Тіктөртбұрыштың, шаршының перимері және ауданы 3 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының ) периметрі және ауданы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
1. Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрі мен ауданын табуға, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту. Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын арттыру, өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелей отырып, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ойындар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау

2. Психологиялық дайындық: 1 слайд
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Санды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты,
Математика болатын.

3. Үй тапсырмасын тексеру: 2 слайд
92 бет № 7
Теңдеулерді шеш.

4. Өтілгенді қайталау: 3 слайд
«Әр фигураның үйін тап!» ойыны
Тік төртбұрыш Шаршы
- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?
- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар
- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз.
Р =а + в + а + в
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.
S = а * в
- Неге бұл фигураны шаршы дейміз?
- Шаршының неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
- Шаршының периметрін қалай табамыз?
- Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз:
Р =а + а + а + а
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз. S = а * а

5. Жаңа сабақ: Тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметрі және ауданы 4 слайд
Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;
Р =а + в + а + в
2 - тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2 - ге көбейту арқылы
Р =(а + в ) * 2
3 - тәсіл: оның ұзындығын 2 - ге көбейтіп және енін 2 - ге көбейтіп, мәндерін қосу арқылы.
Р =а * 2 + в * 2
Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.
S = а * в
2 - тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз:
S = в * а

Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;
Р =а + а + а + а
2 - тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4 – ке көбейту;
Р =а * 4
Шаршының ауданын былайша табуға болады:
Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.
S = а * а

6. Оқулықпен, дәптермен, тақтамен жұмыс:
5 слайд
№ 1 а) Ауызша талдау.
ә) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Олардың аудандары мен периметрлерін табу.
«Тез есепте» ойыны.
Барлық қабырғасы тең екен,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Табуды біз үйрендік,
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
Бұрыштары тік болса,
Қабырғасы төртеуден.
Ұзындығы 3 болса,
Ені оның 2 - ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
№2 6 слайд
Күнтізбенің ұзындығы - 10 см
Ені – 7 см
Күнтізбе беті -? кв см – ге бөлуге болады
Ш: S = 10 см * 7 см = 70 кв см
№3 7 слайд
Шиелі - Телікөл каналы, Қызылорда облысы Шиелі, Сырдария аудандары жерінде. Жалпы ұзындығы 90 км, ені 6 – 10 м, тереңд. 3 – 4 м. Каналдың жалпы орташа су ағымы 12 м³/с. Суымен 50 мың га - дан астам жер суландырады.

Шиелі - Шіркейлі Каналы – Қызылорда облысы Сырдария ауданының Шіркейлі тармағы аңғарында. Басын Сырдария өз - нен алады. Каналдың жалпы ұзындығы 139 км, ені 13 – 18 м, тереңд. 4 – 6 м. Орташа су ағымы 51, 5 м³/с. Канал 20 мың га жерді суландырады.

Шиелі - Телікөл каналының ұзындығы - 90 км
Шиелі - Шіркейлі каналы -? км, 49 км ұзын
Ш: 90 км + 49 км = 139 км ( Шиелі - Шіркейлі каналы)
90 км + 139 км = 229 км
Ж: екі каналдың ұзындығы 229 км
7. Сергіту сәті 8 слайд
1, 2, 3, Бойға жинап күш.
4, 5, 6, Отыр, тұр, шалқы.
7, 8, 9, Тартамыз біз қобыз.
10, Орныңа қон.
№4 9 слайд
Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м - дей, салмағы 200 кг - га дейін жетеді.

Бекіре балығының массасы - 80 кг
Қара уылдырық - № кг төрттен бір бөлігі
Ш: 80: 4 = 20 ( кг )
Ж: бекіренің қара уылдырығы 20 кг.
№ 5 Бос тор көзге тиісті санды қой. 10 слайд
№ 7 12 см кесінді сызу.
Төрттен бір бөлігі - 3 см
Алтыдан бір бөлігі – 2 см
Өз індік жұмыс:
«Есептеуге көмектес» ойыны 11 слайд
Екі оқушы Асан мен Үсен бақшаның периметрін есептеп отыр. Балаларға есептеуге көмектесіңдерші. Бақша шаршы тәріздес, бір қабырғасының ұзындығы 20 м, бақшаның ауданын табыңдар?
• а=20 м
• Р=? S=?
• Р=20*4
• Р=80 м. кв
• S=20*20
• S=400 м. кв

8. Сабақты қорыту: 12 слайд
Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады.
Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады.
Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады.
Шаршының ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.

9. Үйге тапсырма: 94 бет № 6
10. Оқушылардың білімін бағалау.