Қазақ тілінен тест сұрақтары
1-тоқсан
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
А) 33
Ә) 35
Б) 42
2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата:
А) ә,ү, і, е
Ә) а, и, ұ, ы
Б) ы, ә, ұ, ы
3. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыстар бар?
А) 3
Ә) 25
Б) 4
4.Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.
А) тау
Ә) сусын
Б) әуен
5. Дуыссыз у дыбысы бар сөзді тап.
А) қауын
Ә) сурет
Б) елу
6. р, л, м, н әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
А) қатаң дауыссыздар
Ә) ұяң дауыссыздар
Б) Үнді дауыссыздар
7. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
А) мал
Ә) бұлақ
Б) кітап
8. Ұяң дыбыстан басталған сөзді тап.
А) ғарыш
Ә) ұршық
Б) парақ
9.Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.
А) бұзау
Ә) қозы
Б) лақ
10.Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) сайй
Ә) сая
Б) сайа
11.Мәтіннің қанша түрі бар.
А) 2
Ә) 4
Б) 3
12. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
14. Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.
А) сұраулы
Ә) хабарлы
Б ) лепті
15. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем
Ә) адамның көңіл күйін , сезімін білдіретін сөйлем
Б) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
16. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?
А) лепті
Ә) хабарлы
Б) сұраулы
17. өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап.
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым - соны сездіру,
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
А) нүкте
Ә) сұрау
Б) леп
18. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
А) көтерді
Ә) неге
Б) айтпа
19. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле.
А) барма
Ә) сүртпе
Б) бар ма
20. Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) бірқалыпты
Ә) бәсең дауыспен
Б ) көтеріңкі дауыспен
21. Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?
А) сұраулы
Ә) лептік өтіну , бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран
Б) біреу, бір нәрсе туралы хабарлау.
22. «Тұр орныңнан!» лептік сөйлемі қандай ойды береді?
А) қуану
Ә) бұйыру
Б) ұран
23. Лепті сөйлемде лептік ойды білдіретін сөз қалай оқылады?
А) көтеріңкі дауыспен
Ә) бірқалыпты
Б ) бәсең дауыспен
24. Лептік мағына беретін сөзді тап.
А) қайда
Ә) қандай
Б) қап
25.Қарама –қарсы сөздерді тап.
А) мөлдір, тұнық
Ә) ұзын, қысқа
Б) тұнық, мөлдір
2-тоқсан
1.Түбір сөзді тап.
А) жаңалық
Ә) күй
Б) құрылысшы
2. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
А) қосымша
Ә) түбір
Б) жалғау
3. Қосымшаның неше түрі бар?
А) 4
Ә ) 2
Б) 3
4. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
А) көдер
Ә) батырлық
Б) досым
5. Жалғау жалғанған сөзді тап.
А) зейнеткер
Ә) қобызшы
Б) гүлді
6. Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
А) жұрнақ
Ә) жалғау
Б) қосымша
7. өнер, сурет сөздеріне тиісті қосымшаны тап.
А) лі, ші
Ә) шы, лық
Б) тық, шы
8. "Құрылысшы" сөзіне қандай қосымша жалғанып тұр?
А) жұрнақ
Ә) жалғау
Б) түбір
9.Жұрнақ деген не?
А) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
Б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
10. Мағынасы қарама –қарсы сөзді тап.
А) ақыл, ес
Ә) әдемі, сұлу
Б) ұзын, қысқа
11. "Әдемі, өнерлі" деген сөздер қай сөз табына жатады?
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) етістік
12. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
А) кім? не?
Ә) қандай? қай?
Б) қанша? Неше?
13. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
А) көкшетау
Ә) Көкшетау
Б) Көкше тау
14. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған?
А) ал-ты-бақан
Ә) алты-бақан
Б) алтыба-қан
15. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
А) 2
Ә) 15
Б) 18
16. Зат есімді табыңыз.
А) қоян
Ә) жасыл
Б) сексен бес
16. "оюлар" сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
А) 6 әріп, 5 дыбыс
Ә) 5 әріп, 6 дыбыс
Б) 5 әріп, 5 дыбыс
17. қ, к, с, т әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
А) Қатаң дауыссыздар
Ә) Ұяң дауыссыздар
Б) Үнді дауыссыздар
18. Сөйлем ішінен дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.
Анасы азаматты далада күтті.
А) далада
Ә) азаматты
Б) күтті
19. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады?
А) Зат есім
Ә)Сын есім
Б) Сан есім
20. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Биік, аласа
Ә) Келді, кетті
Б) Сұлу, көрікті
21. бала, қыз, ана сөздерінен төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады?
