дененің барлық Мүшелерін қоректендіреді. Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.
Кітаппен жұмыс. Оқулықтағы жаңа материалды әр топтан бір оқушыға дауыстап оқыту. Топта асқорыту жолын қайта сызғызып қателерін түзету.
|