Бекітемін: ДТІЖО: Ғ.Бисегулов
Күні: 12.09.2015ж
Сыныбы: 2
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы бақыты-бала бақыты
Мақсаты:
Ақпараттық: ата-аналар мен балаларды тәрбие сағатына қатыстыра отырып халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімдерін байқау; Коммуникативтік: ұлттық ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау;
Проблема шешу: отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Нұрсұлтан Назарбаев.
Ата-ананың еңбегін сіңірген бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды. Ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,
«Отбасы бақыты-бала бақыты» деп аталатын мерекемізді бастаймыз.
Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
Жүргізуші:
- Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?
- Ия!
- Олай болса сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер оларды жұмбақты шешуге тырысыңдар.
- Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.
1-жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (АТА)
2- жұмбақ:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?
( Атаң)
Кім Ата туралы тақпақты кім біледі?
Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.
Айбек: Ата
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.
3 - жұмбақ:
Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолда талпынтқан;
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Бұл кім? (Ана)
Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
(Анаң)
Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!
Дана: Ана туралы жыр
(Ана туралы ән айтылады)
Жүргізуші: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.
Еркебұлан: Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға мың алғыс!
«Адал бол, - деп, - балдырған»,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – марқабат
Анамызға мың алғыс!
4 - жұмбақ:
- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
5 – жұмбақ:
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
(Әкең)
Марғұлан: Әке
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім» деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.
Шаттық: Әке туралы ән айтылады ( әке туралы ән айтылады. )
6 - жұмбақ.
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).
7 – жұмбақ:
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті – ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
(Әжең)
Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.
Данагүл: Әже ақылы
Әжем – Ақыл бесігі,
Мейірімімен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман-есен ержетсем.
Нұрсауле:
Менің әжем.
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Аружан: Әже туралы ән айтылады.
Жүргізуші: Тағы кім отбасы туралы өлеңдер біледі екен?
Еркебұлан: Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Үлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.
Мұғалім:
- Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды.
Сүйіспеншілік сипаты.
«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.
Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.
Ал, көк жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.
Қорытынды:
Қадірменді ата-ана, Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.
Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.