|
Сұраулы сөйлем сабақ жоспары
Автор публикации: Сейтмолдина Р.П.
Дата публикации: 2016-11-11
Краткое описание: ...
Сабақтың тақырыбы: | Сұраулы сөйлем. 175-179 жаттығу. 63-64 бет | Сабақтың мақсаты: | 1. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрге бөлінетіні жайлы түсінік беру. Сұраулы сөйлем туралы түсінік, оның соңына қандай тыныс белгісі қойылатынына назар аудару. 2. Оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін дамыту. 3. Ұқыпты, әдепті, таза болуға баулу. | Сабақтың типі: | Аралас сабақ | Сабақта қолд. Әдіс-тәсілдер: | жаңа әдіс-тәсілдер,СТО, (миға шабуыл, механикалық есте сақтау, декламация, талқылау, диалог), ОүБ, ОЖЕСО. | Сабақтың көрн: | кесте | Күтілетін нәтиже: | Сөйлем жайлы түсінікті кеңейтеді, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен танысады, қай кезде қандай тыныс белгісі тұратынын біледі. Сұраулы сөйлем туралы түсінік қалыптасады | Сабақтың барысы | Іс-әрекеттер | І Ұйымдастыру | Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал, топқа бөліну. | ІІ Қызығушылығын ояту | Декламация әдісі бойынша: тест жұмысын алу Миға шабуыл: мына сұрақтарға жауап бер: Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?
| ІІІ Мағынаны тану | 175-жаттығуға назар аудару. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқу және салыстыру Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған? Аманқос Ершуов - [link] ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
| ІҮ Ой толғаныс | Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысалдар келтір. Жұптық жұмыс: екеу ара бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беру. | Ү Бағалау | Топ басшылары топ мүшелерінің бүгінгі еңбектенген жұмыстарын бағалап отырады. | ҮІ Үйге тапсырма: | 179-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Құраған әңгімеңде сұраулы сөйлемдер болсын. | ҮІІ Рефлексия | Не нәрсе жақсы өтті? Нені мен келесі сабақта өзгертемін? |
|
|