Заман талабына ілесу білім саласының басты міндеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Рудный қаласы Қашар кенті

2 Қашар орта мектебінің

мұғалімі:Ж.Г.Бержанова

Заман талабына ілесу білім саласының басты міндеті

Заман талабына ілесу білім саласының басты міндеті десек бұл тұжырым өте орынды. Өйткені қазіргі заман талабына сай білім беру мен бірге замана ағымына лайықты жеке тұлғаны білім нәрімен сусындату әрбір білім мекемесінде қызмет етуші ұстаздың алға қойған басты мақсаты.Жаңашылдықты танып,өз өміріне тиімді қолдана алатын шәкірттерді тәрбиелеу мен қатар күтер үмітімізде аз емес.Ал осы жаңа әдіс-тәсілді игеру мен оны тәжірибеде қолдана білудің өзі мұғалімнен үлкен шеберлікті,біліктілікті талап етері сөзсіз.Бұл орайда мектеп және кез келген білім ошақтарында іс-тәжірибе алмасу,іздену,шеберлікті шыңдау бойынша ұйымдастырылатын семинарлар мен әдістемелік кешендердің алар орны ерекше екені баршамызға аян.Сондай семинарлардың бірі қалалық деңгейде біздің №2 Қашар орта мектебінде физика мұғалімдерінің қатысуымен ұйымдастырылып,жаңашылдыққа тән «Заманауи сабақ және оны жаңа білім беру стандарты аясында модельдеу» тақырыбында 24 қараша күні өткізілді.Мұндағы көзделген негізгі мақсат оқушылардың физика пәніне деген қызығушылық белсенділігін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы,мұғалімнің іс-тәжірібесімен бөлісу болатын.Семинарда физика пәнінің мұалімі Жолекеева Рая Уразбекқызы 11 сыныппен «Толқындық оптика және практикалық жұмыс №8» тақырыбында ашық сабақ өткізіп,оқушы бойына практикалық, көбасшылық дағдысымен қоса топпен жұмыста бірлескен жұмыспен ынтымақтастықты терең қалыптастыруда, АКТ,СТО, және Блум таксономиясын шебер қолдана отырып,сабақ үдерісінде жұмбақтар шешуде үштілділікті де ұстанды.Оқушылар зерттеу ізденістерін дамытуда көрсетілім,физикалық жарыс жоба қорғау және «Синквейн», рефлексияда «Бас бармақ» сияқты әдістер арқылы да оқушының таным түсінігін қалыптастырып, 7 модул бойынша біліктілік дағдыларын дамытуға жұмылдырды.Ал 8 сыныппен өткен үйірме сабағында физика пәні мұғалімі Жананова Айдын Бакировна «Табиғаттағы жылулық құбылыстар»тақырыбы бойынша «Жұлдызды сәт» аты іс-шарасын ұйымдастырды.Тиімді әдістермен қызықты тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау,тәжірибе жасау,эксперимент өткізуде және шырпылармен логикалық есептерді шешу мүмкіндіктері де оқушы қызығушылығын оятып,АКТ-да «Шыршаны безендірейік» ойыны өте ұшқыр ойда өтті.Сабақта жүргізілген «Жылу» және «Бу» атты 2 топ арасында өткен жұмыс өте тартысты да тартымды болып оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға және қолдана білуге деген қызығушылығын оятты. Оқушылардың өздеріне деген сенімділігі мен ізденушілік дағдылары тапсырмаларды қызыға орындағанынан байқалып,сұрақ-жауап бөлімінде белсенділіктерін байқатты.Сабақ үдерісінде қолданылған ресурстар өмірмен байланыстылығымен қоса ұлттық дәстүрімізге де тән байланыста шеберлікпен ұйымдастырылыды.Атап айтсақ көк,сары және қызыл асықтармен берілген тапсырмалармен мадақтамалық бағалауда пайдаланғандығы,ұлттық дорбамыздың кіріктіріліуі,оқушылар дорбадан өздеріне берілген тапсырмаларды сыйлық алағандай әсерде бөлісті.Сабақтың рефлексия бөлімінде екі топ өз пікірлерімен сабақтың өздеріне қаншалықты маңызды болғанын және алған әсерлерін «Бес саусақ» әдісімен терең баяндап өтті. Заманауи сабақ желісімен өткен ашық сабақтар өз мақсаттары мен күтілген нәтижелеріне жетті.Семинарға қала мектептерінен келіп,қатысқан мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерімен ой бөлісіп,ұсыныстарымен жылы лебіздерін білдірді.



[pic] [pic] [pic]