Тәуелсіздік тұғырың внекласная работа

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырың
Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені балаларды тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Балалар әдемі киініп, музыка ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.
Бүлдіршіндер жайғасқан соң, Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды.
Ердәулет.І-Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті апайлар мен қонақтар жәнеоқушылар!
«Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

Аргүл.ІІ-Жүргізуші:
- Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.
Хор:  «Ел қорғауға әзірміз!»
Ердос:  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
:

Айжамал: Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Аянат:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Толғанай:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Нұрай:
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.

Бекжан:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,

Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

Айлу:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Дильназ:
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің

Шахзода:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.

Аружан:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Азамат:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.

Жанар:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Нұрғали:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Ерасыл:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Ердәулет. Жүргізуші:
- Балалар, рәміздер туралы білеміз бе? Балалардың жауабы
Аргүл. Жүргізуші:
- Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы білгенін айтып беретін балалар бар ма?
- Мемлекеттік рәміздер:
Хормен: Ән ұран, ту, елтаңба.
Тоғанай: Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырқағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз. Әнұран сөзінің авторылары: Жұмекен Нәжімиденов,
Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі.
Ердос: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі. Күннің астында Қыран құсбар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді. Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі. Біз туымызды құрмет тұтамыз.
Аянат:Мемлекеттік елтаңбаның авторлары Танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Қ. Р. Елтаңбаларында шаңырақ бейнесі бар. Одан жан – жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның екі жағында ертедегі қанатты тұлпар, жоғары жағындағы бес бұрыш жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді. Төменгі жағындағы «Қазақстан»жазуы республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы.
Ердәулет. Жүргізуші:
- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар.
Аргүл. Жүргізуші:Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз боп саналады.

Ән: «Анамның тілі»

Мөлдір:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Аманжол:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.

Бекжан:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
Айлу:
Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Амина:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Дильназ:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!

Нұрғали:
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.

Азамат:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді.
Нұрай:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

Жания:
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Аружан:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел!

Айжамал:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Шахзода:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Жүргізуші: - Балалар сендер туған Отандарыңа деген ыстық ықыластарыңды өлең жолдарымен білдіріп жатырсыңдар. Енді теледидардан (слайд шоу) «Менің Қазақстаным» атты фильм тамашалап көрейік.
Толғанай:
Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?!
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!

Аянат:
Қазағым мөлдір судай тазалансын,
Есіне Қайрат деген қазаны алсын.
Ел болып, халық болып қолға алайық,
Сол кезде кінәлілер жазалансын!

Шахзода:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!

Ердос:
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.

Айлу:
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Азамат:
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

Ердәулет:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.

Мөлдір:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Ерасыл:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

Жания:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны!

Айжамал:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Нұғали:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.

Нұрай:
Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.
Бекжан:
Желтоқсанның ызғары - ай
Кірпікке қатқан мұздар - ай
«Елім - ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар – ай

Мөлдір:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен..

Жанар :
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
2. Аргүл:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны

Ән: «Желтоқсан желі»
1. Жүргізуші:
2-сынып оқушылары Қазақстанға арнаған тілектерін құрап айтқысы келеді.
Ендеше балаларды ортаға шақырайық.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т - Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!
Хор: «Біз бақытты баламыз!»

Ән: «Көк тудың желбірегені»