А) Қандай? қай?
Ә) Кімдер? нелер?
Б) Кім? не?
22. Оның бұл қылығынан мейірімді бала екені байқалды.
Сөйлем ішінен сын есімді табыңыз.
А) Оның
Ә) Мейірімді
Б) Бала
23. Кім?деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап
А) Жамбыр жауды
Ә) Арайлым әдемі
Б) Автобус жүрді
24. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Зат есім
Ә) Сын есім
Б) Етістік
25. Сөйлем соңынан нүкте қойылса, ол қандай сөйлем?
А) Лепті сөйлем
Ә) Сұраулы сөйлем
Б) Хабарлы сөйлем
3- тоқсан
1.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қайда?
Ә) кім? не?
Б) неше? қанша?
2. Зат есімнің көпше түрін тап.
А) өсімдік
Ә) кітап
Б) ағаштар
3. Жалқы есімді тап
А) құс
Ә) Абай
Б) орман
4.Жалпы есімді тап.
А) Тараз
Ә) Іле
Б) қайың
5. Етістік нені білдіреді?
А) заттың қимылын, іс-әрекетін
Ә) заттың санын, сынын
Б) заттың мөлшерін , көлемін
6. Етістіктердің сұрақтарын тап.
А) қалай?, қашан?
Ә) не істеді? қайтты?
Б) кімдер? нелер?
7. Күрделі етістікті тап.
А) жазды
Ә) көрді
Б) оқып отыр
8.Дара етістікті көрсет.
А) сүзіп жатыр
Ә) оқып жүр
Б) ойнады
9.Сын есім нені білдіреді?
А) заттың түрін, түсін, сапасын
Ә) заттың қимылын, іс-әрекетін
Б) қимылдың қашан, қайда болғанын
10. Сын есім қай сөз табымен байланысады?
А) етістікпен
Ә) сан есіммен
Б) зат есіммен
11.Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.
А) жіңішке
Ә) жұқа
Б) жуан
12. Сын есімнің сұрағын көрсет.
А) неліктен?қалай?
Ә) қандай? Қай?
Б) қайтті ? неғылды?
13. Қайсысы сын есім?
А) дала, құм
Ә) ертең, биыл
Б) жүйрік, әдемі
14. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) жетінші
Ә) тоғыз
Б) жиырма
15. Сан есім қай сөз табымен байланысады?
А) етістікпен
Ә) зат есіммен
Б) сын есіммен
16. Сан есімнің сұрағын тап.
А) кім? не? кімдер? нелер?
Ә) неше? қанша? нешінші?
Б) қалай? қашан?
17. Сан есімді тап
А) елік, емен
Ә) елу, жетеу
Б) бүгін, ертең
18. Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап
А) құстар, үйлер, аталар
Ә) алды, ақ, келді
Б) үстел, гүл, кімдер
19. «Сен қашан келесін?» Сөйлемнің қай түрі?
А) Хабарлы сөйлем
Ә) Сұраулы сөйлем
Б) Лепті сөйлем
20. Реттік сан есімді белгілеңіз.
А) үш
Ә) төрт-төрттен
Б) бесінші
21. "Аққулар" сөзіне қосымшаның қай түрі жалғанған?
А) жалғау
Ә) жұрнақ
Б) түбір
22 «Ала қарға қарға қонды
Қара қарға жарға қонды.»
Омоним сөздерді табыңыз.
А) қарға
Ә) қонды
Б) жарға
23. Жалқы есімді табыңыз.
А) Ғабит
Ә) көркем
Б) мемлекет
24. "Қызылжар" сөзі неше түбірден тұрады?
А) 2
Ә) 3
Б) 1
25. Үш буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Керемет
Ә) Бұлбұл
Б) тырна
4-тоқсан
1. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөзді көрсетіңіз.
А) ара
Ә) кітап
Б) балмұздақ
2. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) кім? не?
Ә) не істеді? қайтты?
Б) қандай? қай?
3. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
А) бір сөзден
Ә) екі-үш сөзден
Б) Дұрыс жауабы жоқ.
4. Алақай, мен жендім!
Сөйлемнің қай түріне жатады?
А) хабарлы сөйлем
Ә) сұраулы сөйлем
Б) Лепті сөйлем
5. Төмендегі сөздерден дауыссыз у дыбысын көрсет.
А) қауын, ауыз
Ә) қулық, қуыршақ
Б) ауыз, суық
6. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет.
