9 мамыр - жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б. Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қоямыз! Еске алу: 1 минуттық үнсіздік. Дәптермен жұмыс: Қайрат Жұмағалиевтың «Жеңіс күні» өлеңін жаттау. Ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп: — Қуанышты мереке – Жеңіс күні қай күн? - деп. Бейбіт күннің бәрі де – Жеңіс күні, шырағым! Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла». Ойын шарты: Бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек. Мен әншімін ... (ән айтамын) Мен дәрігермін ... (адамдарды емдеймін) Мен ғарышкермін ... (ғарышқа ұшамын) Ойын осылай жалғасады. Дәптермен жұмыс: «Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» - жоғары дауыста орта дауыста төмен дауыста айтылады. |