Конспект по казахскому языку Менің достарым (1 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


3- бөлім. Менің отбасым және достарым. 5-сабақ.

Тақырыбы:

Менің достарым

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


  1. сынып

Сабаққа қатысатын

Оқушылардың саны:

Сабаққа қатыспайтын оқушылардың

саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-өозғалыс,сұрақ өою,қысқа жауап арқылы тыңдаған/ көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын танысу.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар :

Достары не істейтіні / не істемейтіні туралы айта алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Өздерінің достары немен айналасатыны туралы өткенжәне осы сабақта үйренген материал негізінде өзара тілдесе алады, етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолдана алады.


Кейбір оқушылар :

Достары не істейтіні туралы сабақта үйренгендерінен тыс қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут )

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

(6- 40 минут )

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады.Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты,олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын ,Юраның футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед тебетінін біледі. Мұнда мұғалім оқушылардың назарын дос сөзінің көпше түрде ( тәуелдік жалғауының І жағында) қолданылауына назар аударады. « Велосипед тебеді» тіркесінің мағынасын түсіндіреді.Сондай-ақ етістіктердің (І жақта ) қолданылуына назар аударады.

Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы : Мен сурет саламын. Ол сурет салады.

(МК, Ұ) 2- тапсырмада мұғалім оөушыларға кесте бойынша етістіктердің І жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебедідеген тіркестегі велосипед сөзін коньки ,шаңғы, сөздерімен алмастырып қолдануға болатынына да аударады.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады.

Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады: сурет салады –сурет салмайды, футбол ойнайды – футбол ойнамайды, велосипед тебеді- велосипед теппейді.

( Ұ) 3- тапсырма бойынша оөушыларжоғарыда берілген етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер ( x, v) бойынша болымды, болымсыз түрде ( ІІІ жақта) толықтырып айтады.

Мысалы : Ол коньки тебеді. Ол сурет салмайды т.с.с

( ОТ) Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі

( x, v).

Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады ( футбол, добы, түрлі түсті қарындаштар,велосипед, коньки, шаңғы, шахмат). Бала осы тірек сөздерді өзінің досы не істейтініне/ істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек. Содан кейін етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолданып, өзінің досы туралы айтады. Мысалы : Менің досым сурет салады,коньки, шахмат ойнайды.Менің досым сурет салмайды, футбол ойнамайды, коньки теппейді. Осындай тапсырманы әр оқушы өзі туралы да ақ қағазға жасай алады.

( Ұ) 4 – тапсырмада оқушылар Нұрбектің дотары туралы мәтінді тыңдайды. Осы мәтін негізінде өз достары туралы ( олардың не істейтіндерін) әңгімелейді.

( МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

( Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай- ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық





Аудиодиск 3.5.1.;3.5.4.



































Суреттер: футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат.
















жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма : 3.5.


Сабақтың соны

41- 45 минут

( Қ) Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой—пікірлерін білдіре алады.


Қосымша материал

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе ? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсе не ?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді ?

1:

2: