Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында отбасы жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: жағымды қарым-қатынас жасау іскерлігін дамыту; ата – аналар мен балалардың арасында рухан-адамгершілік қасиеттерін дамыту; өздерін және өзгелерді тануға жол ашу.
Сабақтың барысы
І. Шаттық шеңбері.
-Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бәріміз жиналып, бүгінгі күнге қуаныштарымызды білдірейік.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Әңгімелесу.
-Балалар, бүгін біз отбасы туралы айтатын боламыз.
- Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасында жарқын, жақсы күдер көбірек бол у үшін кімдер жауапты: үлкендер ме, балалар ма?
-Отбасы бақытты болу үшін не қажет?
ІІІ. «Отбасы ағашы»
Мынау отбасы ағашы. Ағаштың несі болады? (діні, бұтақтары, жапырақтары, жемістері) Ата-әже, ата-аналарыңды , өздеріңді осы ағаштың несімен теңестіресіздер?
Діні- ата-әжесі, бұтақтары – ата-ана, туыстары, жемістері- сендерсіңдер. Отасы бақытты болу үшін қандай қасиеттер керек? Соны жемістерге, яғни алмаларға жазасыңдар. (Достық, тыныштық, махаббат, түсінушілік, сыйластық, мейірімділік, жауапкершілік, ынтымақ, сүйіспеншілік)
«Отбасы ағашына» жемістеріді іледі.
Отбасы жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке де, байлық та болады.
ІY. Тыныштық сәті.
(Жайлы әуен қосылып тұрады.)
Балалар денелеріңді түзу ұстап, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыңыстаңдар. Денелеріңді бос ұстаңдар. Көздеріңді жұмып, көз алдарыңа елестетіңдер.
Сендер ата-аналарыңмен бірге тамаша алаңқайда жүрсіңдер. Айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатыр. Сендер отбасыиен бірге бақытты сәттерді бастарыңнан өткізіп жатырсыңдар. Көңіл-күйлерің өте жақсы, сендер күліп, тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыңдар. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толы. Сендер ерекше балаларсыңдар. Ерекшеліктерің сондай, қолдарыңнан барлығы келеді. Әсіресе отбасына, бір-біріңе қолдау көрсетіп, жақсылық жасай біліңдер. Бақытты болыңдар.
V. Ойын
Қазір біз сендермен қызықты ойын ойнаймыз. Ойын «Сенемін - сенбеймін» деп аталады. Мен сендерге бір оқиға айтамын, егер сендер сенсеңдер, «сенемін» деп қол шапалақтайсыңдар, сенбесеңдер, «сенбеймін» деа аяқтарымен топылдатасыңдар.
-Далада қыс мезгілі.
- Піл аспанда ұшып жүр.
- Мен мектепке барамын.
-Мен ата-анамды жақсы көремін.
-Балық орманда жүр.
-Мен бақытты баламын.
VІ. «Бақытты отбасы» бейнесі.
Бақытты отбасы портретін салу.
VІІ. «Менің шаңырағым»
Оқушылар алдындағы сурет, сөздерден «Менің шаңырағым» атты коллаж құрастырады.
Мен өз шаңырағымның қандай болуын қалаймын?
Негатив жиналған парақты жырту, өз өмірінде бұндай жағымсыз жағдайларды болдырмауға уәде беріп, қоқысқа тастайды.
VІІІ. «Жүректен жүрекке»
Мына жіпті бір-бірімізге лақтырып, отбасымызға тілек айтамыз.
СҮЙІСПЕНШІЛІК
МАХАББАТ
БАУЫРМАЛДЫҚ
ЫНТЫМАҚ
СЫЙЛАСТЫҚ
БІРЛІК
ҚАМҚОРЛЫҚ
АШУ ЫЗА
РЕНІШ
ҰРЫС-КЕРІС