Сабақ жоспары: Тіл дамыту Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі (0-ә сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тіл дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі.

Сабақтың мақсаты:

1урет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету.

2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту.

3.Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Балалар өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.

- Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

- Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!

- Менің балабақшам күлкіге, сәбиге толы болсын!

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Тақпақ айту.

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайық,

Келе ғой дос ойнайық.

Қ.Мырза Али

III. Жаңа сабақ.

[pic]

Бұл балалар ойыншықтар. Сендер ойыншықпен ойнағанды ұнатасындар ма? Сендерге қандай ойыншық ұнайды? Әліппе -дәптердің 14 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

IV.Сергіту сәті:

Бала, бала баламыз, бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз,

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз

(Қимылмен көрсету)

V. Бекіту.

Cұрақ- жауап арқылы.

VI. Қорытындылау:

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір босын

Аман сау болайық.

Бағалау.