Әліппемен қоштасу 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


11


Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар. Балаларыңыздың білім шынына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Бүгінгі біздің 1 «А» сынып оқушылары әзірлеген «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Музыка ойналады. Балалар жұптасып ортаға келеді

Мұғалім:

Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.

Аружан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Оқу білім бастауы
Ілім, ғылым арқауы
Бүлдіршінге тіл ашқан
Көкірекке нұр шашқан
«Әліппе» тойы басталды» -

Ахан: Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеген сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым сымбатты

Айнұр: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Бүгін міне әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби балалар.

Бейбарыс: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрмет етіп, сіздерді,
Бүлдіршіндер өнерлерін салады бүгін ортаға.


Мұғалім: Жолекеш Аянаттың орындауында «Кеш жарық» әні. Қошеметтеп отыралық.





Мұғалім:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе!

Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе


Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

Құрмет көрсеткендеріне үлкен рахмет. Мен сендердің қуаныштарынды бөлісуге келдім.


Мұғалім: Әліппе, бүгін ерекше кешіміздің қонағы өзіңсің. Ендеше, балалардың өнерлерін тамашалаңыз.


Мерей:
Еркесімін атамның,
Еркесімін апамның,
Жасым толып алтыға,
Мен оқушы атандым.




Шаттық

Ай, күндерді санадым,
Күнтізбеге қарадым.
Бойым өсіп кішкене,
Қолқанатқа жарадым.
Жеті жасар баламын,
Мен мектепке барамын.
Сабағымды қалдырмай,
Жақсы оқушы боламын


Аягөз

Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын

Абыл

Мектеп деген кені білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Хор" Мектебім"

Гаухар:

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.


Азамат

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды





Аянат

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек,
Үйретті оны Әліппе.

Бейбарыс
Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болған кітаптың
Басы болған Әліппем


Әділет

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз біздерді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптерді


Нұрзия

Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.


Ақтілеу

«Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән: "Ұстазым" орындайтын Берішбай Аружан

Мұғалім: Ал біздер Әліппемен қатар ағылшын тілінде оқып жатырмыз. Ендеше ағылшын тілінде сөйлейік.

Дина:

Кук из хэппи

Фокс из сэд

Хэт из претти

Вулф из вэд



Әбдіхайым:

Сприң из грин

Саммэ из брайт

Оутум из йеллоу

Уинте из уайт


Шаттық:

Ту литл бэдс

Ситтиң он э уол

Уан коллед Питэ

Уан коллед Поул


Ахан:

Ай лайк май кэт

Ит из уом энд фэт

Май кэт из грей

Ит лайкс ту плей


Мұғалім: Біздер тек ағылшын тілінде сөйлеуді ғана үйреніп жатқан жоқпыз. Сонымен қатар өзге көршілес елдердің биін де билей аламыз. Сыныбымыздың биші қызы Кочкарбайқызы Гаухардың өзбек биін тамашалаңыздар.


Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

- Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Сөйлетер сөзді шебер ғып,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыппен жақсы оқысан,

Негізі болам білімнің.


Хор: «Рахмет саған Әліппе!»




Мұғалім:
- Балалар сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер, осының бәрін үйреткен кім?


Барлығы: Мектеп! Мұғалім! Әліппе! Ата - ана!


Дина
Анам екеуіміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.
Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, бөліп, аламыз.
Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.

Алмас

Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.
Менің анам – жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді

Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер - көктен

Мұғалім: Мектепішілік «Әр бала жұлдыз, жарқырауына көмектес» ән байқауының жеңімпазы, сыныбымыздың әншісі Саясатов Әділеттің орындауында «Бір жұлдызың боламын» әнімен қарсы алыңыздар.

Ән: Бір жұлдызың боламын»




Мұғалім: Балалар, сіздер бос уақытыңызда «Балапан» телеарнасын тамашалайсыңыздар, солай ма? Ендеше, «Балапан» телеарнасының жүргізушісі сіздермен «Баламен бетпе-бет»

бағдарламасын өткізбекші. Олай болса, «Балапан» телеарнасының жүргізушісін қарсы алайық.


Жүргізуші: Қайырлы күн жас достар, құрметті ата-аналар. Мерекелеріңіз құтты болсын. Алғашқы қонағымызды қарсы алайық. 1 «А» сынып оқушылары Аншыбай Аяулым, Жайлаубай Абзал және Алимбек Даулет.

Ал кәне келе қойыңдар.

Қалай балалар менің қояр сұрағыма шынайы жауап береміз бе?

«Баламен бетпе-бет» бағдарламасын көресіңіздер ме?

Ол аптаның қай күні телеарнадан көрсетеді?

Аншыбай Аяулым саған сұрақ қойғым келіп отыр, жауап беруге дайынбысың.

Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Ы.Алтынсаринді танисың ба?

Кім ол?

