Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым!»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, фото
Кіріспе сөз:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкіртіміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – бал бұлағым!» атты бастауыш сыныбын аяқтау соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз!
Армысыздар , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, және де оқушылар!
Добрый день, дорогие друзья,-
Гости, родители, учителя!
Мы очень рады видеть вас
В этот день и в этот час.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасқалы бал бұлақ,
Ән мен жырға қонақтарым сал құлақ.
Кеше сәби, міне бүгін – жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шам шырақ.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Бітіруші түлектерді ортамызға!
Сегодня день у нас такой -
И грустный, и веселый.
Ведь мы прощаемся с родной
Начальной нашей школой.
Совсем малышами пришли мы сюда
И сразу попали в прекрасные руки.
Как жаль, что так быстро промчались года,
И грустно от предстоящей разлуки.
Музыка әуенімен 4- сынып түлектерін ортамызға шақырайық.
Под торжественную музыку входят ребята 4-х классов
Салтанаты жиынымызды Қ Р әнұранмен бастаймыз.
Наша торжество мы начинаем с гимна РК
Ажырамай ұжымнан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлегімізге арналсын тілегіңіз!
Ақмырза орта мектебінің директоры Абакова Қымбат Шарапатовнаға сөз кезегі беріледі.
Слово для поздравления предоставляется директору Акмырзинкой сред.шк. Абаковой К.Ш
Бастауыш сынып түлектеріне лента тағу рәсімін бастайық.
Выпускникам надеваются ленты.
- Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушысы осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндеріміз өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстазына, ата-анасына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Слово предоставляется ученикам 4- классов
Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым, ұлылықты, даналықты,
Ұстаздың ұлағатынан басталғанын .
Ән: «Ұстазым»әні орындауын Серикпаев Алтаймен Ғажайп Еликжанға қабыл алыңыздар .
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Би: «Ұлдар»биі
Из года в год, из класса в класс
Ведет неслышно время нас,
И час за часом, день за днем
Так незаметно мы растем.
Песня «Осенние листья»
- Құттықтау сөзі алғаш ұстаз Сыздыкова А.Р. беріледі.
- Слово для поздравления предоставляется первой учительнице Атыгаевой С.А.
Би: «Қыздар »биі
Танец : «Девочек».
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған, - сөз кезегін оқушыларға берейік.
Оқушылар ұстаздарға арналған тақпақтарын айтады.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!
Ән: «Ұстазым менін ұстазым» 4 «А»оқушылардың орындауындағы
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Ойын:
Мектеп түлектері вальс биін билейді: «Мектебім»
-А сейчас в исполнении наших выпускников исполняется вальс.
-Құттықтау сөзі мектеп директоры,оқу ісінің меңгерушісі және де тәрбие ісінің меңгерушісі сөз кезегі беріледі. Мадақтама,алғыс хат ұсынылады.
ё
-Для поздравления и вручения почетных грамот слово предоставляется директору и завучу школы. Награждение
-Құттықтау сөз кезегі сынып жетекшісіне беріледі. Ізгі тілек білдіру.
-Слово для поздравления предоставляется классному руководителю
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіне.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Учитель:
Ребята! Все эти 4 года из урока в урок вместе с вами занимались и мамы, и папы, и бабушки, и дедушки. Все они так же, как и вы волновались, переживали за ваши двойки и радовались вашим победам. Они и сейчас с вами. И всем им скажем слова огромной благодарности.
Стихи 4 класс песня «Прощай начальная школа»
Учитель
Ребята, огромное счастье, что вы были у нас и останетесь в нашей памяти навсегда!!! Оставайтесь такими же веселыми, озорными и замечательными!
-«Қош бол бастауыш сынып» түлектеріміз айтып шығады.
-Осымен «Бастауышым – балбұлағым!» атты мерекелік кешіміз аяқтаймыз.
-На этом «Бастауышым – балбұлағым!», праздничный вечер завершен.