Сабақтың тақырыбы: 1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Оқушылармен көбейтудің және бөлудің дербес жағдайларын қайталай отырып, 1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту тақырыбының мағынасын ашу. Көбейтуді қосумен алмастыру біліктілігін арттыру.
Көбейтіндіні қосындымен алмастыра алуды, теңдіктерді салыстыруды, амалдарды орындап, периметрді таба білуді пысықтай түседі.
Психологиялық дайындық
Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан-жаққа.
Бәрі бар ма орнында?
Қалам, дәптер, кітап та.
Қызығушылықты ояту
Оқушыларды топтарға бөлу
Қосу, азайту, көбейту және бөлу деп төрт топқа бөлінеді.
-Балалар, неліктен топтарымыздың атын бұлай атадық?
-Себебі, математика сабағынан қосу және азайту амалымен таныспыз. Ал, қазір біздің игеріп жатқанымыз көбейту және бөлу амалы болғандықтан осылай атадық.
Ребус шешу
Жауабы: Көбейту
Үй тапсырмасын тексеру
№6, 217-бет
1-топтың тапсырмасы
(37-13)*0=
(78+44)*1=
(93-70)*0=
20*(30-29)=
2-топтың тапсырмасы
33*0+9=
44*1-0=
5*0+5=
10*1-4=
3-топтың тапсырмасы
5*0+6*1=
9*1-7*0=
999*1=
10*0+4=
4-топтың тапсырмасы
Көбейту және бөлудің компоненттерін ата.
Жаңа сабақ
Мағынаны ажырату сатысы
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықпен жұмыс
№1,2
Көбейтіндіні қосындымен алмастырып, нәтижесін табу және теңдіктерді салыстыру.
1*3=1+1+1 1*2=1+1 1*4=1+1+1+1
0*3=0+0+0 0*2=0+0 0*4=0+0+0+0
Есіңе сақта!
-Кез келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
-кез келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
№3
«Кім жылдам» ойынын ойнай отырып шығару.
1*8=8 1*30=30
0*10=0 0*40=0
1*9=9 1*27=27
0*7=0 0*25=0
1*12=12 0*38=0
Слайд №5
Сергіту сәті
Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.
№4. Өздігінен орындауға арналған тапсырма: Амалдарды орында.
(65-65)*7=0 48-0*4=48
1*(25-18)=7 1*19-9=10
(48-47)*8=8 0*5+5=5
(57-57)*89=0 6-1*5=1
№5. Есепті шығару.
А) Болғаны – 80 қап арпа
Шаруашылыққа жұмсалды – 23 қ
Диірменге тартылды – 32 қ
Қалды - ?
Шешуі: 80-(23+32)=25(қ)
Жауабы: қоймада 25 қап арпа қалды.
ә) Сүт зауытынды – 59 л
май айыруға – 23 л
қаймақ айыруға – 25 л
ірімшікке – ?
Шешуі: 59-(23+25)=11
Жауабы: Ірімшік жасауға 11 л сүт жұмсалды.
№7. Қабырғаларының ұзындықтары 5 дм және 6 дм тік төртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен есептеп шығар.
Р=5дм+5дм+6дм+6дм=22 дм
Р=5дм*2+6дм*2=22 дм
Шығармашылық тапсырма: «Ботақанға көмектес»
(2?4?3)?2?5=50
Ойтолғаныс (рефлексия)
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
-1-ді санға көбейту, 0-ді санға көбейту туралы не түсіндік?
Үйге тапсырма: №6, 219-бет
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Мұғалім өзінің қорытынды бағасын айту.