Бүгін қандай мерекені тойлап жатырсыңыздар?

Абзал күніне неше рет өтірік айтасың?

Әліппе оқулығынан не үйрендіңдер?

Таңертең ерте тұрған ұнайма?

Даулет сабақты кіммен отырып дайындайсың?

Сабақтан қалуға болама?

Денің сау болу үшін не істеуіміз керек?

Қалай балалар әліппемен қоштасуға арнап жаттаған тақпақтарың бар ма? Ал қане Аяулым бастай қой.

Аяулым:

Әліппем, менің әліппем,

А деген бастап әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Абзал
Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата - анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.


Даулет:

Үйретті бізді Әліппе,

42 дербес әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен.

Лайық болдық дәріпке.

  • Сыйлық алған ұнай ма? Ал онда білімдеріңді шыңдай түссін деп сіздерге әкелген сыйлығымды табыс етейін.


Келесі қонағымыз 1 «А» сынып оқушылары Нығыметулла Жаннұр, Оразғұл Айсамал және Өтеш Бағдат.

  • Сәлеметсіздерме балалар! Қаладарың қалай? Сабақтарың қалай? Үлгеріп жүрсіңдер ма?

  • Жаннұр сенің осы жасың нешеде?

  • Мектепте оқыған ұнай ма?

  • Ағылшын тілінен қалайсың? Қиын емес па?

  • Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын жауабын таба аламысыңдар, қане бірінші тапқан балаға сыйлығым бар.

  • Қабат – қабат қаптама

  • Ақылың болса аттама (Кітап)

  • Өте жақсы.

  • Айсамал достарың бар ма?

  • Дос не үшін керек деп ойлайсың?

  • Дауысты дыбыстарды атап берші?

  • Бағдат, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  • Математика пәні нені үйретеді?

  • А дыбысынан келетін сөздер айтшы?

  • Әліппемен қоштасуға арнап жаттаған тақпақтарың бар ма? Ал қане Жаннұр бастай қой.


Жаннұр:

Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс.


Айсамал:

Қош бол, құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің!

Бағдат:

Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп, көп рахмет.

  • Сыйлық алған ұнай ма? Ал онда білімдеріңді шыңдай түссін деп сіздерге әкелген сыйлығымды табыс етейін.

Келесі қонағымыз 1 «А» сынып оқушылары Амандық Әбдіқайым, Бижанова Ботагөз және Амангалиев Алмас.

  • Ботагөз дыбыс дегеніміз не?

  • Көгершін сөзін буынға бөлші?

  • Ойыншықпен ойнайсың ба?

  • Әбдіқайым жасың нешеде?

  • Өскенде кім боласың?

  • Мектеп директоры дегеніміз кім?

  • Сұрақтарға шынайы жауап беріп отырсыңба?

  • Өтірік айтасыңба?

  • Алмас кімнің баласысың?

  • Досың бар ма?

  • Неге сабақтан тараған соң автобусқа мінесің?

  • Ақша ұстайсың ба?

  • Бала деген сөзге неше әріп бар?

  • Жаттаған тақпақтарың бар ма? Ал қане Әбдіқайым бастай қой.


Әбдіқайым

Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Білімге жолын бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған


Ботагөз:

Қош бол, құтты Әліппем

Жол тұсауын кестің сен

Аяулы анам болып сен

Айыбымды кештің сен.


  • Сыйлық алған ұнай ма? Ал онда білімдеріңді шыңдай түссін деп сіздерге әкелген сыйлығымды табыс етейін.


  • Керемет балалар білімдеріңді байқадым. Алда әлі үлкен асулар күтіп тұр сендерді. Сол асулардан сүрінбей өтулеріңе мен шын жүректен тілектеспін.

  • Сендермен қоштасатын уақыт болап қалды. Келесі кездескенше сау болыңдар.


Би: «Мы маленькие звезды»


- Міне, балалар осыншама білім беріп, тақылдатып сөйлеткен Әліппемізбенде қоштасатын уақыт болды.


Әліппе
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Аттанатын жолым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман - есен болыңдар

Інжу:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппе

Ақылды сен мұғалім!


Ақжол:

Қош Әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға асқарға
Қоштасақ та, ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні – қарындастарға


Мұғалім: Мектебіміздің ең кішкентай, мектепішілік «Әр бала жұлдыз, жарқырауына көмектес» байқауының І орын иегері, республикалық «Күншуақ» байқауына жолдама алып отырған сыныбымыздың бишісі Мұрат Айнұрды «Үнді биімен» қарсы алыңыздар.








Мұғалім:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі __________________________________________________________ апайға беріледі.


Мұғалім:

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. Келесі сөз кезегін ата-анаға берелік.


Мұғалім:

Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін. Мектебіміздің мақтанышы болыңдар. Осымен «Қош бол, құтты Әліппем» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.