Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту. 6 санының құрамы.
Мақсаты:
6 санын қосу, азайтудың тәсілдерімен таныстырып, санның құрамын еске түсіру. 6 санына байланысты есептер шығару, азайғыш пен қосылғыш комппоненттерін дұрыс айтып, ережелерді жатқа айтқызу. Сөз есептерді шығаруда берілгені мен есептеуін дұрыс жазып шығаруға үйрету.
Оқушылардың логикалық ойлауын, есептерді шапшаң шығаруын жетілдіру арқылы, математикалық сөйлеу тілін дамыту.
Ұқыптылыққ, сауаттылыққ және көркем таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекілігі: әуен, слайдтар, жұмбақ, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Өткенді қайталау:
Қосылғыштар компоненттерін атаңдар.
Азайғыштың компонеттерін атаңдар.
0-ге байланысты қандай ережені білесіңдер ? /-, +/
Қосылғыштарға бойланысты қандай ереже бар ?
Жаңа сабақ:
Ауруларды емдейді,
Ақ халатын шешпейді
Егер сен де ауырсаң
Дәрі-дәрмек береді. /дәрігер/
Балалар қазір қай мезгіл ? Қыста жан- жануарлар мен аңдарға тонады, сонымен қатар тамақ табу қиындай түседі. Сондықтан олар аурып та қалады екен. Біз бүгін тапсырмаларды орындай отырып дәрігермен бәрге оларды емдейміз. Аңдар қайда мекендейді ? /орманда, тоғайда/ олай болса бәріміз сонда барайық.
Себетте 5 алма бар еді, оған тағы 1 алма қосылды. Барлығы неше алма ?
Өрнек түрінде қалай жазамыз ? 5+1 = 6
Дүкенде 6 доп бар, Бір добын Дарын сатып алды. Қанша доп қалды ?
Өрнек түрінде қалай жазамыз ? 6-1 = 5
Өрнектердің мәнін салыстырсақ қай сан үлкен ? қай сан кіші ? неше бірлікке кіші ?
Балалар мына суретке қарайық дәрігер аңдарды емдеуге жолға шықты. Бірақ ауа райы өзгерді. Не жауайын деп жатыр ? /жаңбыр/
Жаңбыр жауатын болса барлық аңдар мен жануарлар індеріне , апандарына кіріп тығылып қалады қой! Егер сендер берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңдер бұлттар арасынан күн шығып, ауа райы жылынады .
2, 3, 4, 5 – сандарының құрамын сұрау. Бұлт арасынан 6 саны бар күн шығады.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жаздыру.
Көркем жазуға 3, 4, 5 санын жазу.
Сызықтардың түрлерін сұрау. / кесінді, сәуле, ирек сызық, сынық сызық /
Өздік жұмыс. Қосу және азайту таңбаларын дұрыс орналастыру.
Дәптерлерін ауыстырып , тексеру.
Слайд бойынша тексеру. /ит/
Сабақты бекіту.
Біз сабақта қандай санға байланысты есептер шығардық ? /6 саны/
6 санының көршілерін атаңдар.
6 санының құрамын қандай сандар құрайды ?
Рефлексия.
Үйге тапсырма. Сандардың құрамын қайталау.
Бағалау. Белсенділігі бойынша.