А) гу-леу, жу-ық-тау
Ә) гул-еу, жуық-тау
Б) гу-леу, жу-ықтау
7. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
А) қиу, жиу
Ә) жию, қию
Б) жиу, қию
8. Заттың атын білдіретін сөздерді тап
А) қызыл, жасыл
Ә) Майра, доп
Б) он жеті, екі
9. Заттың сынын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) етістік
10. Сөйлем ішінен сан есімді табыңыз.
Мен екінші сыныпта оқимын.
А) мен
Ә) екінші
Б) сыныпта
11. Мәндес сөздерді тап.
А) көп, аз
Ә) тұнық, таза, мөлдір
Б) ұзын, қысқа
12. Күн ашылды қандай сөйлем түрі.
А) сұраулы
Ә) хабарлы
Б) лепті
Тест.
Дүниетану (2 сынып)
1.Адам өміріне не қажет?
А.доп,ән,киім.
Ә.ауа,су,тамақ.
Б.кітап,велосипед
2.Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
А.комбайншы
Ә.наубайшы
Б.диқаншы.
3.Көкжиек дегеніміз не?
А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.
Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.
4.Тұсбағар деген не?
А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
Б.Дәрігер құралы.
5.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
А.Сұлба.
Ә.Масштаб.
Б.Сурет.
6.Сұлба дегеніміз не?
А.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
Ә.Бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
Б.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.
7.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?
А.Сурет
Ә. Сұлба
Б.Масштаб.
8.Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.
А.Түссіз,дәмсіз,көзге көрінбейді.
Ә.Түссіз,дәмді,иісі бар.
Б.Дәмсіз,көзге көрінеді,иісі жоқ.
9.Судың қасиеттерін ата.
А.ақ,мөлдір,иісі бар.
Ә.сұйық,иіссіз,мөлдір.
Б.Көзге көрінбейді,ақ,мөлдір.
10.Топырақтың құрамын ата.
А.ауа,су,шірінді.
Ә.жапырақ,саз,тамақ.
Б.құм,шыны,ағаш.
Дүниетану. 2 сынып.
1. Барлық тіршілік иесі жылуды неден алады?
А. Күн.
В. Жер
С. Ай.
2. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?
А. Дала
В. Көкжиек
С. Айна
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
А. Сағат
В. Тұсбағар
С. Таразы.
4. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс.
А. Сурет
В. Көлеңке
С. Сұлба.
5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
А. Масштаб
В. Сурет
С. Есеп.
6. Ауаның негізгі қасиеті:
А. Көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
В. Ауыр,
С. Көрінеді, дәмді
7. Қатты cуықта су неге айналады?
А. Буға
В. мұзға
С. өзгермейді.
8. Адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі - .....
А, әдептілік.
В. мейірімділік.
С. Тазалық
9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
А. Сызу
В. Сурет.
С. Масштаб
10. Суда тұрақты пішін .....
А. болады
В. ұқсайды
С. болмайды.
Тест. 2 сынып. Дүниетану
1. Мақта тұқымын қалай атайды?
А) шит
Ә)қауашақ
Б) мақта
2. Жеміс ағашынан мол өнім алу үшін кімдер еңбек етеді?
А) жұмысшы
Ә) бағбандар
Б) ғалымдар
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
А) Ю. Гагарин
Ә) Т. Бигелдинов
Б) Т. Әубәкіров
4. Мал шаруашылығының маманын тап.
А) мал дәрігері, зоотехник, қойшы
Ә) егінші, қойшы
Б) тігінші, зоотехник
5. Малдар жаз бойы қайда жайылады?
А)қыстауда
Ә) көктеуде
Б) жайлауда
6. Жіп иіретін құрал.
А) ұршық
Ә) ине
Б) қайшы
7. Былғары неден жасалады?
А) мал терісінен
Ә) мақтадан
Б) жіптен
8. «Табанды түрде білім алмайынша ешқандай мамандықты игере алмайсың»,- деген сөздер қай әңгімеде берілген?
А) Ең басты жұмыс
Ә) Мұрат атай
Б) Егінші
9. Мақалдың жалғасын тап:
Оқусыз білім жоқ,
А) білімсіздің күні кәріп
Ә) білімсіз күнің жоқ
Б) өмір шырағы
10. Өсімдіктерді зиянкестерден сақтау үшін қай уақытта дәрілейді?
А) гүлдемей тұрып
Ә) жеміс бергенде
Б) күзде
Қазақ тілінен тест жұмысы жауаптарымен
[link]
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку
Начало формы
Ваше имя
Введите свой E-mail
Я учитель Я родитель Я ученик
Конец формы
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Краткое описание документа: