Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №4
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондықтарды салыстыру, ондықтардың құрылуы, он көлеміндегі сандарға он көлеміндегі сандарды қосу және азайту бойынша алған білімдерін пысықтау, нығайту.
Дамытушылық: Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру, есеп шығару, салыстыру, өрнектер құрастыру олардың мәнін табу, фигураларды ажырату біліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімқұмарлыққа баулу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу, ұқыптылыққа бейімдеу. Таза, әдемі жазуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: Есеп құрастыруға қажетті суреттер.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша есептеу.
Бақылау жұмысы.
Қорытынды.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар сабаққа қажетті құрал-жабдықтарымызды алдық па? (иә)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Ауызша есептеу.
4. Бақылау жұмысы.
I-нұсқа. №1
10-7= 9-7= 2+6=
9-8= 8-6= 3+7=
10-5= 9-6= 10+0=
№2
Аулада 6 қаз және 4 үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр?
№3
3 ондық – 7 ондық –
5 ондық – 9 ондық –
№4
30*50 90*80 50*80
20*10 70*60 30*30
№5
Ұзындығы 1 дм кесінді сыз.
II-нұсқа.
№1
8-7= 10-9= 3+6=
10-8= 9-5= 4+6=
10-6= 8-5= 8+0=
№2
Жандоста 7 алма, Айдоста 3 алма бар. Екеуінде барлығы неше алма бар?
№3
3 ондық – 7 ондық –
5 ондық – 9 ондық –
№4
70*50 50*80 80*80
20*80 70*40 70*30
№5
Ұзындығы 1дм кесінді сыз.
Балалар жарайсыңдар.
Сонымен біз бүгін сабақ барысында қандай тапсырмалар орындадық?
Нені қайталап, есімізге түсірдік?
Маған сұрақтарың бар ма?
Үйге тапсырма.
Бағалау.