Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды щ дыбысы және әрпімен таныстыру, әріптің сөздегі орны туралы түсінік беру.
Щ дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасату ойлау қабілетін, сөздік қорын, зейінін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі суреттер, кеспе әріптер, слайд.
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.
3. Үй жұмысын сұрау.
Ой қозғау.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Буын дегеніміз не?
Сөздерге дыбыстық талдау жасап, буынға бөлдіру.
Мәтінді буынға бөліп оқу. «Монтёр» тақырыбын оқыту.
4. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Атқарады талай - талай ісіңді,
Тазалайды киіміңді, тісіңді. /Щётка/ слайдпен жұмыс
Сөздің басында бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Щ дыбысы /2 - 3рет айту/
- Щ дыбысы - дауыссыз дыбыс «Бауырсақ» ертегісін еске түсіру.Оның тапсырмасын орындаймыз.
5. Суретпен жұмыс Жұмбақтар қою.
Мынадай бір асыл бар,
Басы жоқ, тек шашы бар
Болса ондай бұйымның,
Ластанбайды киімің. (киім щетка)
Басы түкті, өзін тіпті,
Әркім керек етеді.
Ойланып көр, осы бір зат
Тіске қызмет етеді (тіс щетка)
Щёткалардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Мәтінді оқу, мазмұнын түсіндіру.
6. Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өніп өсіп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Қанат қағып ұшамыз.
7. Дәптермен жұмыс.
Щ әрпінің жазылуын көрсету.
Щ щ
Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар:
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.
8. Бекіту.
«Ш» ма әлде «Щ» ма?
і... ік,... ырын, тұ... ы, а... ы, қай... ы, ғары..., пла..., бор...
9. Қорытынды.
- Біз қандай әріппен таныстық?
- Щ дыбысы қандай дыбыс?
- Щ дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
10. Бағалау.
XIII. « Көршіңді тап!» ойыны.
XIV. Оқушылардың қолдарына геометриялық фигуралардың бөлшектері таратылады. Сол бөлшектерден фигуралар құрастырса сөздер шығады.
Бұр - шақ, тұ - щы, а - щы, ә - теш, тұ – щы.
XV. Қорытынды.
« Жарайсың» сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы шешу.