Конспект урока математики 3 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Тексерілді:

Күні 27.02.14.

Тақырыбы: Көбейту және бөлу

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен түсініп есеп шығаруға дағдыландыру; салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.

Міндеттері: Оқушылар тақырып бойынша есептер шығаруға үйренеді, оларды шешеді және салыстырады.

2. Мысал есептерді орындап, ой-өрісін, танымдық және есептеу қабілетін молайтады.

3. Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, өзін және өзгелердің пікірін тыңдауға және алған білім- білік дағдыларының нәтижелерін көрсетуге, өзін-өзі бағалауға талпынысын туғызады.

Қолданылған білім технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.

Стратегиялары:

  1. «Сұрақтар түймедағы» стратегиясы

  2. «Семантикалық карта» стратегиясы

  3. «Үш деңгейлік интервью» стратгетиясы

  4. «Кішігірім дөңгелек үстел» стратегиясы

  5. «Ортада қалам» стратегиясы

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Көбейту және бөлу кестесін қайталау

ІІІ. Өткенді қорыту:

Қызығушылықты ояту. Математикалық диктант:

«Сұрақтар түймедағы» стратегиясы бойынша:

1.Кітапта 40 бет бар. Қыз кітаптың төрттен бір бөлігін оқып шықты. Неше бет

оқылды?

2.Бағдерлама бір сағаттың үштен бір бөлігіне созылды. Ол неше минут болды?

3.Пойыз 45 км жүрді, бұл жолдың екіден бір бөлігі. Бүкіл жол неше километр?

4.Тортқа 100 грамм қант қажет, 7 тортқа неше грамм қант қажет?

5.Әлияда 50 теңге бар,ал Назирада одан 2 есе артық. Назирада неше теңге бар?

7.Бақта 60 ағаш бар. Оның үштен бір бөлігін алма ағашы құрайды. Бақта неше

алма ағашы бар?

8.240 тан 4 бірлікті азайт.

9.70 санын 8 есе арттыр. (жауабы түймедақтар арқылы көрсетіледі.)





ІҮ. Жаңа сабақ:

92· 4 және 368: 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу.

Мағынаны тану:

Оқулықпен жұмыс

2 есепті түсіндіре отырып шығарту 1-ші,2-шісін қалғанын

«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша

[pic]



3 есеп. «Үш деңгейлік интервью» страгетиясы.

1.Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстады

Бөліскенде оларды

Тиді әркімге 3 балық

Сынайын бір ал сені

Балық саны қанша еді?

«Жұмбақ есепті» бірінші шешкен топ а) жағдайын





екінші шешкені б) жағдайын шығарады




Оқушылардың байқағыштығын дамыту мақсатында «Дымбілместің қатесін»

түзету.

Ү.Сергіту сәті:

4 есеп.«Кішігірім дөңгелек үстел» стратегиясы





Ақылдасып,ауданы 12 см.кв болатын төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын ойлап табады.



Жұмысты бітірген оқушылармен карточка арқылы жұмыс.



5 есеп. « Ортада қалам» стратегиясы бойынша орындалады.Олар қолдарындағы сигналды карточкалар арқылы есептің дұрыс жауабы болатын өрнекті көрсетеді.


[pic]


Шешуі: 20·3 = 60 сөз
Жауабы: 60 сөз

Сабақта белсенділігі төмен оқушыларға тапсырма орындату,тексерту.

6 есеп. «Еркін жазу» стратегиясы

ҮІІ .Қорыту.

«Иә, жоқ» ойыны:

1.Тіктөртбұрыштың ауданы барлық қабырғаларының қөсындысына тең. (жоқ)

2. Шаршының барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей. ( иә)

3. Санды нолге көбейтсек санның өзі шығады. ( жоқ)

4. 1метрде 10 см бар.( жоқ)

5. Ауданы 72 см.кв тіктөртбұрыштың ұзындығы 9см,ені 8 см. ( иә)

6. 420-ның 70- ке бөліндісі 50 – ге тең.


ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7 есеп

Өзін- өзі бағалау .

«5» алдым дегендер орындарынан тұрады.

«4» алдым дегендер қолдарын көтереді.

«3» алғандар келесі күнгі сабаққа мүмкіндік алады.

Сабақтың білім сапасы анықталады.

Пайдаланылған көрнекіліктер:







































[pic]



М.Ломоносов атындағы

5 мектеп-лицейі








Сабақтың тақырыбы:

Көбейту және бөлу











Сыныбы: 3б

Мұғалімі: Нұрбекова Р.М