Сабақтың тақырыбы: Теңдеу шығару
Сабақтың мақсаты: Теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып, шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ауызша және жазбаша орындауға арналған дидактикалық құралдар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, топпен жұмыс, өз бетінше жұмыстану.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Қане, біздер ойнайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
5 есеп .
-Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?(тіктөртбұрыш)
-Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)
Периметрді қалай табамыз? (барлық қабырғаларының қосындысы)
Оқулықпен жұмыс:
1- тапсырма.
15+9+3=
(35+23)+14=
48+(45-30)=
70-(5+6) =
80-(13+9) =
III. Жаңа сабақ.
Теңдеу шешу. Қарапайым теңдеу, күрделі теңдеу.
2. Сурет бойынша есептер құрастыр.
15+9+х=30
24+х=30
х=30-24
х=6
15+9+6=30
30=30
Тура теңдік шықты ма?
Берілген теңдіктерді тура санда теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу керек болса онда теңдіктерді теңдеу деп атауға болады.
Теңдеу дегеніміз –құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.
№3-теңдеулерді шеш.
35+23+х=100 (30-15)+у=80 х-(23+17) =60
58+х=100 15+у=80 х-40=60
х=100-58 у=80-15 х=60+40
х=42 у=65 х=100
35+23+42=100 (30-15)+65=80 100-(23+17) =60
100=100 80=80 60=60
а+(45-30) =75 70-а=8+9+2 х-12=50-(15+5)
а+15=75 70-а=19 х+12=30
а=75-15 а=70-19 х=30-12
а=60 а=51 х=18
60+(45-30) =75 70-51=19 18+12=50-(15+5)
75=75 19=19 30=30
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім ,
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі басқарған.
№4 Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.
Тақтаға орындау.
46+44= 50-17=
57+29= 90-65=
50-38= 57+18=
98-35= 37+19=
100-89= 70+19=
70-63= 17+9=
№5 Теңдеу құрастырып, есептерді шығар
а)Сым темір-56м
Қиып алды-х
Қалды-14м
Шешуі: 56-х=14
х=56-14
х=42
56-42=14
Жауабы: 14м сым темір қиып алынды.
ә) Қиып алды-19м
Қалды-?м
Болғаны-х
Шешуі: х-19=19
х=19+19
х=38
38-19=19
Жауабы: 19м сым болған
Сабақты бекіту:
1.Теңдеу дегеніміз не?
2. Теңдеу нешеге бөлінеді?
Қорытынды: -Сабақ түсінікті болдыма?
-Үйге тапсырма алайық.
Үйге тапсырма: №6,№7 143 бет
Бағалау.