Балабақшада туған күнді өткізу
«Бүгін бізде туған күн»
Айжан Қабиева
Атырау облысы
Индер ауданы
Индербор кенті
«Райхан» балалар бақшасы
Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы
ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке
ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету,
жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.
Балаларды адамгершілікке,досттыққа
тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар,
тақпақтар,өлеңдер айтқызу.
Құттықтаушы: Сәлем достар!
Мен құттықтаушымын. Біздің сүйікті
Мерекеміз – бұл.
Балалар : Туған күн.
Құттықтаушы: Сондықтан мен сендермен бірге туған
Күнді тойлаймын.
Туған күн бүл тамаша
Би билейміз жараса
Туған күнде ән салып
Көңілденеміз шаттана
Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз:
1.Малкарина Дельнура-топтағы ең белсенді баланың бірі.
Өзі сондай сыпайы, салмақты, сүйкімді жандарымыздың бірі Дельнура 5 жаста.
2.Сафуан Аяулым- тобымыздың инабатты, ибалы, сыпайы,тартымды кішкентай аруымыз 5 жасқа толып отыр.
3.Сағын Сағбат-өте ақылды,ақ көңіл мейрімді жан.Сағбат би билегенді жақсы көреді.Сағбат бүгін 4 жасқа толып отыр.
4.Туған күннің иесі
Қыздарымыз келесі
Дауталиева Арухан 5 жасқа
Қалыбаева Айымжан
Толды міне 4 жасқа
Өнеріне бал тамған.
5.Бүгіні туған күніміздің ең кішкентай бүлдіршініміз Есқайыр Нұрсұлтан толды міне 3 жасқа.
Ән:«Туған күн»
Сайқымазақ: Сәлем достар.
Сіздердің туған күндеріңді естіп келдім.
Қане туған күн тойын қызықты өткізейік.
Сайқымазақ өзінің өнерін көрсетеді.
Би: Шарлар.
Құтықтаушы:
Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін достардың
Бірге қарсы аламыз - Блатбек.
Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп.
Ән де салып береміз.- Танбике.
Туған күнді тойлаймыз.
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық
Досымызға сыйлаймыз – Оксана
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Бәрімізге мереке – Ғазира.
Балалар: Туған күнің мен.
Құтықтаушы: Қанекей балалр қараңдаршы тағыда біздерге
қонақтар келген сияқты.
Би: Буратино.
Құтықтаушы: Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт
дайындап жатыр
Аспазшы: Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын.
Туған күндерің құтты болсын балақайлар.
Қарақшылар келеді.
Құтықтаушы: Оу, қарақшылар сендер бұл жерде нестеп
жүрсіңдер. Біздер туған күн тойлап жүрміз.
Сендер біздің тойымыздың шырқын бұзуға
қақыларың жоқ.
Қарақшы: Бізде көңіл көтеруге келдік. Біздің де
өнеріміз бар, қанекей достар.
Би: «Қарақшылар»
Қарақшылар – тортты алып кетеді.
Аспазшы: Балалар мына жерден ешкім өткен жоқпа,
ешкімді көрмедіңдерме. Мен әзірлеп жатқан
тортым жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз
қалай өткіземіз. Енді не істейміз?
Құтықтаушы: Аспазшы сабыр етіңіз. Қазір бәріміз бірге
іздейміз. Іздеушілерден көмек сұрайық.
Сәлем іздеуші сіз бізге көмектесіңіз.
Қарақшылар біздің тортымызды ұрлап кетті.
Біз тортсыз туған күнді қалай өткіземіз.
Іздеушілер: Мен сіздерге көмектесемін. Қане мына
жердегі іздерді іздеп көрейік.Осы іздер
болар.Мына іздердің сыңарын табайық.
Ойын: «Кім тез»
Іздеушілер: Мына жерде тағыда іздер бар екен соны
қарайық.Бұл сиқыршының ізі екен.
Сиқыршы: Сендерге менім көмегім керек болып жатқан
сияқты.
Құттықтаушы: Сәлем сиқыршы қош келдің.
Біздер туған күн тойлап жатыр едік аспазшының
балаларға арнап дайындап жатқан тортын
қарақшылар алып кетті.
Сиқыршы: Достар көңілдеріңді түсірмеңдер.Қазір мен
өз сиқырымның көмегімен көңілдеріңді
көтерем.
Сиқыршы: Мен қазір қолымдағы кішкентай қоянды өз
Сиқырыммен сиқырлап үлкен қоян шығарам.
Енді мына допты да сиқырлап үлкен доп
Шығарам.
Балалар не жегілерің келеді?
Балалар: Кәмпит
Сиқыршы: Абрака дабра.
Би: «Кәмпитер» Ой сиқыршы сіз бізге көп кәмпиттер алып
келдің.
Сюрприз: Үлкен кәмпит.
Құтықтаушы: Үлкен сиқырлы кәмпиттің ішінен туған күн
иелеріне сиқырлы силықтар шығуда.
Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз.
Кәмпиттер: Туған күндерің құтты болсын.
Сиқыршы: Балалар тағыда не жегілерің келеді?
Балалар: Торт.
Сиқыршы: Абрака дабра.
Торт шығады.
Құттықтаушы: Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді.
Туған күн иелерін ортаға шақырайық.Енді
Бәріміз үрлиік.
Ән: «Happy birthday»
Құттықтаушы:
Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.